
Sinovac препаратын Қазақстан Республикасына жеткізбейді, сондықтан қытайлық вакцинаны қазақстандық екпе ретінде беру мүмкін емес.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық Sinovac вакцинасын қазақстандық екпе түрінде ұсынады деген қауесетті жоққа шығарды. Қытайлық вакцинаны қазақстандық екпе ретінде көрсету мүмкін емес, өйткені бұл препаратын ҚР-на жеткізілмейді, деп хабарлайды StopFake арнасы.
Covid-19 инфекциясына қарсы қытайлық Sinovac вакцинасын қазақстандық екпе ретінде береді деген ақпаратты Telegram-чаттарда талқылануда. Желіні қолданушылар Қазақстанға препарат Қытайдан әкелетінін және одан әрі атауы ауыстырылатынын мәлімдейді.

"Мұндай тұжырым телевизиялық жаңалықтардың сюжеттерінің бірінде қазақстандық вакцина бірден екі атаумен пайда болғанына негізделген: QazVac және Qazsovid-in. Шын мәнінде, бұл екі атау да бір препаратқа жатады. Бастапқыда препаратты Qazsovid-in деп атаған, бірақ кейін атауын QazVac деп өзгерткен", – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінде.
Министрлік QazVac вакцинасы белсенді емес вирус платформасында әзірленгенін еске салды. Бұл технология бұрыннан белгілі және тұмау, оба, тырысқақ, полиомиелит, дифтерия және басқа да қауіпті ауруларға қарсы вакциналарды жасауда қолданылады.
Оқи отырыңыз: QazVac вакцинасын егу 26 сәуірде басталады. Қазақстандық вакцинаға қатысты 10 сұраққа жауап
Қазір отандық препарат клиникалық сынақтардың соңғы, үшінші кезеңінен өтуде. Оған 3000-нан астам ерікті қатысқан. Аралық сынақ нәтижелері жақсы нәтиже көрсетті. Қазақстандық вакцинамен егілген еріктілерде антиденелер титрінің өсуі байқалады: бірінші вакцинациядан кейін 16-дан 128-ге дейін, екінші екпеден кейін 128-ден 2048-ге дейін.
"Бізде әлі Sinovac вакцинасы жоқ және бұл препаратты бірде-бір рет жеткізу болған жоқ. Тиісінше, қазақстандықтар онымен егілмейді. Бүгінде Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы қолданылады. 26 сәуірден бастап отандық өндірістегі QazVac препаратымен егу басталады. Отандық вакцинаның әзірленуі мен клиникалық сынақтары туралы соңғы мәліметтер ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында үнемі жарияланып тұрады", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-