Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Fokker-100 ұшағы (рейс Z92100) Алматы облысының Қызыл ту ауылының маңында әуе апатына ұшырады. Ұшақ бортында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.
Алматы қаласының әкімдігі оқиға орнында 8 адам, әуежайда 2 адам қаза тауып, 17 адам ауыр халде Алматыдағы 4 ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Кейінірек ауруханаға жеткізілген жарақат алушылардың ішінен 2 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 12-ге жетті.
Аурухана дәрігерлері берген сұхбатта:
“Ауруханаға жеткізілген 19 адамның 11-і өте ауыр халде еді, бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Қазірге дейін 6 адамға ота жасалды. 8 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Екі адам көз жұмды, олардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазір психологтар жарақаттанғандар және олардың туыстарымен жұмыс істеп жатыр” делінген.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған жолаушылардың туыстарына көңіл айтып, әуе апатына кінәлілер заңға сәйкес жазаланатынын айтты:
"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады".
Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі қайтыс болған жандардың тізімін нақтылады. Олардың қатарында әуе кемесінің капитаны да бар:
1. Николай Асташов, 1977 жылы туған.
2. Рүстем Қайдаров, Генералдар кеңесінің төрағасы, 1940 жылы туған.
3. Бауыржан Қалиев, 1974 жылы туған.
4. Базархан Кәрібаева, 1974 жылы туған.
5. Марат Мұратбаев, әуе кемесінің капитаны, 1961 жылы туған.
6. Абай Нұрбеков, 1986 жылы туған.
7. Арман Исина.
8. Сәния Аманжол.
9. Дана Круглова, Informburo.kz зерттеулер бөлімінің редакторы, 1984 жылы туған.
10. Қайырхан Тұматов, 1955 жылы туған.
11. Валерий Ануфриев.
12. Имина Оспанова, 1963 жылы туған.
Ұлттық аза тұту күні жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Ұшақ ішінде шетелдік азаматтар да болған. Олар:
- Сон Юрий (Украина);
- Сон Яна (Украина);
- Клыков Маг (Қырғызстан);
- Нурлан Маулина (Қытай).
Апатта жалпы саны 67 адам зардап шеккен. Алматыдағы медицина мекемелеріне қазірге дейін 49 адам жеткізілген. Олардың 18-і ауыр халде жатыр.
Үкіметтік комиссия жұмысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия мүшелері апат болған жерге аттанды.
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр негізінен, әуе кемесінің алдыңғы жағында отырған жолаушылар қаза тапқанын хабарлады:
"Ұшу-қону жолағында арасы 300-400 метр болатын екі із бар, бұл ұшақтың артқы бөлігімен жерге екі рет соққанын айғақтайды. Жолақ соңында ұшақ оңға бұрылған. Бұл уақытта ұшақ шассиі жиналып қойғандықтан, оңға бұрылған ұшақ қоршау мен жеке үйге соғылыпты. Бұл кезде үйде ешкім болмаған. Ұшақ екі бөлікке бөлінген. Қайтыс болған жолаушылардың көбі ұшақтың алдыңғы жағында отырған".
Склярдың мәлімдеуінше, құтқару операциясына жалпы саны 1000 адам, 72 техника және 33 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Қазірге дейін жедел байланыс желісіне 603 қоңырау келіп түскен.
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі экипаж мүшелерінің тізімін ұсынды:
Әуе кемесінің капитаны – Мұратбаев Марат Ғаниұлы, 07.03.1961 жылы туған;
Екінші пилот – Молдақұлов Миржан Ғайнулұлы, 04.05.1965 жылы туған;
Бортсеріктер: Валиулина М., Сахов М.А., Османов Р.Д.
Склярдың айтуынша, қаза тапқан әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев өте тәжірибелі пилот болған. Екінші пилот Миржан Молдақұлов ауыр жарақат алып, қазір ауруханада жатыр.
Апатқа ұшыраған ұшақ 1996 жылы құрастырылған.
Ұшақтың ұшу жарамдылығы туралы сертификат 2019 жылдың мамыр айында ұзартылған.
Bek Air әуе компаниясында мұндай 10 ұшақ бар. Олардың 9-нда ұшуға жарамды екенін растайтын сертификат бар.
Аман қалған жолаушы Әсел Әбілдаеваның әңгімесі
Апатқа ұшыраған Z92100 рейсінің жарақат алған жолаушысы Әсел Әбілдаева апат уақытында ұшақ ішінде болған жағдай туралы әңгімелеп берді:
"Таңғы сағат 7:05-те ұшуға тиіс едік, бірақ қызметкерлер қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ұшақ мезгілінен сәл кешігіп ұшты. Әуеге көтерілгеннен кейін аз уақыттан соң, ұшақ өздігінен дірілдеп, оң жағына қарай қисая бастады. Сосын бір нәрсеге соғылды, бірақ соққы жеңіл болатын. Біз әрі қарай сапарымызды жалғастырамыз деп ойладық. Алайда көзді ашып-жұмғанша, әуе көлігі екінші рет тағы да соғылды. Бұл жолы соққының қатты болғаны сонша, артқы жақта отырған жолаушылардың барлығы алдына қарай ұшып түстік. Ал алдыңғы қатарларда отырған адамдар үйге соғылды.
