Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 5 мамыр хронологиясы. 106 адам жазылып, 156 науқас тіркелді

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Іnformburo.kz елу төртінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 53 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

22.50. Коронавирус жұқтырғандар саны – 4 205

  • Алматы – 1 372;
  • Нұр-Сұлтан – 732;
  • Қызылорда облысы – 217;
  • Шымкент – 216;
  • Атырау облысы – 209;
  • Батыс Қазақстан облысы – 199;
  • Қарағанды облысы – 169;
  • Ақтөбе облысы – 163;
  • Алматы облысы – 163;
  • Жамбыл облысы – 160;
  • Түркістан облысы – 155;
  • Павлодар облысы – 152;
  • Ақмола облысы – 101;
  • Маңғыстау облысы – 85;
  • Қостанай облысы – 53;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 30;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30.

Жазылғандардың жалпы саны – 1 279.

Көз жұмғандар – 29.

23.30 – Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды.
(05.05.2020 ж. сағат 22:50-дегі мәлімет бойынша)
Вирусты жұқтырған адамдар Іле ауданында анықталған. Барлығы бұған дейін коронавирус инфекциясы табылған адамдармен байланыста болғаны үшін бақылауға алынған. ПТР-талдау қорытындысымен оларға COVID-19 диагнозы қойылды.
Осыған дейін оқшауланған азаматтар қазіргі таңда жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Олармен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталып жатыр, кейін оқшауланып, коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін зертханалық талдау жасалады. Осы жағдайларға қатысты эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
05.05.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында коронавирусты жұқтырған 163 адам тіркелген.

23.16 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.
(05.05.2020 ж. сағат 22:50-дегі мәлімет бойынша)
Теміртау қаласында 1967 жылғы ер адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Ол қауіптілігі жоғары топтағы азаматтарды тексеру барысында анықталды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
2020 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 168 адам анықталды, оның ішінде 3 адам көз жұмған, 79 науқас жазылып шыққан.

Оқи отырыңыз: "Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады". Президент сұхбатындағы 11 өзекті мәселе

22.50 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 26 адам тіркелді, оның ішінде:

  • Алматы – 16;
  • Қызылорда облысы – 1;
  • Алматы облысы – 3;
  • Атырау облысы – 3;
  • Жамбыл облысы – 1;
  • Қарағанды облысы – 1;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 205 адам анықталды.



21.55 – Қазақстанда Covid-19 вирусын жұқтырған 5 науқас жансақтау бөлімінен тұрақты палатаға ауыстырылды:

  • Нұр-Сұлтанда ‒ 2 адам;
  • Алматыда ‒ 1 адам;
  • Атырау облысында ‒ 1 адам;
  • Қызылорда облысында ‒ 1 адам.

Қазақстанда барлығы 69 емделуші жансақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырылды.

Оқи отырыңыз: Мектепте тарих пәнін медицина тарихын оқытудан бастау керек

20.40 – Қазақстанда тағы 15 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 3;
  • Алматыда – 8;
  • Жамбыл облысында – 3;
  • Маңғыстау облысында – 1.

Елімізде барлығы 1 279 адам Covid-19-дан емделіп, сауығып шықты.




19.06 – Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы ақпарат:

(05.05.2020 жылғы сағат 17:30-дағы мәлімет бойынша)
Вирус жұқтырған адам 1987 жылғы әйел, өзіне дейін вирусты жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 216 адам анықталған.

17.30 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 19 адам тіркелді, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан – 4;
  • Алматы – 3;
  • Шымкент – 1;
  • Қарағанды облысы – 6;
  • Түркістан облысы – 1;
  • Жамбыл облысы – 1;
  • Алматы облысы – 3.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 179 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық 4 есе көбейген. Агрессорларды ашудан арылтудың жолы бар ма?

16.16 – Qazaq Air әуе компаниясы 6-10 мамыр аралығындағы рейстердің төмендетілген тарифін ұсынды:

  • Нұр-Сұлтан – Алматы – 17 440 теңге;
  • Алматы – Нұр-Сұлтан – 17 397 теңге;
  • Нұр-Сұлтан – Семей – 17 980 теңге;
  • Семей – Нұр-Сұлтан – 17 655 теңге;
  • Нұр-Сұлтан – Өскемен – 17 540 теңге;
  • Өскемен – Нұр-Сұлтан – 18 052 теңге;
  • Нұр-Сұлтан – Қызылорда – 16 540 теңге;
  • Қызылорда – Нұр-Сұлтан – 16 558 теңге.

