Үміткерлер өтініші мен құжаттарын www.almaty-jastary.kz сайты арқылы өткізе алады.

Ол үшін құжат тапсырушының электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. ЭЦҚ алу жолын мына жерден оқыңыздар.

Пәтер пул кезегі бойынша 5 жылға жалға беріледі. Қазіргі уақытта Алатау ауданындағы 255 пәтерден тұратын үшінші пул дайын.

Оқи отырыңыз: Ипотека төлеушілер үшін салық жеңілдігі қандай?

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Бағдарламаға 29 жасқа толмаған, орта немесе жоғары білім алған, жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады;
  • Үміткер Алматы қаласында соңғы 2 жылда (одан кем болмауы тиіс) тұрақты тіркелген болуы шарт;
  • 2 жыл ішінде өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс (орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлауға жақын тұрған тұрғын үйді есепке алмағанда).
Бағдарламаға қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
  • Форма бойынша өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • Білімі туралы құжаты;
  • 2008 жылға дейін алынған неке қию туралы куәлік;
  • 2008 жылға дейін туылған балалардың туу туралы куәлігі;
  • Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
  • Жұмыс орнынан анықтама;
  • Өтініш берушінің соңғы 6 ай ішіндегі табысы туралы анықтама (кемінде 40 АЕК мөлшерінде ай сайынғы табыстың болуы шарт);
  • Еңбек өтілін растайтын құжаттары;
  • Банкте жинақ шотының болуы және нөмірі туралы анықтама;
  • Өтініш берушінің түрлі қызметіндегі жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (диплом, марапаттар және алғыс хаттар).

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жастардан жалдамалы баспанаға құжат қабылдау басталды

Өтініш берушілердің тізімі жасалғанда ұпай жүйесі (ең көп ұпай саны бойынша) есепке алынады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған. Бағдарлама қатысушылары құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініштің қарастырылу процесін сайттағы жеке кабинетінен бақылап отыра алады.

Анықтама телефондары: +7(727)2251452, +7(727)225143, +7(727)2251457.