Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 29 сәуір хронологиясы. 45 адам жазылып, 111 науқас тіркелді

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Іnformburo.kz қырық сегізінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 47 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

22.25. Коронавирус жұқтырғандар саны – 3 138

  • Алматы – 937;
  • Нұр-Сұлтан – 621;
  • Шымкент – 189;
  • Қызылорда облысы – 187;
  • Қарағанды облысы – 142;
  • Батыс Қазақстан облысы – 138;
  • Атырау облысы – 135;
  • Павлодар облысы – 127;
  • Түркістан облысы – 124;
  • Алматы облысы – 122;
  • Жамбыл облысы – 116;
  • Ақмола облысы – 98;
  • Ақтөбе облысы – 65;
  • Қостанай облысы – 45;
  • Маңғыстау облысы – 45;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17.

Жазылғандардың жалпы саны – 819.

Көз жұмғандар – 25.

22.31 – Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат:
Covid-19 вирусын Екібастұз қаласының 3 тұрғыны жұқтырған. Олар – 1980 жылғы әйел адам және оның 2011, 2006 жылғы балалары. Өздеріне дейін вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Науқастар облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Сонымен қатар, Екібастұздағы отбасының туысы – 1992 жылғы Павлодар қаласының тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылды. Вирусты жұқтырған келесі адам 1966 жылғы Екібастұз қаласының тұрғыны, ол да өзіне дейін коронавирусты жұқтырған адаммен байланыс жасаған. Тұрғылықты жері, жұмыс орны бойынша қарым-қатынас жасаған адамдар ортасын анықтау жұмыстары, ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

22.25 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді, оның ішінде:

  • Батыс Қазақстан облысында – 8,
  • Алматыда – 11,
  • Нұр-Сұлтанда – 5,
  • Павлодар облысында – 5,
  • Атырау облысында – 4.


Қазірге дейін жалпы саны 3 138 науқас тіркелді.



22.10 – Қазақстанда тағы 21 адам коронавирустан емделіп шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 1,
  • Алматы – 3,
  • Алматы облысы – 2,
  • Павлодар облысы – 2,
  • Шымкент қаласы – 1,
  • Ақмола облысы – 1,
  • Қызылорда облысы – 1,
  • Түркістан облысы – 9,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1.


Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 819.

19.06 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам туралы ақпарат:
Вирусты жұқтырғандар 30 жастағы ер адам, 10 айлық және 3 жасар ұл балалар. Олар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Бұған дейін коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, карантинге жатқызылған.

18.55 – Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен өзге де аурулардан болатын өлім-жітімнің жеке статистикасы жүргізіледі.
Егер науқастар инсульттан немесе басқа да ауыр аурулардан қайтыс болса, алайда оған қоса Covid-19 вирусы анықталса, онда бұл жағдай коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім статистикасына тіркелмейді. Қазіргі уақытта елімізде осындай 25 жағдай анықталды. Науқас өлімінің әрбір фактісі жеке зерттеледі және барлық факторлар ескерілгеннен кейін шешім шығарылады.

18.48 – Қазақстанда қазіргі уақытта Covid-19 вирусының ағзада бар-жоғын анықтауға тәулігіне 16 мың зерттеу жүргізіледі.
Ең алдымен медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және коронавирус инфекциясы пандемиясының таралуымен күресіп жүрген басқа да азаматтар тексеріледі. Сонымен қатар ауыр созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер қаралады.
Биылғы мамыр айының соңына дейін зерттеу жұмыстарын тәулігіне 25 мыңға дейін арттыру және Қазақстан бойынша тағы да 30 зертхана ашу көзделген. Басты мақсат – инфекцияның жасырын таралу ошақтарын анықтау.

30 сәуірде қазақ тілінде өтетін 1-11 сыныптарға арналған BALAPAN телеарнасындағы бейнесабақтар кестесі



18.01 – 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді:

  • аумағы 500 шаршы метрге дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);
  • фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
  • шаштараздар (жазылу бойынша);
  • медицина орталықтары (жазылу бойынша);
  • стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);
  • жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
  • шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Cонымен қатар, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.
4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады.



17.35 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтанда – 4;
  • Шымкентте – 5;
  • Маңғыстау облысында – 1;
  • Қарағанды облысында – 3;
  • Алматы облысында – 8;
  • Жамбыл облысында – 3;
  • Батыс Қазақстан облысында – 3.


Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 105 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: "Көмек, қолдау сұрауға арланбаңыз". Дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес. ІІ бөлім

Мемлекеттік комиссия Қазақстанда биылғы 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін қызмет түрлерінің тізімін бекітті.



17.00 – Қазақстан Республикасында тағы 24 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтанда – 4,
Шымкентте – 2,
Қарағанды облысында – 11,
Қызылорда облысында – 3,
Ақмола облысында – 3,
Маңғыстау облысында – 1.

Елімізде барлығы 798 адам Covid-19 вирусынан емделіп, сауығып шықты.

