Тікелей эфир

Көлік нөмірі мен техпаспортын қалай қашықтан алуға болады?

Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Қызмет электронды үкімет порталында көрсетіледі. Мерзімі – 1 жұмыс күні.

Қазақстандықтар eGov.kz порталында автокөлікті тіркеп, көлік нөмірі мен техникалық паспортын ала алады. Бұл ретте ел аумағында ресми дилерден сатып алған көлікті бастапқы тіркеу мен жеке тұлғадан сатып алыған көлікті тіркеуде айырмашылық бар.

Бастапқы тіркеу

Бұл үшін eGov.kz порталында келесі операцияларды жүзеге асыру керек.

Заңды тұлғалар:

  1. порталға еніп, "Онлайн сұратым" батырмасын басу;
  2. көлік шанағы нөмірін енгізу;
  3. "Астана1" сервисіндегі "шанақ нөмірлері" сәтті тексерген кезде сұрау салудағы барлық міндетті алаңдарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу;
  4. сұрау салуда көлік құралын сатып алушының ЖСН көрсету;
  5. сұрау салуға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою;
  6. сатып алушыға растауға жіберу.

Оқи отырыңыз: Көлікті кімдер және қалай тегін тіркей алады?

Жеке тұлғалар:

  1. порталға еніп, жеке кабинетке ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) өту;
  2. келісуді қажет ететін сұрау салумен танысу;
  3. сұрау салуды толтырып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөлімін таңдау;
  4. мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шығаруға мемлекеттік баж салығы, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті дайындау үшін мемлекеттік баж салығы және тіркеу жарнасын төлеу (төлем "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі тиіс);
  5. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрау салуға қол қою;
  6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу;
  7. Егер сұрау салу оң нәтиже берсе, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөліміне хабарласу. Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы қажет: мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар, жеке басын куәландыратын құжат, қызмет көрсету кезінде қоса берілген құжаттардың түпнұсқалары.
Оқи отырыңыз: Электронды-цифрлық қолтаңбаны онлайн алудың жолы қандай?

Қайта тіркеу

Бұл үшін eGov.kz порталында келесі операцияларды жүзеге асыру керек.

  1. порталға еніп, "Онлайн сұратым" батырмасын басу;
  2. сатылатын көлік құралын таңдап, сұрау салуды толтыру. Сұрау салуда көлік құралын сатып алушының ЖСН көрсету қажет;
  3. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрау салуға қол қою;
  4. сатып алушыдан растау алу;
  5. жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу;
  6. егер сұрау салу оң нәтиже берсе, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөліміне хабарласу. Өзіңізбен бірге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түпнұсқалары, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, көлік құралын тіркеуден шығару актісі болуы қажет.
Оқи отырыңыз: Мобильді азаматтар базасы. Ол не үшін қажет және оған ақалай тіркеледі?
Сондай-ақ, Egov.kz электронды үкімет порталында қазақстандықтар енді көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті үйге жеткізіп беруді ресімдей алады. Бұл үшін қажетті деректерді енгізіп, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін "Азаматтарға арналған үкімет" МК қызметкері мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге әкеліп береді. Ол үшін Электронды үкімет порталында "Көлік және коммуникациялар" бөлімінің "Автомобиль көлігі" бөлімшесінде жеткізуді ресімдеу үшін "мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (МТНБ) және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (КҚТК) үйге жеткізу" қызметін таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары