Тікелей эфир

Атаулы әлеуметтік көмек есептеу үшін кіріске не жатпайды? Оларға грант пен кредит қалай беріледі?

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Мемлекет пен жекелерді әріптестігі қалай дамып жатыр? Әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек? Үкімет қандай көмектерді дайындады? Үкімет отырысында не қаралды

Мемлекет пен жеке меншік әріптесік жобалары қанша?

Алдымен сөз алған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде осындай әріптестік арқылы жүріп жатқан жобалардың саны 1300-ге жеткенін атады.

ҚР Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша:

Индустрия саласы бойынша 31 жоба іске асырылу және пысықталу сатысында, оның ішінде 10 жоба – республикалық, 21 жоба – өңірлік деңгейде. Олар:
  • 4 жоба – автожол;
  • 2 жоба – теміржол көлігі;
  • 4 жоба – азаматтық авиация;
  • 21 жоба – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергия үнемдеу салаларында.
Оқи отырыңыз: Көпбалалы аналарға 21 мың теңге. Атаулы әлеуметтік көмекті сонымен кімдер алады?

Ақылы жол ұзарады

– Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымында ақылы жол жүйесін енгізу көзделген. Қазіргі уақытта 2 сатылы конкурс жариялау үшін техникалық тапсырма әзірлеудеміз.


Роман Скаляр

Роман Скляр / Сурет informburo.kz


Мамыр-қараша айлары аралығында конкурстық рәсімдер өткізіледі, шарт жасасу желтоқсан айына жоспарланған, – деді министр Роман Скляр.

Түркия моделі бойынша ауруханалар салынады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов министрлік Түркияда сәтті іске асырылып жатқан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) инфрақұрылымдық моделі негізінде жұмыс жасап жатқандарын айтты.

– Бұл объектілерді салу жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Пайдалануға берілгеннен кейін салынған қаражатты мемлекет 25 жыл ішінде қол жетімділік үшін ақы төлеу арқылы қайтарады және жекеше әріптес көрсететін медициналық емес қызметтерге ақы төлейді. Инвесторға валюталық тәуекелден және инфляция тәуекелінен қорғауға кепілдік берілген, сондай-ақ жобалық қуаттың 70% деңгейінде қызметтердің ең аз көлеміне кепілдік берілген, – деді министр Біртанов.

Оқи отырыңыз: Атаулы әлеуметтік көмекті алудың жаңа шарттары қандай?

Осы модель бойынша қазір:

  • 9 объект пайдалануға берілді (қуаты 500-ден 3500 төсекке дейін);
  • 12-сінде құрылыс жүргізіліп жатыр;
  • 10-ы конкурс кезеңінде және бір жоба мақұлдау сатысында.

"Күнделікті" жеке инвесторлар қаржыландырады

Білім саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орнатқан 340 жоба бар. 338 – жергілікті, 2 – республикалық деңгейде. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты.


Күләш Шәмшидинова

Күләш Шәмшидинова / Сурет informburo.kz


– Аталған жобаға мемлекеттік бюджет қаражаты тартылмайды, жеке инвесторлар қаржыландырады, – деді ол.

Оқи отырыңыз: Алматыда атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қайда құжат өткізу қажет?

Бұл жобаға 6 мыңнан астам мектеп қосылды, яғни 4 млн-ға жуық адам. Оның ішінде:

  • Ұстаздар – 318 мың;
  • Оқушылар – 2 млн;
  • Ата-аналар – 1,8 млн-нан астам;
  • Бала бақшада жекелік сектор ең көп. 2013 жылдан бері олардың саны – 3640-қа жетті. Әр тәрбиеленушіге бөлінетін қаржы 27 502-ден 33 380 теңгеге өскен.

Апатты және үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу тетігін көрсетті

Министрдің айтуынша, Қазақстанда:

  • Апатты мектеп – 31;
  • Үш ауысымда оқытылатын мектеп – 128;
  • Оқушы орындарының тапшылығы – 196 мың орын.

Оқи отырыңыз: Бүгіннен бастап көп балалы отбасыларға арналған 21 мың теңге туралы заң күшіне енді. Қандай өзгерістер бар?

Мектеп тапшылығын шешудің үш тетігі ұсынылды:

  • Мемлекеттік бюджет арқылы салу;
  • Мемлекет пен жеке меншік әріптестігі арқылы салу;
  • Жеке меншік мектептерді салу.
Жеке меншік мектеп қалай жұмыс істейді?