16.43 – Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезінде қазақстандықтарды президенттік қолдау шаралары жүзеге асырылып жатыр

1,6 миллионнан астам азамат несие қарыздары бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырды. Олардың 300 мыңға жуығы — халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарының өкілдері.
Бүгінге дейін банктер мен шағын несие ұйымдарына қазақстандықтардан қарыз және несие төлеуді уақытша тоқтатуға 1,8 млн-ға жуық өтінім келіп түсті.
Өтініштердің 90% орындалды, қалғандары қарастырылып жатыр. Сонымен қатар 13 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі несие төлемдерін кейінге қалдыру үшін жүгінді. 138,8 млрд теңге сомасына 11 561 шағын және орта бизнес субъектісінің өтінімі мақұлданды.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге: екінші айдың әлеуметтік төлемі қашан беріледі?

14.20 – 2020 жылы 29 сәуір күнгі сағат 12:50-де Алматы қаласында үш оқиға тіркелген болатын. Алайда техникалық ақауға байланысты, бір жағдай туралы ақпарат екі рет қайталанып кеткен. Осыған байланысты Алматы қаласында анықталған КВИ диагнозы - 926, ал Қазақстан бойынша 3078 науқас тіркелгенін хабарлаймыз.

14.06 Қазақстан азаматтарына төтенше жағдай режимі кезінде әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды пайдалануға рұқсат етіледі.
Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жеке куәліктер мен жүргізуші куәліктері елімізде төтенше жағдай режимі әрекет етіп тұрған кезеңде жарамды болады. Мәжілістің жалпы отырысында қаралған төтенше жағдай мәселелері жөніндегі заң жобасына тиісті түзетулер енгізілді.
Сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде азаматтарға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігі үшін айыппұл салынбайды.

12.50 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 16 адам тіркелді, оның ішінде Алматыда – 3, Шымкентте – 2, Алматы облысында – 1, Маңғыстау облысында – 10.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 079 адам анықталды.



Оқи отырыңыз: Пандемия және Қазақстандағы эпидемия дедлайны. Сингапур ғалымдарының болжамы қандай?

Бүгін кешкі 21.00-де "Карантиндегі жұлдыз" жобасының аясында қазақстандық әнші, музыкант Батырхан Шөкеновті еске алу кеші өтеді.Онлайн-концертте әншінің репертуарындағы танымал әндерді оның өнердегі әріптестері Роза Рымбаева, Сағынай Абдуллин, Наджиб Вильданов, Рүстем Нұржігіт, Диная, Әли Окапов, Сырымтай Еңсеповтер орындайды.



12.08 – Пайдаланылған ЖҚҚ-ны алдымен полиэтилен пакетке салып, қоқыс тастауға арнайы бөлінген орындарға лақтыру қажет.
Далада масканы лақтырған адам "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" туралы ережелерді бұзады, бұл жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады және 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

10.52 – Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы ақпарат:
Коронавирус инфекциясы табылған адам 1959 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Шет елден келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үй карантинінде болған. Дене қызуының көтерілуіне байланысты медициналық қызметкерге қаралып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Оқи отырыңыз: 1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе байланысы ашылады. Жолаушылар нені білуі керек?

10.42 – Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы ақпарат:
Қостанай қаласында 1968 жылғы, Беларусь Республикасының азаматы ауруханаға жатқызылды. Ол халықаралық жүк тасымалдау көлігінің жүргізушісі, Польша ‒ Қазақстан бағыты бойынша Қостанай қаласына келген.
Ресей Федерациясының шекарасын өткен кезде, "Қайрақ" автоөткелінде байланыссыз термометрия әдісімен тексерілді, дене қызуы қалыпты болған. Жүк түсіру орнына жеткенде ер адам әлсіздікті, денсаулығының нашарлауын сезініп, жедел жәрдем шақыртып, Тобыл қ. провизорлық госпитальіне жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеуінің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды.
Қостанай облысы аумағында жүргенде, сондай-ақ жүкті түсірген кезде жергілікті тұрғындармен байланыспаған.
Сондай-ақ, Жітіқара қаласында 1978 жылғы ер адамда ПТР зерттеулері оның коронавирусты жұқтырғанын көрсеткен. Ер адам өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған. Провизорлық госпитальден Жітіқара ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Екі жағдайда да бекітілген хаттамаға сәйкес ем шаралары қабылдануда. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

10.32 – Қостанай облысы тұрғындарының үй карантині режимін сақтауы олардың смартфондары арқылы қадағаланады.
Үй карантинінде отыруға тиісті азаматтарды енді "Смарт Қостанай" мобильді қосымшасы арқылы қадағалайды. Оның көмегімен мамандар карантин кезінде адамның қайда жүргенін ғана емес, оның жеке мәліметтерін де көреді. Сондай-ақ, карантин режимін сақтауға міндетті адам бұл қосымшаны орнатудан бас тарта алмайды.
Осы мақсатта үй карантиніндегі азаматтарға қашықтан бақылау жасайтын арнайы мониторинг орталығы құрылды. Ол Қостанай медициналық колледжінің базасында ашылған. Бұл жерде мамандар карантиндегі адамның қайда және сағат нешеде барғанын қадағалайды. Ақпарат әр 20 минут сайын жаңартылады.

09.10 – Коронавирус жұқтырған тағы 36 адам тіркелді:

  • Павлодар облысы – 2;
  • Жамбыл облысы – 2;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 7;
  • Шымкент – 6;
  • Атырау облысы – 3;
  • Алматы – 5;
  • Маңғыстау облысы – 2;
  • Түркістан облысы – 3;
  • Қостанай облысы – 2;
  • Ақмола облысы – 3.


Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406
Серіктестер жаңалықтары