Ауыл мәселелерін шешуге арналған шағын гранттар байқауы жарияланды

Бір өңірге берілетін гранттың жалпы сомасы – 1 миллион теңге.

Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы тұрақтылықты қамтамасыз етуге Қазақстанның сегіз өңірінде (Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстары) ауылдық жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ҮЕҰ және бастамашыл топтардың әлеуметтік жобаларын іске асыруға арналған шағын гранттар конкурсын жариялады.

Бір өңірге берілетін гранттың жалпы сомасы 1 миллион теңге. Жобаға байланысты тиісті өңірде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 100 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерде шағын гранттар алатын жеңімпаздар анықталады.

  • Өтінімдерді тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 1 маусым, сағат 18.00-ге дейін.
  • Конкурстық комиссияның өтінімдерді қарау мерзімі: 2021 жылғы 2-10 маусым аралығы.
  • Конкурс жеңімпаздарын жариялау мерзімі: 2021 жылғы 11 маусым.
  • Жобаны іске асыру мерзімі: грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 2021 жылғы 31 қазанға дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді мына электрондық поштаға беруге болады: [email protected]. Хат тақырыбында "ЖӨБ бойынша әлеуметтік жобалар конкурсы" деп жазылуы тиіс.


Оқи отырыңыз: Елордада "Бастау Бизнестің" екінші лек оқуы 24 мамырда басталады. Өтініштер 17 мамырдан қабылданады


 

Оқи отырыңыз

Серіктестер жаңалықтары