Қазақстанда жыл сайын мұғалімдердің жалақысы 25%-ға көтеріледі.
Парламент мәжілісінің депутаты Мақсат Раманқұлов "Ақжол" фракциясының атынан Қазақстанда әлеуметтік саланың көмекші және техникалық қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды.
"Пандемия кезінде "педагог мәртебесі туралы" заң қабылданып, дәрігерлерге қосымша төлемдер енгізілді. Жыл сайын мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 20-30 пайызға артып келеді. Мұның бәрі өте орынды. Ризашылығымызды білдіріп, мұндай көзқарасты әрдайым қолдаймыз. Алайда қатардағы қызметкерлер, яғни санитарлар, ассистенттер, еден жуушылар, жедел жәрдем жүргізушілері, мұражай, өнер, мектеп, балабақша, кітапхана, мұрағат саласындағы өзге де қызметкерлер мен техникалық мамандардың жалақысы қаншама жылдан бері өзгермеген", – деді ол Мәжіліс отырысында.
Депутаттың сөзінше, Қазақстанда әлеуметтік саланың көмекші және техникалық қызметкерлерінің орташа жалақысы – 50-70 мың теңге аралығында.
"Мұрағат, мұражай және кітапхана қызметкері, тарихшы, өнертану және басқа да мамандар арасында жоғары білімі бар орта буын қызметкерлерінің орташа жалақысы шамамен 60 мың теңгені құрайды. Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы – шамамен 70-75 мың теңге. Бес жылдан астам уақыт бойы көтерілмеді. Ал мектептер мен балабақшалардың техникалық қызметкерлерінің жалақысы – шамамен 50 мың теңге", – деді депутат.
Ол жоғарыда аталған мамандардың 90 пайызында шағын несиелері бар екенін, ал үкімет тарапынан нақты көмек жоқ екенін айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-