
Көшет алушылар отырғызылған ағаштарды екі жыл бойы күтіп-баптауы тиіс.
Алматы Жасыл экономика басқармасы "Жасыл Аула" көшет тарату науқанының басталғаны туралы хабарлады. Шара аясында тұрғындарға емен, шаған, жұпаргүл, каталпа, сумах ағаштарының көшеттері тегін таратылады.
Шараға қатысатын көпқабатты үй тұрғындары көшеттерді өз үй аулаларында отырғыза алады. Бірақ, науқанға қатысушылар екі жыл ішінде отырғызылған ағаштарды күтіп-баптауы тиіс. Ол бойынша арнайы кепілдік міндеттемесіне қол қоюы шарт.
Қатысу үшін almaty_uze@mail.ru электронды мекен-жайына келесі деректерді жіберу керек:
- Ниет білдірген тұлғаның толық аты-жөні және байланыс деректері, көшетті отырғызу орнының нақты мекен-жайы;
- Көшетті отырғызатын жоспарланған орынның бірнеше фотосуреттері (панорамалық фотосурет, себебі ЖЭБ мамандары орналасқан жерді бағалай алады);
- Көшеттердің қажетті санын және олардың тұқымдас түрін жазу.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Таза табиғат" экологиялық жобасы бастау алды
Науқан Jasyl Almaty миллиондаған жасыл желек отырғызу бағдарламасы аясында өтеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿🇪🇺 Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады
-
220
-
0
-
2
-
-
2🎥 Шымкентте шлем киген ұрылар камераға түсіп қалды
-
229
-
0
-
0
-
-
3💵Бақордадағы базардың бұзылатынын естіген саудагерлер бас көтерді
-
256
-
0
-
0
-
-
4⚡️Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, үш адам қаза тапты
-
248
-
0
-
0
-
-
5🎾 Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Мысырдағы ITF турнирінің жартылай финалына шықты
-
166
-
0
-
2
-
-
6👀Ақтау қаласында көп қабатты үйдің едені опырылып түскен
-
158
-
0
-
2
-
-
7⚡Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды
-
114
-
0
-
0
-
-
8Жыл басынан бері 245 адамның медициналық құқығы бұзылған
-
23
-
0
-
1
-