Тікелей эфир

Қазақстанда 1 маусымнан бастап теміржол тасымалы іске қосылады

Informburo.kz суреті
Informburo.kz суреті
Билеттер 15 мамырдан сатыла бастайды. Дегенмен ішкі теміржол қозғалысы бірден қосылмай, кезең-кезеңмен жүреді.

Елімізде екі айдан бері тоқтап тұрған пойыздар 1 маусымнан бастап жолаушы тасымалдауға кіріседі. Ішкі теміржол қатынасы түгелдей іске қосылмайды, тек кезең-кезеңмен жүре бастайды. Дегенмен, барлық қызмет көрсетушілер мен жолаушыларға Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер талаптарын сақтау міндет. Әзірге қай бағыттардың бірінші болып іске қосылатыны белгісіз. "Қазақстан темір жолы" ҰК алдағы күндері баспасөз мәслихатын өткізіп, ашылатын бағыттар туралы жария етуді жоспарлап отыр.

Ал 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.

Оқи отырыңыз: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы мен биологиялық қауіпсіздік кеңесі. Президент мәлімдемесіндегі маңызды мәселелер

18 мамырдан бастап ғимараттың аумағының 30 пайызын ғана толтыра отырып, әрі санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі. Сондай-ақ, қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындары ашылады. Санитарлық талаптарға сай келесі нысандарға жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

  • сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары;
  • таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану нысандарының жазғы алаңдары.

Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім болды.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары