№1. Қандай ұшақтармен ұшу тиімді?
Арзан билет алу үшін лоукостерлерді таңдаған дұрыс. Лоукостер – дәстүрлі жолаушылар қызметінің көбінен бас тартып, оның орнына барынша арзан билет ұсынатын бюджеттік компания. Мұндай билеттерді сатып алғанда жолаушылар үшін аздаған ыңғайсыздықтар болуы мүмкін: ұшақ салонындағы орындықтар арасы тығыз, әуежайда тіркелу ақылы (онлайн тіркелу негізінен тегін), жүк үшін қосымша ақы алынады, орынды бортта таңдайды және тамақтану да сонда. Лоукостерлердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мына жерден оқуға болады.
Оқи отырыңыз: Әуе билетінің бағасы неге жиі құбылады? Ұшақ жолаушылары тағы нені білуі тиіс?
№2. Қазақстанда халықаралық рейстерге қандай бюджеттік әуекомпаниялар ұшады?
- Wizzair.
- "Победа".
- Air Arabia.
- Fly Dubai.
- Pegasus.
- Scat.
- МАУ.
- LOT.
Бұдан бөлек, KLM аталатын голландиялық әуекомпания акциялар мен жаппай сатылымдардарын жариялап тұрады. Отандық Air Astana да ара тұра өз клиенттеріне осындай жеңілдіктерді ұсынады.
Оқи отырыңыз: FlyArystan: 4 cағаттан көп уақытқа кешіккен ұшақ жолаушыларына билет құны қайтарылады
№3. Бағасы тиімді билеттерді қайдан табуға болады?
Аviata.kz немесе chocotravel.com сияқты көптеген іздеу жүйелері бар. Осылар арқылы ең арзан бидеттерді таып алуға болады. Оның "бірақ" дейтін тұсы да бар: көптеген мұндай сайттар лоукостердің – әуе компанияларының билеттерін көрсетпейді.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Как купить дешёвый авиабилет в Казахстане?
№4. Сайттардан билет іздеп көрдіңіз, әрі қарай не істеу керек?
Бағасы тиімді билеттерді өзіміз іздейміз. Іздеу жүйесін бірнеше жүйеден қарастыру керек: олардың кейбірі үстеме ақымен сатады, сондықтан әрқайсының бағасын салыстырып отыру маңызды. Билетке үстемеақы қосылмағанына нақты көз жеткізу үшін таңдалған әуе компаниясының сайтын ашып көріп, ондағы билет бағасын тексереміз. Кейде әуе компаниясының сайтында билет іздеу жүйесіндегіден едәуір арзан болады. Кейде керісінше қымбат болуы да ықтимал, өйткені іздеу сайттарында да жеңілдік акциялары болып тұрады. Өзіңіздің ең арзан билетті алғаныңызға сенімді болу үшін бағаны лоукостер компаниялардың сайтына кіріп тексеріңіз. Өйткені, бұған дейін айтылғандай іздеу сайттары көп жағдайда лоукостерлердің билеттерін көрсетпейді.
Оқи отырыңыз: FlyArystan лоукостерлері: Жолаушы борттағы қандай қызметтер үшін қосымша ақы төлейді?
№5. 11-15 наурызға Астана – Рим – Астана бағытына ең арзан билет қарап көрелік
Сайттардан іздейміз. Aviata.kz Aeroflot әуекомпаниясы ның 136 449 теңге тұратын ең арзан билетін ұсынды. Chocotravel.com сайты осы рейске кішкене арзанырақ 136 049 теңге тұратын билетті көрсетіп тұр.
Aeroflot компаниясының ресми сайтына кіріп, Астана – Рим – Астана бағытына билет іздейміз. Бұл бағыттағы билет мұнда 135 987 теңгеге шығып тұр.
Wizzair лоукостерінің сайтына кіреміз. Ол Римге Астанадан тікелей ұшпайды. Бірақ, Будапешт арқылы ұшуға болады. Ол үшін алдымен Астана – Будапешт – Астана бағытында рейс іздеп көреміз. 115 еуроға шығып тұр (жүксіз). Бұдан кейін Будапешт – Рим – Будапешт бағытында билет іздейміз. Барлық ұшу билеті шамамен 200 еуроға пара-пар. Теңгеге шаққанда (432 теңге бағаммен) – 86 400 теңге тұрады. Шындығында, қолайсыздықтар болады. Будапештен Римге шығатын түні әуежайда қону керек. Алайда, саяхатты өзіңізге тиімді ұйымдастырып, Будапеште бір-екі күн қыдыруға да әбден болады.
* Бұл бағыттағы билеттер құны материал жазған уақытта қаралған. Билет бағасы сатып алатын мерзімге қарай өзгеруі мүмкін.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.