Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 15 мамыр оқиғалары. Дәрігер өлімі және студенттерге берілген жеңілдіктер

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 2 адам көз жұмды. 118 адам вирус жұқтырғаны анықталып, 176 науқас емделіп шықты.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 63 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

15 мамыр. Коронавирус жұқтырғандар саны – 5 689

  • Алматы – 1 689;
  • Нұр-Сұлтан – 1 153;
  • Атырау облысы – 474;
  • Батыс Қазақстан облысы – 279;
  • Шымкент – 255;
  • Қызылорда облысы – 232;
  • Ақтөбе облысы – 213;
  • Қарағанды облысы – 212;
  • Жамбыл облысы – 201;
  • Түркістан облысы – 196;
  • Алматы облысы – 191;
  • Павлодар облысы – 155;
  • Маңғыстау облысы – 141;
  • Ақмола облысы – 114;
  • Қостанай облысы – 72;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 56;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 36.

Жазылғандардың жалпы саны – 2 707.

Көз жұмғандар – 34.

Екі адам коронавирустан көз жұмды

14 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтанда коронавирус кесірінен 1958 жылғы әйел мен 1977 жылығы ер адам қайтыс болды. Науқастар республикалық реанимация орталығының жан сақтау бөлімінде диагностикалау мен емдеудің барлық қажетті процедураларынан өтті. Жетекші мамандармен кеңес бірнеше рет өткізілген. Қарқынды терапия мен реанимациялық шараларға қарамастан науқастар қайтыс болды.

62 жастағы әйел өз-өзін емдеп, 10 күн бойы үйінде ауырып жатқан. Оның жағдайы 31 наурызда күрт нашарлайды. Марқұм – дәрігер.

1977 жылғы тұрғын отбасында коронавирус жұқтырған туысымен тығыз байланыста болған. Төрт күн үйде карантинде болды. Жағдайы күрт нашарлағандықтан 17 сәуірде ол жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. 22 сәуір жан сақтау бөліміне жатқызылды. Соңғы екі жылда науқас басқа аурулармен де ауырған.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Алматының алғашқы күні. Фоторепортаж

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс режиміне көшті

Нұр-Сұлтанда карантиннен кейін автобустардың жүру кестесі қалпына келтірілді. 15 мамырдан бастап автобустар 6.00-ден 22.00-ге дейін жүреді. 12 мамыр күні қоғамдық көлік қозғалысы қайта басталған күні жолаушылар ағыны 146 907 адамды құрады, 14 мамырда 226 000 адамға жетті.

Санитарлық-карантиндік режим талаптары күшін жойған жоқ, әлі де қорғаныш маскаларын киіп, қашықтықты сақтау міндеттеледі.

Ал Семейде қоғамдық көлікке санитарлық нормалар сақталған жағдайда ғана мінуге болады. Жолаушыларға қойылатын талаптар: әрбір жолаушы арасындағы қашықтық – 1 метр, міндетті түрде маска киюкерек. Санитарлық шаралардың сақталуын жүргізушілер мен кондукторлар қадағалайды.

Павлодарға қонған эвакуациялық рейс жолаушыларынан Covid-19 табылмады

Токио ‒ Сеул ‒ Павлодар эвакуациялық рейсімен ұшып келген 156 қазақстандықтың коронавирус жұқтырмағаны белгілі болды. Токиодан ұшар алдында азаматтар термометриядан өткен, елге оралған кезде оларды арнайы қорғаныс костюмін киген эпидемиологтар, медицина қызметкерлері мен барлық қажетті қызмет мамандары қарсы алды. Олардан сауалнама алынып, термометрия жүргізілді. Әрбіріне қорғаныс маскалары берілді. Жүк пен әуе кемесі арнайы дезинфекциялық өңдеуден өтті.

Оқи отырыңыз: Карантиннен кейін АҚШ-тың бизнес саласы қалай өзгереді? Сараптама

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру төмендеген

Мамырда Нұр-Сұлтандағы коронавирус инфекциясы өсімінің орташа мәні 4,4% құрап, 20,5% төмендеді. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың сөзінше, 20-30 сәуірде вирус жұқтыру – 5,3% өсімді, мамыр айының екі аптасында орташа өсім 4,4% құрады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына Елжан Біртанов қатысады

18-19 мамырда өтетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында коронавирусқа қарсы күрес және осы инфекцияға қарсы вакцина әзірлеу мәселесі қаралады. Ассамблея қарсаңында әлемнің 140-тан астам көшбасшысы, сарапшысы ашық хатқа қол қойды. Онда олар Covid-19 вакциналары, диагностикалық препараттары, тестілері мен емдеу тәсілдері кез келген адамға және барлық жерде ақысыз қамтамасыз етілуіне кепілдік беруге шақырды. Биыл 73-World Health Assembly конференциясы коронавирус пандемиясына байланысты виртуалды түрде өтеді.