Жеке тұлға мектеп салады. Сосын мемлекеттік тапсырысты қабылдайды. 8 жыл ішінде осында оқитын әрбір оқушы үшін 242 мың (96 АЕК – амортизациялық компонент) теңге қаржы беріледі. Ол үшін мектептің нысаналы мақсатын өзгертуге болмайды. Мектеп жеке меншік болып қала береді.

  • Қазір бар жеке меншік мектеп саны – 15;
  • Жыл соңына дейін ашылатын жеке меншік мектеп саны – 18;
  • Нұр-Сұлтанда 8 мектеп салынбақ.

Жатақханалар да жекемен бірлесіп салынып жатыр

Жалпы 19 мыңнан астам орын үшін 43 жоба іске асырылып жатыр.

Мемлекеттік коллеждер ұлттық компаниялар мен холдингтерге сенімді басқаруға беріледі.

  • Коллеждер саны – 821;
  • Мемлекеттік колледж саны – 479;
  • Жеке колледж – 342.

Министр осы қадам арқылы білім сапасын көтеруді көздеп отырғанын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда берілмейді? Теңіз кенішіндегі жағдай: жалақыны теңестіру мүмкін бе?

Үкімет ел аралап, арыз-шағым тыңдап қайтты

– 12 науырыздан 4 мамырға дейін Үкіметтік жұмыс тобы 263 кездесу өткізді, 157 елді мекенді аралап, 269 жеке адамды қабылдадық және тұрмысы төмен 72 отбасына бардық. Кездескен адам саны 27 мыңға жетті, – деді Үкімет отырысынан кейін болған баспасөз мәслихатында "Әлеуметтік қамқорлық" бағдарламасын түсіндіру жұмысы қалай өткенін әңгімелеген вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова.


Гүлшара Әбдіхалықова

Гүлшара Әбдіхалықова / Сурет informburo.kz


Жақсы мысалдар бар. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылындағы қожалық иесі Темірлан Жайнүсіпов ауылдастарын жұмыспен қамтыған және көмектесіп отыр. Ол ауылға балабақша, спорт кешенін, сауда орталғын салып берген. Тіптен көп балалы отбасылар үшін 105 үй салуды бастапты.

160,4 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

– Әр отбасына орта есеппен 105 мың теңгеден. 10,3 мың отбасының өтініші талаптарға сәйкес келмегендіктен оларға атаулы әлеуметтік көмек беруден бас тартылды – деді Бердібек Сапарбаев.

Оқи отырыңыз: Кредиттік амнистия. Популизм бе, әлде нақты әлеуметтік көмек пе?

Атаулы әлеуметтік көмек қашанға дейін төленеді?

– Жыл бойы төленеді. Ережеге сәйкес табыс ай сайын және тоқсан сайын нақтыланып отыратын болады.

Бірінші маусымнан жалақы өсе ме?


Бердібек Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев / Сурет informburo.kz


– Біз осы туралы бірнеше рет баяндадық. 15-30%-ға дейін өсетін болады. Ақша толық бөлінді. Заңдық негіз жасалып жатыр, – деді бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысына қатысты пікір білдірген Бердібек Сапарбаев.

Оқи отырыңыз: Атаулы әлеуметтік көмекке ілінбей қалғандар неге наразы болып жүр? Қандай қордаланған мәселе бар?

Ағылшын тілі қалай оқытылады?

102 ұйымда кездесу болғанын айтқан Күләш Шәмшидинова:

– Алдымен қазақ тілін білуі керек. Сосын орыс және ағылшын тілі. Тілдерді оқыту төрт дағдылы деңгейді дамытуға бағытталады. Ол: тыңдау, айту, сойлеу және жазу.

Ағылшын тілі балалар дайын болған жағдайда мектептің шешімімен 10-, 11- сыныптарға кіргізіледі, – деді министр.

Ол ағылшын тіліне қатысты 153 мектепте мониторинг жүріп жатқанын алға тартты.

Министр ұстаздардың құқын, намысын қорғау үшін арнайы заң дайындалып жатқанын ескертті. Қандайда бір заң бұзушылықтар үшін арнайы айыппұл салу шаралары қарастырылады.

Денсаулыққа жабдық жетпей жатыр

Денсаулық саласындағы басты мәселе – емдеу ұйымдарындағы құрал-жабдықтардың, технологиялардың жетіспеушілігі. Бұл туралы Ержан Біртанов айтты. Осы мәселе бойынша арнайы қаржы қарастырылып жатқанын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, тұрғын үй кезегі және әлеуметтік көмектер туралы

Баспана мәселесі қалай шешілмек?

