Коронавирус пандемиясына байланысты биыл оқу Atameken Academy платформасында онлайн форматында өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиевтің түсіндіруінше, үміткерлер алдымен оқу жолдамасын алу үшін Жұмыспен қамту орталығына (Бейбітшілік көшесі, 25, "Өркен" БО) барып, жеке куәлік көшірмесі мен өтінішін қалдыруы керек.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Нұр-Сұлтан қаласында тіркеуде тұрған азаматтарға олардың келесі нысаналы топқа сәйкестігін тексерген соң жолдама береді:
- жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығында тіркелуі сұралмайды);
- еңбекке жарамды мүгедектер;
- зейнет жасына жетпеген елу жастан асқан тұлғалар;
- жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер;
- аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;
- "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары, оның ішінде зәкірлі кооперацияға қатысушылар;
- қоныс аударғандар мен қандастар
- сонымен қатар жеке кәсіпкерлігіне 3 жыл толмаған жас кәсіпкерлер.
Оқи отырыңыз: Өз бизнесімді ашқым келеді. Кәсіпті көк тиынсыз қалай бастауға болады?
Коронавирус пандемиясына байланысты биыл оқу Atameken Academy платформасында онлайн форматында өтеді.
Оқуға жолдамамен үміткер Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасына жүгініп немесе электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы https://atameken.co сайтында онлайн тіркеле алады.
"Ол үшін сайтқа жолдама және жеке куәлік көшірмесінің сканерленген нұсқаларын (осы құжаттардың жақсы сападағы фотосуреттері де жарайды) жүктеу қажет. Содан кейін жеке кабинетте өтініміңіздің статусы шығады. Егер барлық жолақтарды дұрыс толтырсаңыз өтінім қабылданады. Егер жүктелген құжаттардың сапасы жарамай қалса, өтінім кері қайтарылады. Өтінімдер қабылданып болған соң біз лектің бірнеше тобын жаақтаймыз. Әр топқа бизнес-тренер бекітіледі. Қатысушыларға оқу басталатыны жайында хабарламалар таратылады", – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.
"Бастау Бизнес" жобасымен оқу ұзақтығы 21 күнді құрайды. Жүйеде 12 модуль және 63 танымдық бейнесабақ қамтылған, күніне ең көбі 11 сабақ ашылады. Бизнес-тренерлермен жеке сабақтар қарастырылған. Курс нәтижесі бойынша сертификат беріледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
418
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
415
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
401
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
381
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
362
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
363
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
362
-
0
-
5
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
364
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
364
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
367
-
2
-
5
-