18 мамырда мешіттер ашылады

Карантинге байланысты және коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан мешіттері түнгі уақытта жабық болады. Мешіттер 7.00-20.00 аралығнда ашық болады. Сондықтан 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні – Қадір түнін әрбір діндар адам дұға оқып, өз үйінде қарсы алуы керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Мешіттер 18 мамырда ашылады. Намаз оқу, құран оқыту және неке қидыруға қандай талаптар

18 мамырдан бастап діндарлар мен Құран оқып, неке қиып, басқа да діни іс-шараларды өткізгісі келетіндер үшін мешіттер ашық болады. Алайда құран оқуға арналған бөлмеде оннан артық адам болмауы керек. Келушілер діни нысанда 15 минуттан артық бола алмайды.

Неке қиюға 4 адамнан артық келуге болмайды. сондай-ақ мешітке баратын адамдар медициналық маска мен қолғаптар киіп, антисептик қолданып, оған қоса намаз оқу кезінде қашықтықты сақтауы қажет.

Әр облыстағы карантин жағдайына байланысты мешіттердің бәрі бірдей ашылмайды.
Карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты уақытша шектеулер өз күшінде қалды.

Мешітке келушілер медициналық маска және қолғап киюге тиісжәне антисептик жиі қолдануы керек. Жеке құлшылық жасау кезінде бір жарым метр ара қашықтықты сақтау қажет.

Алматыда карантин кезінде автокөліктер шығаратын улы заттар 60 есе азайған

Төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде Алматы қаласының экологиясы жақсарып, автомобиль нөпірінің болмауынан фенолдың шоғырлануы өткен жылмен салыстырғанда 60 есеге азайған. Қаланың төменгі бөлігінде PM 2.5 – PM 10 өлшенбелі бөлшектері бойынша шоғырлану үлесі көбейген. Қаланың жоғарғы бөлігінде газдардың, оксид және диоксидтің азаюы байқалған.



Оқи отырыңыз: Пәтер жалдап тұратындар коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге ала алмайды. Маңызды 8 сұраққа жауап

Алматыда коронавирустан емделіп шыққан алғашқы босанған әйел ауруханадан шығарылды

17 сәуірде №1 қалалық клиникалық ауруханада 1990 жылы туған вирус жұқтырған әйел салмағы 2,5 келі дені сау қызды дүниеге әкелген. Осы уақыт ішінде нәресте балалар бөлімшесінде дәрігерлердің қарауында болды.

"Бүгін мен қызымды алғаш рет қолыма алып отырмын. Менің босанғаныма бір ай болды. Өкінішке қарай, бұл вирус маған да келіп жетті. Моральдық және физикалық тұрғыдан көмектескен дәрігерлерге үлкен рахмет. Олар мені емдеп қана қоймай, мейіріммен қарап, маған рухани қолдау көрсетті. Тек дәрігерлерге ғана емес, сондай-ақ медбикелерге, санитарларға да алғыс айтқым келеді", – деді Жібек Дюсупова.

Ана мен бала денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланды. Енді олар үй карантинінде болады.



18 мамырда Нұр-Сұлтанда жұмысын бастайтын нысандар

  • 50 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары;
  • балабақшалардағы кезекші топтар, жеке сабақтар үшін балалардың коррекциялық кабинеттері;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  • арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық әрі педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 маусымнан бастап теміржол тасымалы іске қосылады

Карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандар:

  • сауда ойын-сауық орталықтары;
  • кинотетрлар, театрлар, көрмелер;
  • бассейндер, моншалар, сауналар;
  • косметологиялық және фитнес орталықтары, жаттығу залдары, массаж салондары;
  • түнгі клубтар, караоке, лаундж барлар;
  • тойларды, ауызашарларды ұйымдастыруға, ойын-сауық және спорттық, бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқу ақысын төлей алмаған студенттерге жеңілдік берілді

Нұр-Сұлтанда аз қамтылған отбасыдан шыққан елордалық студенттердің оқу ақысын төлеу кейінге шегерілді. Елордада 1 319 университет бітіруші студент оқу ақысын төлей алмай отыр. Бұл мәселені шешу үшін ЖОО басшыларымен бірлесе, оқу ақысын төлей алмаған 4-курс студенттерінің төлем мерзімдерін маусым айына дейін ұзартылды. Әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге жеңілдіктер жасалады. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 114, Технология және бизнес университеті – 72, ҚазГЗУ – 29 және "Тұран-Астана" университеті 15 студентке жеңілдік жасаған.


Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары