Informburo.kz Қазақстанның халықаралық қатынастар бойынша кеңесі әзірлеген "Қазақстанның коронавируспен күрес стратегиясы: хронологиясы, шаралары, нәтижелері" атты талдамалық баяндамасындағы маңызды мәліметтерді ұсынады.

Коронавирустың таралуын алдын алу шаралары

Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы шараларды қолданудың бірінші кезеңі 2020 жылдың 26 қаңтарында басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке коронавирустың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу жөнінде батыл ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды.

26 қаңтарда Премьер-министр Асқар Мамин коронавирустың таралуына жол бермеу және Қазақстан аумағында алдын алу шаралары бойынша кеңес өткізіп, мынадай шаралар қабылдады:

  • Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде, оның ішінде әуе, автомобиль және теміржол көлігі объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейту;
  • Қытайдан келетін барлық адамға олардың тұратын жері бойынша медициналық бақылау жүргізу;
  • эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда медицина мекемелерінің халыққа қажет көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету;

Оқи отырыңыз: Коронавируспен күрес. Үкіметтің "Б" жоспары қандай шараларды көздейді?

  • Қытайға қызметтік іс-сапарға шығуды шектеу, сондай-ақ жеке істері бойынша және туристік мақсатта жол жүруден бас тартуға кеңес беру;
  • Қытайдан келетін транзиттік жолаушылар үшін Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз болу режимінің қолданылуын тоқтату;
  • "Қорғас" ШЫХО қазақстандық бөлігінің жұмысын уақытша тоқтату;
  • оларға консулдық және өзге де көмек көрсету мақсатында ҚХР аумағындағы қазақстандық азаматтармен жұмысты жандандыру;
  • мемлекеттік органдармен коронавирустыңтаралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру мақсатында Қытай және басқа да мүдделі елдердің тиісті мемлекеттік құрылымдарымен қажетті өзара іс-қимылдарды ұйымдастыру;
  • қажет болған жағдайда Қытайдың Ухань қаласындағы Қазақстан студенттері мен азаматтарын шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету;
  • вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен ведомствоаралық комиссия құрып, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.
27 қаңтарда Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет жанынан вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссияға барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттің әкімдіктері кірді.

27 қаңтардан бастап Қытаймен барлық 13 тұрақты автобус бағыты тоқтатылды.

31 қаңтарда санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтудің екінші кезеңі басталды: барлық шекаралардағы санитарлық-карантиндік пункттерге санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің 150 маманы қосымша жіберілді; жаңа инфекцияның зертханалық диагностикасы жолға қойылды; клиникалық емдеу хаттамасы және эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмдері бекітілді.

Оқи отырыңыз: "Сақтаныңыздар, бұл – ойын емес!" Коронавирус тараған елдердегі қазақстандықтардың монологы

1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жол жүру бағыттары бойынша жолаушылар пойызы тоқтатылды. Ақпан айының алғашқы күндері Қытайдың Ухань қаласынан Қазақстан азаматтары эвакуацияланды.

3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) тоқтатылды. Қытайдағы барлық шетел азаматтарына виза беру тоқтатылды.

171 Қазақстан азаматы инфекциялық бақылаудың барлық талаптарын сақтай отырып, Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасына орналастырылды.

20 ақпаннан бастап үкімет инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша күшейтудің үшінші кезеңін іске қосты. Осы кезеңде коронавирустың таралу қаупінің дәрежесіне байланысты елдерді үш санатқа саралау бойынша әдістеме әзірленіп, енгізілді. Коронавирус бойынша қолайсыз елдерден келгендерге қауіп-қатер деңгейіне байланысты тиісті медициналық мониторинг жүргізілді.

Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап

Төтенше жағдайға дейінгі үш кезеңде жасалған шаралар

Медициналық қамтамасыз ету желісі бойынша:

  • денсаулық сақтау министрлігі жанынан тәулік бойы 1406 Call-орталығын құру, +7 717 276 80 43;
  • мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту;
  • әуежайларда, темір жол вокзалдарында және автоөткелдерде барлық байланыссыз термометрияға арналған міндетті рәсімдерді енгізу;
  • науқастарға немесе науқастармен байланыста болған адамдарға арналған 6 000 төсектен тұратын инфекциялық стационарларды дайындау және тағы 4 700 төсекті қосымша орналастыру мүмкіндігі;
  • жеке қорғану, алдын алу және емдеу құралдарының қажетті қорын қалыптастыру;
  • жаңа инфекцияның зертханалық диагностикасын жолға қою;
  • емдеудің клиникалық хаттамасын және эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмдерін бекіту;
  • коронавирус таралу қаупінің дәрежесіне байланысты елдерді үш санатқа саралау әдістемесін әзірлеу және енгізу.

Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: Барлық медицина мекемелері жұқпалы аурулар ауруханасының форматында жұмыс істейтін болады


Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің жұмысы шеңберінде:

  • шет елдердегі республиканың елшіліктері мен консулдықтары жанынан онда жүрген қазақстандықтар тарапынан өтініш білдіру үшін жедел штабтар құру;
  • шетелдерден азаматтарды эвакуациялау бойынша көмек көрсету;
  • наурыз айының басында Қытайдан 480 қазақстандық эвакуацияланды;
  • Қазақстанның жекелеген елдермен қатынастарын шектеу;
  • Жоғарыда аталған шаралардан басқа Қытайға қатысты Әзербайжанмен, Оңтүстік Кореямен және Жапониямен авиарейстердің саны қысқартылды, Иранмен әуе қатынасы тоқтатылды және осы елдің азаматтарыны Қазақстанға кіруіне тыйым салынды.
Мемлекет басшысы коронавирустың енуіне және таралуына жол бермеу мақсатында бұқаралық мәдени және спорттық іс-шараларды, конференциялар мен көрмелерді өткізуге уақытша тыйым салып, сауда орталықтарында, базарларда, вокзалдарда, әуежайларда және т.б. адамдар көп жиналатын барлық жерде санитарлық режимді күшейтуді, жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, ал мектептердегі көктемгі демалыстың басталуын 16 наурызына ауыстыруды тапсырды.
Алдын ала қабылданған шаралардың арқасында Қазақстан бір жарым ай бойы өз аумағына коронавирустың енуін тежей алды. Бұл жерде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау аясындағы іс-шаралар маңызды рөл атқарды.

Оқи отырыңыз: Президенттің төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары. Толық тізім

Төртінші кезең – төтенше жағдай режимін жариялау

Төртінші кезең 13 наурызда басталды, өйткені дәл осы күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды.

Президенттің 15 наурыздағы жарлығымен президент жанынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия коронавирустың таралуына қарсы тұру ғана емес, ұлттық экономиканы қолдау, әлеуметтік саланы тұрақтандыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдады.

Төртінші кезеңде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және республика астанасында карантин режимі енгізілді. 28 наурыздан бастап екі мегаполисте карантинді күшейтуді ескере отырып, қарастырылып отырған режим мыналарды көздейді:

  • көлік құралдарының барлық түрлері үшін (белгілі бір жүгі бар көлікті қоспағанда) осы қаланың аумағына кіруді және одан шығуды жабу, бұл арнайы белгіленген блок бекеттерді, сондай-ақ онымен темір жол және әуе жолаушылар қатынасын тоқтата тұруды қамтамасыз етеді;
  • медициналық мекемелерді, коммуналдық қызметтерді, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және т. б. қоса алғанда, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажет жағдайларды қоспағанда, барлық ұйым мен кәсіпорын жұмысын әдеттегі режимде тоқтата тұру;
  • азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуды, сондай-ақ қажет анықтамалар болған кезде жұмысқа шығуды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;

Оқи отырыңыз: Зейнетақы мен жәрдемақылар 10 пайызға индексацияланады. Президенттің дағдарысқа қарсы 8 тапсырмасы

  • 65 жастан асқан азаматтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың көшеде жүрулерін шектеу;
  • кәмелетке толмағандардың ересек адамдарсыз жүріп-тұруына тыйым салу;
  • халықтың жаппай жиналатын орындарын жабу (саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
  • көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан (отбасы мүшелерін қоспағанда) артық топталып жиналуға тыйым салу;
  • қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
  • кіреберістерге және үй маңындағы аумақтарға зарарсыздандыру жүргізу;
  • барлық білім беру мекемелерін қашықтықтан оқытуға ауыстыру;
  • қоғамдық тамақтану орындарын клиенттерге жеткізу форматына көшіру.

Оқи отырыңыз: "Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады". Президент сұхбатындағы 11 өзекті мәселе

Халықты әлеуметтік қорғау шаралары:

  • төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған, сондай-ақ өз бетінше жұмыспен айналысушылар немесе бейресми жұмыс істейтін азаматтарға 1 ЕТЖ (42 500 теңге) мөлшерінде ай сайынғы төлем беру;
  • төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтардың барлық қарыздары бойынша өсімақылар мен айыппұлдарды есептеуге тыйым салу және негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру;
  • көпбалалы отбасыларға, барлық санаттағы мүгедектерге және ресми тіркелген жұмыссыздарға тегін азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын беру;
  • атаулы әлеуметтік көмекті қоса алғанда, зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды жылдық мәнде 10%-ға индекстеу;
  • сақтандырылмаған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін ұзарту;
  • коронавирусқа қарсы күрес іс-шараларына тартылған дәрігерлерге, полицейлерге және басқа мамандарға бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақы төлеу;
  • эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына бестен (212,5 мың) 20 (850 мың) ЕТЖ-ге дейін үш ай бойы төлеммен ай сайынғы тіркелген үстемеақы белгілеу.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан аман қалуға болады. Ол үшін дәл қазір не істеу керек?

Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары:

  • төтенше жағдай кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнестің (ШОБ) барлық несиелері бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру;
  • ШОБ субъектілеріне айыппұл мен өсімпұл есептемей, салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуді кейінге қалдыруды үш айға ұзарту;
  • экономиканың аса зардап шеккен секторларында (қоғамдық тамақтану, көлік қызметтері, IT-сектор, қонақүй бизнесі, туризм және т. б.) ШОБ субъектілері үшін 6 айға (1 сәуірден 1 қазанына дейін) еңбекақы төлеу қорынан салық және басқа да төлемдерді есептеу және төлеуді болдырмау;
  • барлық деңгейдегі атқарушы органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ШОБ субъектілері үшін өздеріне тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жалдау төлемдерін есептеуді үш ай мерзімге тоқтата тұруы;
  • мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың шарттық міндеттемелерін орындауын және нақты көрсетілген қызметтер мен жұмыстар бойынша барлық төлемдерді 5 күн ішінде жүзеге асыруды бақылауды күшейту;
  • Үкімет пен әкімдіктердің мемлекеттік азық-түлік корпорациясы арқылы отандық ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарынан өнімдерді кепілді сатып алуды кемінде алдағы 6 айға қамтамасыз етуі.

Оқи отырыңыз: Пандемия және Қазақстандағы эпидемия дедлайны. Сингапур ғалымдарының болжамы қандай?

Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша шаралар:

  • үкімет қалыптастырған ірі кәсіпорындармен жеке дағдарысқа қарсы жұмыс жоспарлары шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және тұрақты еңбекақы төлеу жөніндегі шараларды белгілеу;
  • "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыруға кем дегенде 300 млрд теңге қаражат бөлу және осы соманы 1 трлн теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігі;
  • Жол картасымен жұмыссыз жастарды тиісті төлеммен тасқынға қарсы, көктемгі-дала, құрылыс және басқа да жұмыстарға жұмылдыру және қатыстыру;
  • үкімет пен әкімдіктердің Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарында Жол картасымен нақты жобаларды жүзеге асыруы;
  • Жол картасымен жоғарыда көрсетілген өңірлерге жұмысқа шығуға дайын азаматтарға жұмыс орнына келгеннен кейін 2 ЕТЖ (85 мың теңге) мөлшерінде "көтермеақы" беру.

Халықаралық қатынастар желісі бойынша:

  • Сыртқы істер министрлігінің жұмысын тәуліктік режимге ауыстыру;
  • Қазақстандықтарды басқа елдерден қайтару жөніндегі қызметті жалғастыру. Тек 1-23 наурызда Air Astana әуе компаниясы шетелден 37 500-ден астам қазақстандықты әкелді. 18-21 наурызда билік әртүрлі елдерден 14 чартерлік рейс ұйымдастырды, соның нәтижесінде тағы 2 818 турист әкелінді;
  • шет елден гуманитарлық көмек тарту.

Оқи отырыңыз: 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Тоқаев мәлімдемесінің толық мәтіні


Қазақстанда қолға алынған шараларға сарапшылардың бағасы

Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес шараларын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өңірлік өкілдері мұқият қадағалап отырды. Мысалы, Ресей Федерациясындағы ДДСҰ өкілі Мелита Вуйновичтің пікірінше, дер кезінде қабылданған және оларды ұйымдастырудың ұсынымдарына толық сәйкес келетін карантиндік шаралар және азаматтардың өзін-өзі оқшаулауының жоғары деңгейі Қазақстанға инфекцияның таралу қарқынының төмендеуіне жедел қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстандағы ДДСҰ өкілі Кэролайн Кларинваль Қазақстан басқа елдердің сабақтарын меңгеріп отырғанын және шектеулерді енгізудің арқасында елдегі жағдайдың тыныш екенін атап өтті.

ДДСҰ мамандарының бағалауын толықтыруда еуропалық геосаяси талдау орталығының бас хатшысы Матеуш Пискорский (Польша) Қазақстанның пайдасына бұқаралық туристік ағындардың жоқтығын, кеңестік уақыттан бері сапалы денсаулық сақтау жүйесінің бар екенін және азаматтардың тәртіптілігінің жоғары деңгейін атап өтті.


