Коронавирус Қазақстанда: оқиғалар хронологиясы. 28 наурыз
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы он бес күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
28 наурыз, он алтыншы күн
Сағат: 00.45. Қарағанды облысы әкімінің үндеуі
Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек 28 наурыздан бастап ауданы 2 мың шаршы метрден асатын барлық сауда орталықтары жабылатынын хабарлады. Бұл жерлердегі азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын нысандар жұмысына ғана тыйым салынбайды.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика
Сағат: 10.10. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Қазақстанда 41 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:
- 18 адам Нұр-Сұлтанда;
- 2 адам Алматыда;
- 2 адам Шығыс Қазақстан облысында;
- 2 адам Ақмола облысында;
- 1 адам Алматы облысында;
- 1 адам Қызылорда облысында;
- 1 адам Атырау облысында.
Сағат: 11.30. Алматы облысы әкімдігінің хабарламасы
Алматы облысында коронавирус жұқтырған екі адамның мәліметі белгілі болды. Олар:
- Қарасай ауданында тұратын 1995 жылғы әйел адам. Жүкті, 21-22 апта;
- 20 наурызда Оңтүстік Кореядан ұшып келген 1997 жылғы әйел адам. Жамбыл ауданының тұрғыны.
Оқи отырыңыз: Мейрамхана, сұлулық салоны, жаттығу залдары жабық. Карантин кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?
Сағат: 11.55. Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы
Қаладағы стационарлардан коронавирус жұқтырып, емделіп жазылған 10 адам үйіне шықты.
Сағат: 12.00. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Қазақстанда 11 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:
- 10 адам Нұр-Сұлтанда;
- 1 адам Алматыда.
Оқи отырыңыз: Коронавирус түрлі заттың бетінде қанша уақыт сақталады?
Сағат: 12.40. Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы
Қаладағы 3 медициналық мекеме карантинге жабылды. Олар:
- Нұр-Сұлтан әкімдігі көппрофильді медорталығындағы инфекциялық блок;
- Ұлттық кардиологиялық орталық;
- №1 көппрофильді қалалық ауруханадағы акушерлік блок.
Сағат: 12.45. ШҚО әкімінің үндеуі
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі адамның мәліметі белгілі болды. Олар – 21 наурызда Египеттен келген 1959 жылғы ерлі-зайыптылар.
Оқи отырыңыз: "Қол жуып, үйде отырғаннан да басқа мәселе бар". Маман пікірі
Сағат: 12.55. Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған бір адамның мәліметі белгілі болды. Ол – Оңтүстік Кореядан іссапардан оралған әйел адам. Қазіргі денсаулық жағдайы – орташа ауыр.
Сағат: 17.20. Polisia.kz сайтының хабарламасы
Төтенше жағдай режимі уақытында беташар өткізген Тараз қаласының тұрғыны 5 тәулікке қамаққа алынғаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары
Сағат: 20.30. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Қазақстанда 4 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:
- 3 адам Қарағанды облысында;
- 1 адам Атырау облысында.
Сағат: 21.50. Алматы әкімдігінің хабарламасы
Алматыда 12 жастағы оқушы қыз коронавирустан айығып, ауруханадан шықты.
Оқи отырыңыз: "Сақтаныңыздар, бұл – ойын емес!" Коронавирус тараған елдердегі қазақстандықтардың монологы
Сағат: 22.05. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы
Қазақстанда 20 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:
- 18 адам Нұр-Сұлтанда;
- 1 адам Алматыда;
- 1 адам Ақмола облысында.
Осымен 28 наурыз қорытындысы бойынша республикада вирус жұқтырғандар саны 228-ге жетті:
- Нұр-Сұлтан – 135;
- Алматы – 59;
- Ақмола облысы – 6:
- Алматы облысы – 4;
- Атырау облысы – 5;
- Қарағанды облысы – 7;
- Жамбыл облысы – 3;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2;
- Шымкент – 2;
- Ақтөбе облысы – 1;
- Қызылорда облысы – 1.
- Маңғыстау облысы – 1;
- Павлодар облысы – 1;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1;
Сағат: 22.05. Алматы әкімдігінің хабарламасы
Алматыда коронавирус жұқтырған екі ер адам жазылып, ауруханадан шықты. Қазақстан бойынша жазылғандардың жалпы саны – 18.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан аман қалуға болады. Ол үшін дәл қазір не істеу керек?
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.