16.25 – Қазақстанда тағы 57 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 16;
  • Шымкентте – 7;
  • Қостанай облысында – 4;
  • Ақтөбе облысында – 5;
  • Батыс Қазақстан облысында – 4;
  • Ақмола облысында – 10;
  • Атырау облысында – 2;
  • Алматы облысында – 9.

Елімізде барлығы 1 264 адам Covid-19-дан емделіп, сауығып шықты.

16.01 – Қазақстан меценаттары коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күресте үлес қосып жүр.
Болат Өтемұратов қоры Денсаулық сақтау министрлігіне құны $4 млн тұратын екі модульдік зертхананы тегін береді. COVID-19-ды анықтауға арналған мобильді ПТР-кешендерінің бірегейлігі — оларды қажет болған жағдайда басқа қалаларға тасымалдауға және орнатуға болады. Модульдік зертханалар инфекцияны тез әрі тиімді анықтауға арналған, бұл вирусты жұқтыру ошақтарын жедел анықтауға және коронавирустың таралуын шектеуге мүмкіндік береді.
"Болат Өтемұратов қорының қолдауының арқасында эпидемия енді таралып бастап жатқан кезде елімізге COVID-19-ды анықтауға арналған экспресс-тесттер жеткізілді. Олар қазіргі таңда вирусты жұқтырған және жазылып шыққан адамдарды тексеру кезінде белсенді түрде қолданылып келеді. Бұл аса елеулі көмекке біз өте ризамыз! Дегенмен, мәселе әлі де шешілмей тұр, қазіргі кезеңде жаңа зертханаларды қысқа мерзімде құрып, жұмыс істеп тұрғандарын қажетті жабдықтармен, тестілермен және шығыс материалдарымен жарақтандыра отырып, диагностикалық қызметті күшейту қажет", — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Экспресс-зертхананың модульдік кешенін 24 сағат ішінде орнатуға болады. Әрбір зертхана күніне 1000-ға дейін талдау жүргізе алады, тест нәтижесі үш сағат ішінде дайындалады. Вирусологтар ол орнатылғаннан кейін бірден жұмысты бастауы үшін Болат Өтемұратов қоры 60 мың тест жүргізуге қажетті реагенттердің жиынтығын сатып алды. Анализ тегін жүргізіледі.
Бұған дейін Болат Өтемұратов қоры медиктерге 200 млн теңге көлемінде 94 мың экспресс-тест жеткізді. Сонымен қатар бизнесмен Тұңғыш Президент ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Вirgemiz қоғамдық қорына коронавирусқа қарсы тұру және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау үшін $1 млн аударды.
"Денсаулық сақтау министрлігі мен қазақстандық медицина мамандары ұлт денсаулығы үшін күресте алдыңғы қатарда еңбек етіп келеді. Дәрігерлердің, медбикелер мен санитарлардың күнделікті, өмірге қауіпі бар жағдайдағы қажырлы еңбектерінде көрсеткен табандылығы үшін шынайы ризашылығымды, таңданысымды білдіремін. Біз өз тарапымыздан дәрігерлерге індетке қарсы күресте оларға әлемдегі ең жақсы технологияларды ұсына отырып, көмектесуді жалғастырамыз", — деді қордың негізін қалаушы, бизнесмен және меценат Болат Өтемұратов.

Оқи отырыңыз: Пандемиядан шығудың үш сценариі. АҚШ пен Батыс Еуропа қай жолды таңдады?

15.09 – Мемлекет көктемгі егіс жұмыстарын табысты аяқтау үшін Қазақстан фермерлерін қаржыландырады.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 млрд теңге бөлуді тапсырды. Екі жарым мыңға жуық фермер "Кең дала" бағдарламасы бойынша қолдауға ие болды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге несиелер жылдық 5 пайыздан беріледі. Оларды 2 405 фермер алды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикалық бюджеттен егіс жұмыстары алдында фермерлердің айналым қаражатын толықтыру үшін өткен жылғыдан 10 млрд теңгеге артық қаржы бөлінді.
Сондай-ақ Президент тапсырмасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 100 млрд теңге көлемінде қосымша көмек "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасында қарастырылған. Ол бойынша жылдық 6 пайызбен өтінім қабылдау басталды.

13.00 – Қазақстанда тағы 34 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

  • Нұр-Сұлтанда – 1;
  • Алматыда – 22;
  • Шымкентте – 3;
  • Қостанай облысында – 3;
  • Батыс Қазақстан облысында – 1;
  • Қарағанды облысында – 2;
  • Қызылорда облысында – 2.

Елімізде барлығы 1 207 адам Covid-19-дан емделіп, сауығып шықты.



12.50 – Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді.
(05.05.2020 ж. сағат 12:15-тегі мәлімет бойынша)
Covid-19 Екібастұз қаласының екі тұрғынынан табылды. Олар 1968, 1970 жылдары туған ер адамдар. Екі жағдайда да өздеріне дейін КВИ тіркелген адаммен қарым-қатынаста болған. Олармен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
Бүгінгі сағат 12:15-тегі жағдайға сәйкес, Павлодар облысында короновирус инфекциясын жұқтырған 152 адам тіркелген.

Оқи отырыңыз: Пандемия және Қазақстандағы эпидемия дедлайны. Сингапур ғалымдарының болжамы қандай?

12.36 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді.
(05.05.2020 ж. сағат 12:15-тегі мәлімет бойынша)
Қарағанды қаласында вирусты жұқтырған 1 адам тіркелді, ол - 1991 жылғы ер адам. Осыған дейін карантинге жатқызылған болатын. 05.05.2020 ж. күнгі ПТР талдау нәтижелері бұл азаматтың Covid-19 жұқтырғанын көрсетті. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Сонымен қатар Шахтинск қаласында 1 адам тіркелді, ол 1972 жылғы әйел адам. Ол да бұған дейін карантинге жатқызылған болатын. 05.05.2020 күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша Covid-19 диагнозы қойылды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
2020 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша облыста инфекцияны 161 адам жұқтырған, оның ішінде 3 адам көз жұмған, 77 науқас жазылып шыққан.

12.15 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 39 адам тіркелді, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан – 5;
  • Алматы – 18;
  • Қостанай облысы – 3;
  • Атырау облысы – 4;
  • Павлодар облысы – 2;
  • Қарағанды облысы – 2;
  • Алматы облысы – 1;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Ақтөбе облысы – 3.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 160 адам анықталды.

11.01 – Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді.
(05.05.2020 ж. сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша)
Вирусты жұқтырған 2 адам да Қызылорда қаласының тұрғындары, 1993 және 1981 жылғы әйел адамдар. Олардың біреуі қауіптілік топтарын скринингтік тексеру кезінде анықталды. Екінші жағдай бойынша ПТР сынамалары ЖРВИ симптомдарының болуына байланысты алынған. Диагностикалық зерттеу қорытындысы екеуінің де коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар атқарылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

05.05.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 216 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны – 138, ем қабылдап жатқандар саны – 78.

Оқи отырыңыз: "Көмек, қолдау сұрауға арланбаңыз". Дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес. ІІ бөлім

10.21 – Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 азамат туралы ақпарат:
(05.05.2020 ж. сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша)
Covid-19 инфекциясы вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды зерттеу барысында Арыс қаласының 1963, 1970, 1977, 1982, 2006, 2017, 2013 жылғы тұрғындарынан және 1992 жылғы 2 азаматшадан анықталып, тіркелді. Сондай ақ, Ордабасы ауданының 1994 жылғы және 2015 жылғы тұрғындарының сынамасы да олардың коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.
Қазіргі таңда, науқастардың барлығы оқшауланып, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар медициналық бақылауға алынуда. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
05.05.2020 ж. таңдағы мәлімет бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 154-ке жетті.

10.00 – Коронавирус жұқтырған 72 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 17;
  • Алматы – 17;
  • Түркістан облысы – 11;
  • Маңғыстау облысы – 10;
  • Атырау облысы – 9;
  • Батыс Қазақстан облысы – 4;
  • Қызылорда облысы – 2;
  • Шымкент – 2.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 4 121 адам анықталды.



Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406
Серіктестер жаңалықтары