Оқи отырыңыз: Карантиннен кейін жұмыссыз қалмаймыз ба? Әлеуметтік зерттеу


Ресей өңірлік проблемалар институтының бас директоры Дмитрий Журавлевтің пікірінше, іс-қимылдың үйлесімді механизмі, биліктің жүйелі тәсілі мен құрылған медицина жүйесі Қазақстанға коронавирустың таралуына қарсы тұруда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесінің сарапшысы Никита Мендкович Қазақстан әкімшілік және медициналық шаралар кешенінің арқасында коронавирус таралуының төмен деңгейін сақтап қалғанын атап өтті.

Украинаның саяси талдаушысы, халықаралық шолушы Андрей Бузаров коронавирус инфекциясына қарсы күресте Қазақстан Үкіметі өкілдері тарапынан іс-қимылдың кешенділігі мен жүйелілігінің тиімділігіне назар аударды. Сарапшы Қазақстандағы пандемиямен күрес стратегиясы санитарлық және экономикалық шаралардың сауатты арақатынасымен сипатталады, бұл үш маңызды бағыттарда көрініс табады: шаралардың уақтылылығы, әлеуметтік бағдарлануы және көрегендігі деп атап өтті.

Андрей Бузаров коронавирус инфекциясына қарсы күреске қарамастан, Қазақстан билігі экономикалық жағдай мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін реформалаудың одан арғы құралдарын алдын ала ойластыратынын айтты. Бұл ретте кейбір елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы қоғамның үкіметтің барлық тиісті іс-қимылдарына түсіністікпен қарау қарым-қатынасының жоғары деңгейі байқалады.


Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Алматының алғашқы күні. Фоторепортаж


Украина Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Геннадий Чижиков Қазақстан басшылығы қолданып отырған шаралар пандемияның салдарын адамдардың денсаулығы үшін ғана емес, экономиканың "денсаулығы" үшін де тоқтатуға қабілетті деп санайды. Әсіресе сарапшы коронавирус инфекциясымен күресуге жұмылдырылған мамандарға арналған әлеуметтік төлемдер мен жалақыны көбейту үшін қаржы секторын қолдауға бағытталған шараларды оң бағалады. Осыған байланысты тиісті тәжірибе осы ел үшін пайдалы болып табылады.

Қазақстандағы Covid-19 пандемиясына қарсы тұру бойынша іс-қимылдарды Азия даму банкі (АДБ) де атап өтті. Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовпен кездесу барысында АДБ президенті Масацугу Асакавы Үкімет пен жергілікті билік енгізген төтенше шаралардың шұғыл әрекет ету және нақты тұжырымдалған пакетін қоса алғанда, пандемияға қарсы күресте қолданылған шараларды жоғары бағалады.

Сыртқы сарапшылар вирустың таралуын тежеуге, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын сақтауға және экономиканы ынталандыруға бағытталған Қазақстан билігі іс-қимылдарының кешенділігі мен жүйелілігін жоғары бағалады.

Оқи отырыңыз: Covid-19: төтенше жағдай кезінде интернет тұтынушы үшін қауіп қандай?

Коронавирус салдары

Сарапшылар қауымдастығы тарапынан пандемия жағдайында қазақстандық билік қызметінің сыни бағаларын да байқап отыр. Мысалы, Ұлттық банктің экс-төрағасы Григорий Марченко бір ай ішінде 4 млн астам азаматтың жұмыссыз қалуы елдің ЖІӨ-сіне кері әсерін тигізеді деп санайды. Оның сөзінше, карантинде алкоголизмнен, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан және басқа да салдарлардан адамдардың өлім-жітім деңгейінің артуы, сондай-ақ басқа аурулармен ауыратын адамдардың білікті медициналық көмек алмауы секілді қатерлер бар.

Қысқа мерзімді перспективада Қазақстанның одан әрі дамуына қатысты да бір айқын болжамдар жоқ. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-сінің үштен бірінен астамын ұсынатын екі жетекші қала – Нұр-Сұлтан мен Алматыда ұзаққа созылған карантин елдің экономикалық қызметін "тежеуі мүмкін". Өңірлер бойынша коронавирус одан әрі таралған және сыртқы экономикалық орта нашарлаған жағдайда республиканың ЖІӨ биыл 0,8%-дан 3%-ға дейін қысқару ықтималы елдегі кедейлік деңгейін едәуір арттыруы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық 4 есе көбейген. Агрессорларды ашудан арылтудың жолы бар ма?

Қазақстанның қаңтар-сәуір айларында коронавирустың таралуына қарсы әрекеті пандемияның екінші толқынының басталу ықтималдығына қоғам неғұрлым дайын болады деп күтіледі.