"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" ипотека: баспана сатып алу үшін қанша қаражат жинау керек?
"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" төмен пайызбен ипотека алуды көп адам армандайды, алайда ол үшін кем дегенде үш жыл пәтер ақысының жарты сомасын жинау керек. Күткісі келмейтіндерге банк аралық қарыздарын бере алады.
Оны қалай рәсімдеу керек? Бағалау көрсеткіші дегеніміз не және ол пайыз мөлшерлемесіне қалай әскер етеді? Салымшының несие тарихы онша емес болса не істеу керек? Informburo.kz "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" несие алу мәселесіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді.
Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
№1."Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" тұрғын үй қарызын қалай алсам болады?
Бұл үшін әуелі банктен депозит ашу керек. Оған тек жеке куәлік қана керек.
Банк тұрғын үй қарызын жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен береді. Мөлшерлеме көлемі бағалау көрсеткішіне тікелей байланысты. Несие алу үшін төмендегі талаптарға сәйкес болу керек:
- Жинақ мерзімі үш жылдан кем болмауы тиіс;
- Депозитке пәтер құнының 50%-ын құю керек;
- Бағалау көрсеткішінің минималды көрсеткішіне жету қажет.
Шарттар орындалғанда банк жетпей тұрған 50% соманы несиеге жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен береді. Несие бойынша пайыздар тек берілген сомаға есептеледі.
Қарызға берілетін максималды сома – 100 млн теңгеге дейін.
Несиелеу мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін.
Оқи отырыңыз: Биыл ипотекаға пәтер алу жеңілдей түсті. 2019 жылы жылжымайтын мүлік нарығы қалай өзгереді?
№2. Банк ипотеканы тек жаңадан салынған үйден пәтер сатып алуға бере ме?
Жоқ, "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" сіз несиені бастапқы, не екінші нарықтағы пәтерді сатып алуға ала аласыз. Екіншісі кірпішпен немесе монолитпен қаланған, пайдалануға берілген мерзімі – 60 жылдан аспаған болуы, ал панельді үйлер – 50 жылдан аспаған болуы тиіс.
Сонымен бірге сіз жер теліміне және ол жерде үй салуға да қаражат жинай аласыз. Немесе құрылысы біткен баспанасымен бірге жер телімін сатып ала аласыз. Бұл ретте жер телімі жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы ретінде рәсімделген болуы тиіс.
Оқи отырыңыз: "Жастарға – жаңа тұрғын үй бағдарламасы". Алматы әкімінің тұрғындармен кездесуінен репортаж
№3. Ипотека алу үшін үш жыл күткім келмейді. Не істеймін?
Егер сіз жылдар бойы ипотекаға ақша жинағыңыз келмесе, банк сізге аралық қарыз бере алады. Бұл жағдайда қойылатын басты талап – сізде пәтер құнының 50% сомасы болуы тиіс. Осы сомаға депозит ашасыз, банк оның орнына сізге несиені пәтердің 100% сомасын әрі қарай төмендеу талабымен жылдық 7%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемеде береді.
Банк үш жыл депозит сомасына 2% сыйақы есептейді және жыл сайын үкіметтің 20% көлеміндегі сыйақысы қосылады. Үш жыл бойына салымшыға банкке пәтер сатып алуға жетпеген 50% сомасының пайызын емес, банктің берген 100% cомасының пайызын төлеуге тура келеді.
Жинақ кезеңі аяқталғаннан кейін сіз аралық қарыздан 3,5%-дан 5%-ға дейінгі тұрғын үй қарызына ауыса аласыз. Депозиттегі ақша негізгі қарызды өтеуге кетеді.
Қарыз көп дегенде 25 жылға беріледі. Несиеге сатып алатын баспана бағасы 90 млн теңгеден аспауы тиіс.
Оқи отырыңыз: Көп балалы отбасыларға үй беріле бастады. Жалдамалы үйлер мен 2% несиені алу үшін қойылатын талаптар
№4. Ипотеканы ең төменгі пайызбен қалай ала аламын? Бағалау көрсеткіші деген не?
Бағалау көрсеткіші (БК) – бұл салымшының қаржылық тәртібінің көрсеткіші. Көрсеткіші жоғары салымшылар басымдыққа ие болады. Салым сомасы аяқталғанда бағалау көрсеткіші жоғары болса, пайыздық көрсеткіш төмен болады.
Оның көлеміне ай сайынғы салынған қаражаттардың көлемі әсер етеді. Егер ақшаны уақыты салып тұра алмасаңыз, келесі айда екі есе қаражат құйып, БК баллынан айырылып қалмау мүмкіндігі бар.