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты. Тұрғын үймен, ауыз сумен қамту мәселесі, ішкі жолдарды жөндеу және шет аймақтардағы жол мәселелерін шешу жолдары айтылды.


Мархабат Жайымбетов

Мархабат Жайымбетов / Сурет informburo.kz


340 мың көп балалы отбасының 28 126-і 1 қаңтарда үй кезегіне тұрған. Кезек соңғы үш айда 3 мыңға көбейді.

Осыған орай алдағы жеті жылға 350 млрд теңге қаржы бөлінген. Әр жылы тағы да 50 млрд теңгеден бөлініп отырмақ. Осы арқылы 60 мың пәтер салынады.

Биыл қанша үй салынды және берілді?

– Қазір 7145 пәтер салынып біткен. 1 мамырда 249 пәтер берілді. Осы ай соңына дейін тағы 1316 пәтер берілмек. Соның ішінде көп балалы отбасыларға 600 пәтер бөлінген.

Егер кезекті күткісі келмесе, жеңілдетілген кредит беріледі. Олар көп балалы отбасыларға, толық емес отбасылар мен мүгедек баласы барларға арналған, – деді комитет төрағасы.

Оқи отырыңыз: Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру: ең маңызды 33 сұраққа жауап

Мысалы, 8 млн теңгеге үй алсаңыз, алдыңғы 8 жылда айына 42 мың теңгеден, соңғы 11 жылда 27 мың теңгеден төлейді.

Комитет төрағасы сумен қамту және жол салу үшін де өте көп қаржы бөлінгенін айтты.

Он екі мүшесі сау адамдарға грант пен кредит береміз

– Әрине, жағдайы қиын отбасыларды көрдік. Оларға көмектесу жағын қарастырып жатырмыз. Мұқтаж болса да, масыл болмау керек – деді Бердібек Сапарбаев.

Оқи отырыңыз: Балаларға – тегін тамақ пен мектеп жабдықтары. Әлеуметтік пакет туралы маңызды 10 сұраққа жауап

Сол үшін грант тағайындап, микрокредиттерді де көбейтіп жатқанын айтты.

  • Грант – 505 мың теңгеден 10 мың адамға беріледі;
  • Жеңілдетілген микрокредит – 500 мың теңгеден 6,5 млн теңгеге дейін 5 мың адамға жеткізу көзделген.

"Кіріс тексеретіндер үйге кірмесін, мұздатқышты ашпасын"

Министр табысты есептеуде жеңілдіктерді қарастырып жатқандығын ескертті. Ол:

– Атаулы әлеуметтік көмек туралы шу басында болды. Қазір басылды деуге болады. Негізгі түсінбеушілік табысты есептеуден болды. Осы мәселе бойынша тапсырма бердік. Үйге барудың керегі жоқ. Олардың отбасының табысы туралы мәліметтер бар. Тек өте бір маңызды жағдай болмаса, – деп табысты есептеуде төмендегілердің қарастырылмайтынын айтты. Олар:

  • Үй жиһаздары, мұздатқыштар;
  • Тауық пен жұмыртқа;
  • Көкөніс мен жеміс-жидек те есептелмеуі керек;
  • Кірісті де, шығысты да есептеп, табысты анықтауымыз керек, – деді Бердібек Сапарбаев.

Табыс міндетті түрде есептеледі

– Егер табысты есептемесек онда тағы бес жүз млрд теңге қажет болады. Бұл масылдықты қою керек, – деп қайталады министр. – Біз осы мәселелер бойынша жергілікті билікке тапсырма бердік. Оны есептейтін жергілікті биліктің комиссиясы.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы, жәрдемақы және шәкіртақы өсті. Әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?

Кей ауылдарда жедел жәрдем көлігі жоқ

Журналистер Е.Біртановқа ауылда емхана мен жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуін қалай шешетінін сұрады. Ол:

– Иә, ондай мәселе бар. Оның бәріне аудит жасап көріп отырмыз. Осы үш жылдың ішінде қосымша ақша бөлінеді. 400-ге жуық медициналық мекемелер соғылатын болады, – деп осы мәселелерді шешу үшін арнайы бағдарлама жасақталып жатқанын айтты.

Соғыс ардагерлеріне қаржы бөлінді

– Алдымызда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні келе жатыр. Осыған байланысты еліміздегі 1400-ден астам соғыс ардагерлеріне 2,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді, – деді сөз соңында Гүлшара Әбдіхалықова.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары