Автобөлшектер ұрлығы және ұрланғанды қайта сату көбейіп, көпшіліктің көңілін алаңдатты. Жұрт бір-бірін мұндай ұрылармен күреске шақыра бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары интернетте өздерінің басынан өткен жағдайларымен бөлісті, азаматтық белсенділер ІІМ реформалар жасау керектігін айтты, полиция қызметкерлері базарларда рейдтер жүргізді. Соған қарамастан автокөлік иелері үшін бұл мәселе әлі өзекті болып отыр. Ұрылардан қайтіп қорғану керек? Осыған қатысты "Астана моторс" компаниясы жақында қолға алған жаңа әдіс туралы кеңірек әңгімелейміз.
Автокөлік айналарының ұрлығына тосқауыл қойыла ма?
ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің хабарлауынша, елімізде 2010-2015 жылдарда мүлік ұрлығының саны артқан. Бұл ұрлықтардың орташа есеппен тек 12,8%-ы ашылады. Мәселен, Алматыда 2017 жылы автокөлік ұрлығына қатысты 45 мың дерек тіркелген. Оның тек 4 мыңы ғана ашылған. Басқа жағдайларда кінәлілер табылмай, іс жабылған. Бұл жай ғана ресми статистика. Ұрылардың табылатынына күмән келтіріп, полицияға жағдайды хабарламаған қанша жағдайлар болып жатыр десеңізші?!
Ұрланған автобөлшектер қайда кетеді?
Біз бұған дейін Алматыдағы автобөлшектер базарының жай-күйі туралы жазған болатынбыз. Ұрланған бөлшектер осы базарда қайта сатылады. Тіпті автокөлік иелері базардан өзінің ұрланған айналарын, шамдарын, магнитофондарын көрген кездері көп кездеседі. Денис Теннің өлімінен кейін, полиция базарларда рейдтер жүргізіп, ұрланған бөлшектерді сататындарды ұстады. CarCity базарының әкімшілігі мұндай бутиктердің жабылатынын, ал заңсыз тауарды өткізетін жалға алушылармен келісім-шартты бұзатыны туралы мәлімдеді. Алайда, бұл шараларды жүйелі жүргізіліп жатыр деуге негіз жоқ. Өйткені қайғылы жағдайдан кейін ұрланған бөлшектерді сату қайтадан өршіді. Көп сатушылар CarCity базарынан "Жібек жолына" барды. Соған қарағанда жағдайды өзгерді деуге әлі ерте.
Жағдай ушығып тұр. Сонда да көлікті ұрылардан қалай қорғауға болады?
Бірнеше әдіс бар. Мәселен, тек арнайы кілтпен ашылатын бұрандалар орнатып, көліктің дөңгелектерін ұрлаудан сақтауға болады. Бұл кілтсіз дөңгелекті шешіп алу мүмкін емес.
Көліктің екі қапталындағы айнасын қорғауға арнайы сенсорлық белгі бергіш құрылғы орнатуға болады. Егер адамның қолы бір секундтан артық уақытқа айнаға тисе, сигнализациясы іске қосылады.
Екінші жолы – қапталдағы әйнектерді сынудан сақтайтын жапсырма қағазды иә ішінен, ия сыртынан жапсыру. Қаскүнемдер терезені ұрып, шаққысы келсе де, бірден сынбай, тек шытынайды. Мұндай пленка сондай-ақ жол-көлік оқиғалары кезінде де зақымдану қаупін төмендетеді, шытынаған әйнектің сынықтары жүргізушіге де, жолаушыға да зиян келтірмейді.
Көп ретте ұрылар көліктің екі қапталындағы айналарға көз тігеді, өйткені оларды шешіп алу әлдеқайда оңай. Сіз оларды ұрлатпаудың ең оңай және қолжетімді тәсілі – айналарға арнайы кодты (VIN-код) лазермен ойдырып, салдырып алыңыз.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз:
Лазерная гравировка зеркал: Как защитить себя и свой автомобиль от автоворов
Лазерлі VIN-код дегеніміз не? Оның қандай көмегі бар?
Бұл – автокөлік айналарын таңбалау. Яғни әрбір айнаға автокөліктің VIN-коды енгізіледі. VIN-код (Vehicle identification number) – бұл 17 белгіден тұратын көлік құралының сәйкестендіру нөмірі. Онда өндіруші туралы, автокөліктің сипаттамасы және шыққан жылы жайында ақпарат жазылады.
Ойып жазылған код жолды көруге кедергі келтірмейді және айнаның сыртқы кескінін бұзбайды. Есесіне, қаскүнемдер айнадағы кодты көріп, райынан қайтады. Мұндай бөлшекті өткізе алмайды. Сатып алушылар оның ұрланғанын бірден сезеді және оны иесі тауып алатынын біледі.
Айнаға лазермен VIN-код салу қанша тұрады және оны қайда істейді?
1 қазаннан бастап Астана моторс компаниясы барлық көлік сатып алушыларға, сонымен қатар Trade-In бағдарламасы бойынша бұл қызметті тегін көрсетіп жатыр. Әзірге тек Алматыда.
VIN-кодты кәсіби операторлар заманауи құрылғыны пайдалана отырып, бар болғаны 5-10 минутта салып береді. Егер сіз "Астана моторстың" клиенті болмасаңыз, лазерлі VIN-кодты 10 000 теңгеге салдыра аласыз. Айнасын шешіп әкелген азаматтарға 50% жеңілдік қарастырылған. Болашақта бұны техникалық қызметтен өту кезінде автокөліктердің бәріне тегін жасау жоспарланды.
Неге бұл қызметті "Астана моторс" ұсынады?
Өйткені бұл компания қазақстандық көлік нарығында 26 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді, сол себепті өз клиенттерін қауіп-қатерден сақтандыруға тырысады. Қоғамды өзгерту үшін әркім өзінен бастауы керек, айналада және елде болып жатқан жағдайға бей-жай қарамау керек деп есептейді компаниядағылар. Әлеуметтік желіде белсенді болу бір бөлек – қылмыскерлермен күресті нақты іс-қимылмен жүргізу керек. #Өзіңненбаста акциясын көптеген танымал жұлдыздар қолдады. Мәселен, бұл бастаманы қолдағандардың біреуі World Class Almaty бас директоры, пауэрлифтинг бойынша халықаралық спорт шебері Уәлихан Тен халықты ұрланған автобөлшектерді сатып алмауға шақырды. Ол өз көлігіне VIN-кодты лазермен салдырып алған.
Авторы Виктория Русакова.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.