Жолаушылардың барлығы не істерін білмей, айқайлап шулай бастады. Бір сәтте апаттық есікті ашып, сыртқа шықтық. Қатты жарақаттанбаған адамдар қирандыларды аршып, борттағы адамдарды сыртқа шығураға тырыстық. Кішкентай балалар көп болды, соның екеуін менің жанымдағы досым сыртқа шығарды. Барлығымыз мейлінше жылдам қимылдауға тырыстық, өйткені борттан күйіктің иісі шыға бастады. Ұшақ жарылып, өрт шықпай тұрғанда адамдарды далаға шығаруға тырыстық".
Далаға аман шыққан жолаушылар құтқару және жедел жәрдем қызметін шақырған. Құтқарушылар 20 минут өткенде ғана жеткен.
"Дәрігерлер апат болған жерге тек 40 минуттан соң жетті. Ол аралықта біраз адам қайтыс болып кетті. Болған жәйтті есіме де алғым келмейді. Жолаушылардың дене мүшелері әр жерде шашылып жатты. Жақындарының мәйітін құшақтап жылап отырған адамдар болды. Құдды бір қорқынышты түс көргендеймін. Бүгін өмірімде бірінші рет ұшаққа отырған едім, енді ешқашан әуе көлігіне мінбеймін. Қауіпті алдын ала сезгендей қатты қорқыппын", – деді Әсел Әбілдаева.
Оқи отырыңыз: Көктегі жағдайға жерден жәрдем
Bek Air әуе компаниясының қызметі апаттың мән-жайын анықтап болғанша уақытша тоқтатылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұшақта қаза болған жандардың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Елбасы жолдаған телеграммада:
"Алматыдан ұшқан Bek Air әуе компаниясының ұшағында қаза болған жандардың туған-туыстарына, жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін" делінген.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев апат орнында болып, іздеу-құтқару жұмысының барысымен танысты.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабына сәйкес тергеу жұмыстарын бастады.
"Тәжірибелі тергеуші, криминалистерден жедел-тергеу тобы құрылды. Олардың қатарында ІІМ орталық аппаратының, Алматы қаласы және Алматы облысының полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері бар", – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Жарақат алғандар тізімі
- Нурманова Сауле;
- Нурманов Асхат;
- Нурбекова Адина;
- Нурбекова Мариям;
- Жалгасов Али;
- Баинбетова Гульмира;
- Тасмагамбетова Асия;
- Фалиулина Маржан;
- Жолдыбаев Бекзат;
- Жумаханов Ченгиз;
- Баймуратов Нурислан;
- Гатият Абилжан;
- Абильдаева Асель;
- Сериков Мейранбек;
- Адаев Еркибулан;
- Толебаев Орлан;
- Толешева А.Ж.;
- Тазабергенов;
- Ибраис Дархан;
- Кауралбай Темирхан;
- екі баланың аты-жөні белгісіз.
Тоқтатылған әуе рейстері
Әуе апатына байланысты Bek Air әуе компаниясының 27 желтоқсанға жоспарланған барлық Fokker-100 ұшақтары тоқтатылды:
- 10.45 Алматы – Нұр-Сұлтан;
- 11.00 Қызылорда – Нұр-Сұлтан;
- 13.10 Нұр-Сұлтан – Шымкент;
- 14.00 Алматы – Павлодар;
- 14.05 Алматы – Ақтау;
- 14.35 Нұр-Сұлтан – Атырау;
- 15.30 Шымкент – Атырау;
- 16.30 Павлодар – Алматы;
- 16.30 Атырау – Шымкент;
- 17.25 Ақтау – Шымкент;
- 18.25 Алматы – Орал;
- 17.40 Атырау – Нұр-Сұлтан;
- 20.30 Шымкент – Нұр-Сұлтан;
- 21.30 Шымкент – Ақтау;
- 21.30 Орал – Алматы;
- 21.40 Нұр-Сұлтан – Алматы;
- 23.00 Нұр-Сұлтан – Алматы;
- 23.55 Ақтау – Алматы.
Bek Air әуе компаниясы апатта қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты:
"Біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан қызметкерлерден ресми ақпарат күтіп отырмыз. Аноним түрде таралып жатқан хаттарға мән бермеулеріңізді сұраймыз. Себебі, ол алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін. Сондықтан, ресми ақпаратты күтулеріңізді өтінеміз".
Air Astana қосымша рейс ашты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, қосымша рейс Алматы – Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында тоқтап қалған Bek Air әуе компаниясының тоқтап қалған рейстерімен ұшуы тиіс болған жолаушыларды тасымалдау мақсатында ашылған. Бұл рейсте қайтыс болған және жарақат алған жолаушылардың туыстарына арналған блок болады. Рейс Алматыдан 28 желтоқсанда таңғы 7.15-те ұшады.
Жарақат алғандар жеткізілген ауруханалардың телефоны:
- Алматы облыстық аурханасы: +7 (7272) 270 36 10, 270 36 14;
- Орталық қалалық клиникалық аурухана: +7 (7272) 274 83 43;
- Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасы: +7 (7272) 292 36 20;
- Балаларға арналған шұғыл медициналық жәрдем орталығы: +7 (7272) 274 45 43.
Фейсбук әлеуметтік желісінде жарақат алған жолаушыларға донорлық қан керек екені хабарланды.
Мекен-жайы: Алматы қалалық қан құю орталығы: Бұқар жырау, 47, тел: 274-31-99.
Алматы облыстық қан құю орталығы: Қаскелең, Абылай хан көшесі, 42. Телефоны: +7 (72771) 2 28 04.
Ішкі істер министрлігінің жедел желі номері:
Тел: 8 (7172) 53-32-84.
Алматы облысының ТЖҚ: 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18;
Нұр-Сұлтан ТЖҚ: 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.