Пойызбен жол жүргенде қазақстандықтар көптеген жағдайларға тап болады. Мәселен, соңғы аялдамаға жетуге бір жарым сағат қалғанда жолсеріктер жолаушыларды оятып, төсек жабындыларын тапсыруды талап етеді. "Жолаушылар тасымалы" АҚ іnformburo.kz редакциясына клиенттер жолсеріктерден қандай қызметтерді талап ете алатыны төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.

Оқи отырыңыз: Мереке қарсаңында пойыз билеттері екі есеге жуық қымбаттап жатыр

№1. Жолсеріктен төсек салып беруді кімдер өтіне алады?

Мүгедектер, жасы ұлғайған, денсаулығында кінәраты бар, сондай-ақ кішкентай баласы бар жолаушылар. Ішкі нұсқамаға сәйкес, жолсеріктер "Фирмалық" санатындағы пойыздардың Купе, СВ вагондарының жолаушыларына да төсек салып береді.

Оқи отырыңыз: Наурыз мейрамына қарай қосымша пойыздар жолға шығады

№2. Жолаушының төсек жабындыларын жинап тапсыруы міндетті ме?

Жоқ, міндетті емес. Жолсеріктер мұны сыпайы түрде жолаушылардан өтінсе, болады. Ішкі құжаттарға сәйкес бұл жұмыстарды негізі жолсеріктің өзі істеуі керек.

Оқи отырыңыз: FlyArystan лоукостерлері: Жолаушы борттағы қандай қызметтер үшін қосымша ақы төлейді?

№3. Жолсерік жолаушыны соңғы аялдамаға қанша уақыт қалғанда ұйқыдан оятуы тиіс?

Жолаушы өзін ерте оятуды сұрауы мүмкін. Алайда, жолсерік жолаушы түсетін аялдамаға 30 минут қалғанда төсек жабындыларын жинап алады. Сондықтан, сізге түсетін уақытыңыздан ерте тұрып, санитарлық зонаға дейін әжетханаға бару қажет болмаса түсетін уақытыңызға дейін вагондағы орныңызда жата берсеңіз болады.

Оқи отырыңыз: Ұшақтар мен пойыздарда жануарларды алып жүру тәртібі

№4. Вагондарда қанша әжетхана ашық болуы тиіс?

Кейде әжетханаларда кезектен тыс тазалық жұмыстарын жүргізбес үшін жолсеріктер олардың біреуін жауып қояды. Алайда бұлай жасауға олардың құқы жоқ. Санитарлық зоналар мен санузелдерінің істен шығу жағдайлары болмаса, басқа кезде жол бойы әжетханалардың бәрі ашық болуы тиіс.

Оқи отырыңыз: FlyArystan: 4 cағаттан көп уақытқа кешіккен ұшақ жолаушыларына билет құны қайтарылады

№5. Вагондарда тазалық жұмыстары қанша рет жасалады?

Вагондар мен салондар қажеттілігіне қарай, алайда тәулігіне кемінде екі рет, ал әжетханалар – тәулігіне кемінде төрт рет тазалануы тиіс.

№6. Пойыздарда қандай қызметтер тегін көрсетіледі?

  • Вагондарды тазалау;
  • Төсек жабындыларын ұсыну;
  • Дәрі қобдишасын пайдалану;
  • Әжетханаға қажетті заттарды пайдалану;
  • Вагон салонында қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;
  • Ыстық сумен қамтамасыз ету.

Оқи отырыңыз: Әуе билетінің бағасы неге жиі құбылады? Ұшақ жолаушылары тағы нені білуі тиіс?

№7. Қандай пойыздарда мейрамхана-вагондары болады?

Жиырма сағаттан аса уақыт жолда жүретін облысаралық және халықаралық бағыттағы, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларды Астанамен байланыстыратын барлық пойыздарда.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Проводники VS пассажиры: какой сервис должен быть в поездах

№8. Жолсеріктер қандай қосымша қызметтерді ұсына алады?

