Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 14 сәуір хронологиясы. Карантиндегі аурухана мен министр мәлімдемесі

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Іnformburo.kz отыз үшінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 32 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23.20. Коронавирус жұқтырғандар саны – 1232

  • Алматы – 358;
  • Нұр-Сұлтан – 282;
  • Қызылорда облысы – 121;
  • Ақмола облысы – 79;
  • Қарағанды облысы – 78;
  • Атырау облысы – 69;
  • Жамбыл облысы – 49;
  • Түркістан облысы – 49;
  • Шымкент – 39;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26;
  • Алматы облысы – 24;
  • Ақтөбе облысы – 12;
  • Батыс Қазақстан облысы – 12;
  • Павлодар облысы – 11;
  • Маңғыстау облысы – 10;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 7;
  • Қостанай облысы – 5.

Жазылғандардың жалпы саны – 203.

Көз жұмғандар – 14.



23.20 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан – 14, Алматы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Атырау облысы – 6, Қызылорда облысы – 2, Ақтөбе облысы – 1.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1232 адам анықталды.

20.01 – 14 сәуірде таңғы сағат 10:25-те Түркістан облысында тағы үш адамның коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарланды. Коронавирус инфекциясы Жетісай ауданының Ш. Ділдәбеков ауылдық округінің 1970 жылғы, Достық ауылының 1971 жылғы, Ынтымақ ауылдық округінің Өркені елді мекенінің 1994 жылғы тұрғындарынан анықталған болатын.

Сол күні сағат 18:30-да осы өңірде тағы бес адамның вирусты жұқтырғаны туралы хабарланды. Техникалық қателікке байланысты деректер қайталанып кетті, соның нәтижесінде таңертеңгілік жағдайлар кешкі уақытқа қайта есептеліп кетті.

Осыған байланысты, 14 сәуірде Түркістан облысында вирусты жұқтырғандар саны — 5, Түркістан облысында КВИ диагнозы қойылғандардың жалпы саны — 49, Қазақстан бойынша 1199 деп есептеуді сұраймыз.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

19.49 – 2 461 653 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды.

14 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 4 701 179 азаматтан барлығы 6 млн 37 мың 660 өтініш келіп түсті.

Осылайша, 1 336 481 қайталанатын өтінім тіркелді.

Ең көп түскен өтініштер:
Алматы облысы – 600 953;
Түркістан облысы – 577 885;
Нұр-Сұлтан – 376 860;
Шымкент – 308 981.

Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған:

Алматы облысы – 374 734;
Түркістан облысы – 272 126;
Алматы – 265 811;
Нұр-Сұлтан – 282 215;
Жамбыл облысы – 161 745.

18.40 – 53 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында - 46 адам,
Атырау облысында - 7 адам.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 203-ке жетті.



18.30 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 23 адам тіркелді, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан – 4;
  • Алматы – 4;
  • Түркістан облысы – 5;
  • Алматы облысы – 2;
  • Қостанай облысы – 2;
  • Ақмола облысы – 6.


Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1199 адам анықталды.

15 сәуірде қазақ тілінде өтетін 1-11 сыныптарға арналған BALAPAN телеарнасындағы бейнесабақтар кестесі



17.24 – Төтенше жағдай кезінде қасиетті Рамазан айындағы жүріс-тұрыс ережелері

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төтенше жағдай кезінде Оразаға байланысты барлық іс-шараларды үйде өткізу қажеттігін айтты.
Бас мүфти мешіттерде жаппай намазға жиналуға, ауызашар рәсімін жасауға рұқсат етілмейтінін, дұға және намаз оқуға тек қана үйде рұқсат етілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ораза кезінде (ауыз бекіту) тамақты тек үйде ішу керек.

17.17 – Қазақстанда 150-адам коронавирустан жазылып шықты.

Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 8 науқаc сауығып, ауруханадан шықты.

Бүгін сағат 16:00 дейін елімізде жалпы 150 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 64, Алматы қаласында – 58, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Павлодар облысында – 1, Алматы облысында – 5, Қарағанды облысында – 1, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 2, Ақмола облысында – 4 адам.

Оқи отырыңыз: Дағдарыс жағдайындағы жылжымайтын мүлік нарығы. Баспана қымбаттай ма?

16.57 – 19 сәуірде Вознесенский кафедралды соборынан Пасха мейрамына орай ғибадат ету рәсімі "Еуразия бірінші" арнасында көрсетіледі, деп хабарлады Астаналық және Қазақстандық митрополит Александр.

Қазақстанның барлық православиелік ғибадатханаларында есіктері жабық күйде Құдайға құлшылық ету рәсімі өтеді.

16.31 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 2020 жылғы 1 мамыр, сағат таңғы 07:00-ге дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды.

16.19 – Алматы облысының медицина қызметкерлері мемлекеттен тиісті төлемдерін алды.

Бүгінде 1 448 медицина қызметкеріне қаражат берілді. Бұл мақсатқа 106 млн 796 мың теңге бөлінді.
• 205 дәрігер,
• 882 орта медицина қызметкері,
• 361 кіші медицина қызметкері үстемеақы алды.

Жергілікті бюджеттен тағы бір мыңнан астам медицина қызметкеріне бір еңбекақы мөлшерінде сыйақы беру үшін қосымша қаражат бөлінді. Қосымша ақыны коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен тікелей байланыста болған, емдеген қызметкерлер алады — бұл инфекциялық бөлімшелердің мамандары, ауруханалардың дәрігерлері, медбикелері және кіші қызметкерлері.



15.28 – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне арнап, жазба жариялады.

"Қымбатты достар,
Мен осы сөзімді барлық деңгейдегі медицина қызметкерлеріне, дәрігерлерге, медбикелерге, санитарларға, медицина ұйымдарының басшыларына, санитарлық қызмет қызметкерлеріне, университеттер мен ғылыми орталықтардың қызметкерлеріне — қазір тәулік бойы, қаңтар айынан бастап демалыссыз жұмыс істеп жатқан барлық әріптестеріме арнаймын.
Мен бәрін түсінемін, көбіміз қатты шаршадық, эмоциялық тұрғыдан да жеңіл тиіп жатқан жоқ. Көбіңіз үйге барып, балаларды құшақтап, жандарында бола алмай жүрсіздер. Баршаңызға қазіргі жағдай қорқынышты, ренжіп жүргендеріңіз де бар. Арамызда вирусты жұқтырып алған мамандар да бар.
Осыған қарамастан, сіздер күн сайын ерте тұрып, жұмыс істеуге барып жүрсіздер, адамдарды емдеп, олардың өмірін сақтауға күш-жігерлеріңізді жұмсап жүрсіздер.
Сіздер адамдарды ақша үшін емес, даңқ үшін емес, жұмыс, міндеттеріңіз осы болғандықтан емдеп жатсыздар, бұдан басқа амал жоқ. Мен сіздерді мақтан тұтамын!
Мен сіздерді сөзбен емес, істерімен қолдап жатқан отандастарымызды мақтан тұтамын, олар: қарт адамдарға тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізіп, маскалар тігіп, қажетті жүктері бар ұшақтардың ақысын төлеп, үйден онлайн концерт беріп, тіптен үйде карантинде отырып қолдау көрсетіп жатыр
", — деді министр Facebook-тегі парақшасында.



13.45 – Қазақстанда 142-адам коронавирустан жазылып шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 1 науқас, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1, Қызылорда облысында - 1 адам сауығып, ауруханадан шықты.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге: бірінші ай төлемін алу үшін 15 сәуірге дейін өтініш беріп үлгеру қажет

12.49 – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 335 929 адамға әлеуметтік төлем бөлінді.

12.15 – Алматыда коронавирусты жаңадан жұқтырғандар арасында 116 медицина қызметкері бар.

12.01 – Шымкент қаласында коронавирус жұқтырып, көз жұмған азамат – Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылының тұрғыны.

Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен "Қарағанды-Новосбір" бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген.

58 жастағы азамат инфекциялық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған. Бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылған.

Оқи отырыңыз: Биыл мектеп түлектері қалай аттестат алады? Білім және ғылым министрінің түсіндірмесі

11.42 – Нұр-Сұлтан қаласында Covid-19 жұқтырып, қайтыс болған тұрғын 1950 жылы туған. Ол 11 сәуірде жедел медициналық көмек провизорлық стационарға ауыр халде жеткізіліп, шұғыл жансақтау бөліміне жатқызылды.

Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды. Қосымша диагноздары: аорто-коронарлық шунттау, ЖИА, артериялық гипертензия, қант диабеті.

Қарқынды терапияға қарамастан, 13 сәуір күні сағат 22.20-де науқастың жүрегі тоқтады.

10.53 – Павлодарда коронавирус туралы жалған мәлімет таратқан азаматтар анықталып, ұсталды. Олар әлеуметтік желілерде облыс тұрғындары арасында коронавирусты жұқтырудың жаңа фактілері туралы, Баянауыл ауданы мен Ленин кентінің карантинге жабылғаны туралы жалған хабарламалар таратқан.
Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 40 АЕК (111 120 теңге) көлемінде айыппұл салынып, біреуі 15 тәулікке қамауға алынды.

10.30 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 88 адам тіркелді:

  • Алматы – 75;
  • Нұр-Сұлтан – 4;
  • Жамбыл облысы – 3;
  • Түркістан облысы – 3;
  • Атырау облысы – 1;
  • Шымкент – 1;
  • Қарағанды облысы – 1.


09.45 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам көз жұмды. Олардың бірі Нұр-Сұлтанда, (1950 жылғы азамат) екіншісі Шымкентте (1962 жылғы азамат). Осымен елімізде коронавирус салдарынан көз жұмғандардың саны 14-ке жетті.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406
Серіктестер жаңалықтары