Үш жыл ішінде БК (16) мен жинақ төменгі көрсеткіште болса несие 5% мөлшерлемемен беріледі. Егер төрт жыл ішінде тапжылмастан ақша салып отырып, БК 20-ға жетсе, мөлшерлеме 4,8%-ға дейін төмендейді.
Егер сіз пәтердің жарты сомасын үш жыл болмай жатып жинап қойсаңыз, ал бағалау көрсеткіші минималды көрсеткішке (16) жетсе, жинақты қажетті мерзім бойы ұстамағандықтан сізге қарызды 5% мөлшерлемемен бермейді. Мұндайда күтуге не болмаса аралық қарыз алуға тура келеді.
Оқи отырыңыз: 2020 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен кім үй ала алады?
№5. Ай сайын депозитке қанша ақша салуым керек?
Мәселен, сіздің ипотекаға алғыңыз келетін баспананың бағасы 10 млн теңге болса, бұл депозиттің келісілген сомасы болып есептеледі. Үш жылда оның 50%-ын жинау үшін ай сайын 130 мың теңгедей қаржы құю керек. Бұл жағдайда бағалау көрсеткіші өседі, үш жылдан кейін 16 көрсеткішіне жетеді. Сәйкесінше сіз қажетті 5 млн теңгені жылдық 5% мөлшерлемемен ала аласыз.
Егер одан аз ақша салып отырсаңыз, онда әрі қарай да жинауға тура келеді. Мұндайда бағалау көрсеткіші өседі, бұл дегеніңіз несие бойынша пайызды төмендедетін мүмкіндік.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Ипотека от Жилстройсбербанка: сколько нужно копить, чтобы купить квартиру?
№6. 20% бастапқы жарнам болса пәтер сатып ала аламын ба?
Егер сізде пәтердің 20% сомасы болса, сізге банк баспана сатып алуға алдын ала қарыз бере алады. Бұл жағдайда сізге бір уақытта несие бойынша пайызды төлеп, тұрғын үй қарызына өту үшін бастапқы жарнаны 50% дейін жеткізу керек болады. Алдын ала қарызды тек "Нұрлы жер" және банктің "Өз үйім" бағдарламасымен алу мүмкіндігі бар .
Мемлекеттің "Нұрлы жер" бағдарламасымен несие алу шарттары:- Несие бойынша мөлшерлеме – жылдық 5%-дан басталады;
- Пәтердің құны 45 млн-нан аспауы тиіс.
- Несиелеу мерзімі – 8 жылға дейін.
"Нұрлы жер" бағдарламасымен салынып жатқан нысандар бойынша барлық ақпаратты сайттан білуге болады.
"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" "Өз үйім" бағдарламасымен несие беру шарттары:
- Несие мөлшерлемесі – жылдық 7% (әрі қарай 5% -ға дейін төмендеу шартымен);
- Пәтердің құны 45 млн-нан аспауы тиіс;
- Несиелеу мерзімі – 8 жылға дейін;
- Пәтерді құрылысы жүріп жатқан кезде сатып алу мүмкіндігі бар.
Банк сонымен қатар әскерилерге, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және Алматының жастарына жеңілдікпен несие береді. Олардың шарттары мына жерде жазылған.
Оқи отырыңыз: Көп балалы отбасыларға айына 6,5 мың теңгенің үйлері беріле бастайды
№7. Несие тарихым онша емес болса не істеймін?
Мұндайда банктен ипотеканы егер басқа банктерде несие бойынша қарыз 100 мыңнан аспайтын болса және қарызды төлеудің өтіп кеткен мерзімі 90 күннен аспайтын болса ғана ала аласыз. "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" қарыз алу үшін басқа банктердегі несиені толықтай жабу керек болады.
Егер басқа банктердегі қарызыңыз 100 мыңнан асатын болса, және қарызды төлеудің өтіп кеткен мерзімі 90 күннен көп болса, тек 3 ай өткеннен кейін қарызды жапқаннан кейін "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" несие ала аласыз.
Басқа банктерден алған несиені қайта қаржыландыруға да болады. Алайда бұл үшін басқа банктен алған қарыздың қалған сомасының 50%-ын жинау керк.
Оқи отырыңыз: 60 млрд теңге жеңілдетілген несие. Биыл "Әскери баспанамен" кімдер үй ала алады?
№8. Ақша жинау кезінде қандай сыйақы бар, егер оны жинаудан бас тартып, депозитті жауып тастаса, сыйақыға не болады?
Пәтер бағасының 50% сомасын жинау барысында, бағалау көрсеткішін ұлғайтасыз және сіздің депозитіңізге 2% банктің сыйақысы, сондай-ақ мемлекеттің 20% көлеміндегі сыйақысы есептеледі. Сыйақы 200 АЕК-тен (2019 жылы 1 АЕК = 2 525 теңге) аспайтын сомаға есептеледі. Бір жылда 200 АЕК-тен көп қаражат жинап үлгерсеңіз де, сыйақыны тек осы көрсеткішпен аласыз.
Егер ашылған мерзімі үш жылға жетпейтін депозитті жабатын болсаңыз, сізге осы кезге дейін есептелген сыйақысы тек өзіңіздің жинап келген қаражаттарыңыз қайтарылады. Банктің 2 пайыз сыйақысы сізде қалады.
Егер депозитті ашқаннан кейін 3 айдың ішінде жабатын болсаңыз, сізден ішіндегі соманың 1% көлемінде комиссия ұсталады. Егер депозиттің ашылған мерзімі 30 күннен асатын болса, тек 5 мың теңге ұсталып қалады.
Оқи отырыңыз: Әйелдер ипотекасы мен "Корпоратив" бағдарламасы. Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері қандай?
№9. Банктегі шотымды сатқысы келсе, не істеу керек?
Депозитті сатуға (құқықты басқаға беру) не сатып алуға болады. Ашылған мерзімі бір жылдан асқан депозиттерді бір рет сатуға банк рұқсат береді.
Бұл жинақ сомасын уақытынан бұрын шешіп алғысы келетіндерге тиімді. Көбіне сатушыларда БК жоғары болады, сәйкесінше депозит мерзімі де үлкен болады. Депозитті сатып алушыларға жылдар бойы ақша құйып, күтуге тура келмейтіні, онымен қоса тұрғын үй қарызын бірден жылдық 5% мөлшерлемемен алу мүмкіндігі болатынымен тиімді саналады. Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар ғана онлайн-сатып алуға қатыса алмайды.
Шотты сату үшін сізге "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі 24" интернет-банкингінде бастапқы бағаны көрсетумен хабарландыру жариялау керек. Ол ішіндегі жинақ сомасының 20%-нан аспауы тиіс. Бағаны көбейту қадамы 20 мың теңгені құрайды. Сатушы ең көп дегенде жинаған сомасының – 100%-на сатуды ғана ұсына алады. Жүйе ең көп ақшаны ұсынған үміткерді таңдайды. Қалғандарына кепілді жарналары қайтарылып беріледі.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары біріктіріледі. Үкімет қанша адамды үймен қамтиды?
№10. Отбасының басқа мүшелерімен бірге жинауға бола ма?
Табыстылығы жоғары болуы үшін депозитті жұбайына ғана емес, отбасының барлық мүшелері мен жақын туыстарға да ашуға болады. Мұндайда мемлекеттің сыйақысы бір депозитке ғана емес, бірнешеуіне есептеледі, сәйкесінше баспанаға ақшаны тез және арзанға жинауға мүмкіндік бар. Бұл әдіс – "Отбасы пакеті" деп аталады.
50% соманы жинап болғаннан кейін, мемлекеттің сыйақылары есептелген депозиттерді біріктіріп, тұрғын үй қарызын төменгі сыйақы мөлшерлемесімен алуға болады.
Депозитті кәмелетке жасы толмаған балаларға да ашуға болады. Оларды да ересек адамдардың депозиттерімен біріктіруге болады. Алайда бұл оңай рәсім емес. Қаражатты шешіп, депозиттерді біріктіру үшін қамқоршылық органдарынан рұқсат алу керек.
Оқи отырыңыз: 2 пайыздық ипотекамен баспананы кім, қалай сатып ала алады?
№11. Ессіз күйге немесе түрмеге түскен салымшының жинақтарына не болады? Қарыздары үшін депозитіндегі ақшадан айырылып қалу қаупі бар ма?
Егер салымшы қайтыс болса, 6 айдан кейін оның салымдары мұрагерлік қағидаларына сәйкес туысқандары арасында бөлінеді.
Егер салымшы ессіз күйге немесе түрмеге түссе, болмаса басқа да күтпеген жағдайларға тап болса, депозиті ашық тұра береді. Нотариус арқылы құқығын жақын туысына, досына, әріптесіне беріп, ақшаны салуды жалғастыруға болады.
Егер сіз басқа банктерге қарызданып қалсаңыз, несие беруші банк сіздің рұқсатыңызсыз жинақ шотыңыздан қарызын қайтаруды талап ете алады.
Бұл ретте "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" Азаматтық кодекс пен "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңға сәйкес бұл талапты орындауы тиіс.
Авторы Әди Тұрқаев.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.