  • Сейф қызметтері;
  • Жаңадан шыққан газет-журналдар ұсыну;
  • Мейрамхана-вагондарының өнімдерін сату;
  • Тағамдарды купеге жеткізіп беру (фирмалық және жүрдек пойыздарда);
  • Тоңазытқышта бұзылып кететін тағамдарды сақтау;
  • Тағамдарды пештерде жылытып беру;
  • Радио және видеохабарлар тарату, видеокассеталарды жалға беру;
  • Гигиеналық құралдарды беру;
  • Шайға қажетті тағамдарды беру;
  • Отырып баратын вагондардан құралған пойыздарда тамақ ішуге қажетті үстелше ұсыну;

№9. Пойыздарда қандай орындарда шылым шегуге болады?

Жолаушылар пойыздарымен жол жүру ережесінің (әрі қарай – Ереже) 75 тармағына сәйкес арнайы орындарда (жұмыс істемейтін тамбурларда) шылым шегуге рұқсат етіледі. Дизельмен жүретін және электр пойыздарында, сондай-ақ "Тұлпар-тальго" пойыздарында шылым шегуге тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: Керосин толығымен өзімізден шығады. Енді мемлекет ұшақ билеттерінің бағасына араласпайды

№10. Қанша жүкті тегін алып жүруге болады?

Ересек адам бір билетімен және баланың билетімен 35 кг аспайтын 100х50х50 см көлемнен аспайтын жүк сөмкесін тегін тасымалдай алады. Ал, "Talgo" фирмасының пойыздарында өзіңізбен бірге 70х40х40 см көлемдегі қол жүгін алып жүре аласыз. Нормадан асып кеткен жағдайда қосымша жүкке ақы төлеу қажет. 50 кг дейінгі салмақтағы жүк үшін толықтай бағасын төлеп, тағы бір жол жүру билетін сатып алу керек. 300 кг дейінгі жүкті тасымалдау үшін төрт бірдей орынның билетінің құнын төлей отыра, бөлек купені сатып алу қажет. Егер Ресейге жол жүретін болсаңыз 14 кг дейін қол жүгін тегін алып жүруге құқыңыз бар. 150 кг дейінгі жүк үшін біртұтас купені сатып алуға тура келеді.

№11. Жолсеріктерге сәлемдеме беріп жіберуге бола ма, оның құны қанша?

Былтыр "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарына тасымалдауды ұйымдастыруға "Бригадирлік конверт" қызметі енгізілді. Қазақстанның кез келген нүктесіне 500 теңгеге пойыз басшысы арқылы конверт беріп жіберуге болады. Жолданатын конверттің көлемі (Қағаз түріндегі жолдамалар ғана алынады) А4 форматынан және ені 3 см аспауы тиіс.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда арзан әуе билеттерін қалай сатып алуға болады?

№12. Жолсеріктің пойызға кіргізбеуге, жолда пойыздан түсіріп тастауға құқы бар ма?

Ереженің 65 тармағына сәйкес қоғамдық тәртіпті және басқалардың тыныштығын бұзғандарды тасымалдаудан бас тарта алады. Мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының мамандары, пойыз басшысы және жолсеріктің қатысуымен жолаушыны жақын маңдағы тірек бекеті бар стансадан түсіреді. Бұл жерде үш данада қол жүгін көрсетумен акт жасалады. Жолаушыға билет бағасы кері қайтарылмайды.

№13. Жолсеріктің жұмыстарына көңіліңіз толмаса қайда шағым жасауға болады?

Егер жолсерік өз қызметін орындамаса немесе лайықты деңгейде істемесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның +7(717)260-01-32, +7(717)260-01-61, +7(717)2600162 нөмірлі сенім телефондарына қоңырау шалуға немесе ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 8(708)088-08-00 нөміріндегі WhatsAPP жүйесіне хабарлама тастауға болады.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.