Қазақстандағы Covid-19 статистикасы:

Жұқтырғандар: 12511

Жазылғандар: 7135

Көз жұмғандар: 53

Коронавирус Қазақстанда: 5 сәуір хронологиясы. 6 адам жазылып, 53 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

5 апреля 2020, 22:18
Коронавирус Қазақстанда: 5 сәуір хронологиясы. 6 адам жазылып, 53 адамның вирус жұқтырғаны анықталды - Informburo.kz

Informburo.kz фотосы

Іnformburo.kz жиырма төртінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 23 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 5 сәуір қорытындысы:

Вирус жұқтырғандар – 584.

  • Нұр-Сұлтан – 219;
  • Алматы – 116;
  • Қызылорда облысы – 37;
  • Жамбыл облысы – 28;
  • Қарағанды облысы – 32;
  • Түркістан облысы – 29;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
  • Атырау облысы – 24;
  • Ақмола облысы – 23;
  • Шымкент – 13;
  • Алматы облысы – 10;
  • Ақтөбе облысы – 11;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5;
  • Маңғыстау облысы – 3;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2;
  • Павлодар облысы – 1;
  • Қостанай облысы – 1.

Жазылғандардың жалпы саны – 42.

Көз жұмғандар – 6.

22.12 – 7 сəуiрден бастап Тараз қаласына да карантин енгiзiледi, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

22.05 – Қазақстанда Covid-19 жұқтырған тағы 15 адам тiркелдi:

  • Атырау облысында – 6;
  • Қызылорда облысында – 6 адам;
  • Алматыда –1;
  • Ақтөбе облысында – 1 адам;
  • Қарағанды облысында – 1 адам.

Жалпы саны 584 науқас тіркелді.




Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі жағдайында қорқынышты қалай жеңуге болады? Психоаналитик кеңесі


19.53 – Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 6 адам емделіп шықты.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 42-ге жетті.

18.01 7 сәуірден бастап Қарағанды облысында карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлады облыстың бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров.

17.42 – 6 сәуірде BALAPAN телеарнасында қазақ тілінде өтетін бейнесабақтар кестесі:




Оқи отырыңыз: Ертең мектеп оқушылары қашықтан оқуды бастайды. Ата-аналар не білуі тиіс?


14.59 – Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырып, қайтыс болған науқас туралы мәлімет таратты. 1964 жылғы азамат автомобильмен халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын жүргізуші болып жұмыс істеген.

Ресейден Алматыға келе жатқан жолда дене қызуы көтеріліп, 3 сәуір күні Шымкенттегі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы қатты нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Айта кетерлігі, науқас бұған дейін туберкулез, қант диабеті және артериалды гипертониямен ауырған екен. Жол бойы науқастың жанында болған ұлы қазіргі уақытта стационарлық карантинде жатыр.

14.05 – Қазақстанда Covid-19 жұқтырған тағы 18 адам тiркелдi:

  • Алматыда – 5 адам;
  • Қарағанды облысында – 4 адам;
  • Түркістан облысында – 4 адам;
  • Ақмола облысында – 3 адам;
  • Атырау облысында – 1;
  • Қызылорда облысында – 1 адам.

Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша жалпы саны 569 науқас тіркелді.

12.36 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов министрлік Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасын салуға ұсыныс жасағанын хабарлады. Ауруханалар 15-20 күн ішінде салынып бітеді деп жоспарланып отыр.




Оқи отырыңыз: Індет пен міндет. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің түсіндірмесі


12.05 Шымкентте Covid-19 жұқтырған 1964 жылғы азамат көз жұмды.

11.17 Жамбыл облысында карантин шарттары күшейтілді деп хабарлады, мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Өңірде қазірге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 адам анықталды. Бір тәулік ішінде 17 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олардың барлығы сырттан әкелінген және байланыста болған адамдардан тараған. Науқастар жабық жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды.
Қордай ауданының аумағында 6 сәуірден бастап ерекше шарттармен карантин режимі жарияланады. Қордай ауданында 3 инфекция жұқтырған адам тіркелген, олардың екеуі карантиндік стационарда анықталған, біреуі "Қостанай ‒ Алматы" пойызымен келген.


Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап


11.03 – Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 2 адамның біреуі 2015 жылы туған сәби екені мәлім болды. Оған вирус анасынан жұққан. Сәбидің анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында пойызбен жол жүргенде жанындағы жолаушы әйелмен жақын байланыста болған екен.

"Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдап жатыр" деп хабарлайды Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы.
Қазірге дейін өңірде 25 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.

  • Жетісай – 13;
  • Кентау – 2;
  • Арыс – 2;
  • Ордабасы – 1;
  • Сарыағаш – 1;
  • Мақтаарал – 4;
  • Сайрам – 2.

10.20 – Жамбыл облысының әкімдігі бүгін тіркелген коронавирус жұқтырған 17 адамның төртеуі 3 сәуір күні Үндістаннан Таразға ұшып келген рейстің жолаушылары деп хабарлады.

Әкімдік мәлімдемесінде "жолаушылар ұшып келген бойда бірден стационарға жатқызылды. Зертханадағы тексеру нәтижесіне сәйкес, Сovid-19 вирусын 1984, 1996, 1998, 2000 жылғы азаматтар жұқтырғаны анықталды" делінген. Вирус жұқтырғандар қатарында жүк көлігінің жүргізушілері бар. Олардың:

  • алтауы – Қазақстан;
  • төртеуі – Қырғызстан азаматтары.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі


09.20 Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, коронавирус жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi. Олардың ішінде:

  • Жамбыл облысында – 17 адам;
  • Түркістан облысында – 2 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 1 адам.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 551.



Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.


Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Facebook | Instagram | Telegram

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter