Үміткерлер өтініші мен құжаттарын www.almaty-jastary.kz сайты арқылы өткізе алады.
Ол үшін құжат тапсырушының электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. ЭЦҚ алу жолын мына жерден оқыңыздар.
Пәтер пул кезегі бойынша 5 жылға жалға беріледі. Қазіргі уақытта Алатау ауданындағы 255 пәтерден тұратын үшінші пул дайын.
Оқи отырыңыз: Ипотека төлеушілер үшін салық жеңілдігі қандай?
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Бағдарламаға 29 жасқа толмаған, орта немесе жоғары білім алған, жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады;
- Үміткер Алматы қаласында соңғы 2 жылда (одан кем болмауы тиіс) тұрақты тіркелген болуы шарт;
- 2 жыл ішінде өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс (орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлауға жақын тұрған тұрғын үйді есепке алмағанда).
- Форма бойынша өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Білімі туралы құжаты;
- 2008 жылға дейін алынған неке қию туралы куәлік;
- 2008 жылға дейін туылған балалардың туу туралы куәлігі;
- Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
- Жұмыс орнынан анықтама;
- Өтініш берушінің соңғы 6 ай ішіндегі табысы туралы анықтама (кемінде 40 АЕК мөлшерінде ай сайынғы табыстың болуы шарт);
- Еңбек өтілін растайтын құжаттары;
- Банкте жинақ шотының болуы және нөмірі туралы анықтама;
- Өтініш берушінің түрлі қызметіндегі жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (диплом, марапаттар және алғыс хаттар).
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жастардан жалдамалы баспанаға құжат қабылдау басталды
Өтініш берушілердің тізімі жасалғанда ұпай жүйесі (ең көп ұпай саны бойынша) есепке алынады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған. Бағдарлама қатысушылары құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініштің қарастырылу процесін сайттағы жеке кабинетінен бақылап отыра алады.
Анықтама телефондары: +7(727)2251452, +7(727)225143, +7(727)2251457.