Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй орталығы "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" және "Жұмыс істейтін жастар" санаттары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлады. Құжат қабылдау мерзімі:

  • Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 2-9 желтоқсан аралығы;
  • Жұмыс істейтін жастар – 1-6 желтоқсан аралығы.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары

Пәтердің жалпы саны – 309, оның ішінде:

  • 165 бір бөлмелі пәтер (34-36 шаршы метр);
  • 141 екі бөлмелі пәтер (48-51 шаршы метр);
  • 3 үш бөлмелі пәтер (68 шаршы метр) бар.

Пәтерлердің жалпы көлемінен 93 пәтер "жетім балалар" санатына беріледі.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық

Баспана сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Сізбен ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасуға болады.

"Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар ғана өтінім бере алады.

Тұрғынүйдің орналасқан жері: Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай Сарыбұлақ ағысының бойындағы Б-7 Лот.

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 мың мен 15 мың теңге аралығы.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:

  • жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
  • жасына байланысты зейнеткерлер;
  • жетім балалар;
  • қандас;
  • экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • толық емес отбасылар.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі

Құжаттар тек электронды түрде zhilfond.kz сайты ("Онлайн сервистер" – "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру" бөлімі) арқылы қабылданады.

Басты шарты: "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.

Іріктеу "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.

Өтініш беру үшін сізде:

  1. ЭЦҚ кілті;
  2. отбасы мүшелері балаларының туу туралы куәлігі/жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  3. мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда) болу керек.

Өтініштерді қарастыру нәтижесі zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Баспана нарығында басқа қандай жаңалық бар?

Жұмыс істейтін жастар

  • 2020 жылға арналған пәтерлер саны – 350;
  • Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
  • Тұрғын үй келесі мерзімге беріледі: 5 жыл, ұзарту құқығынсыз;
  • Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 мың – 15 мың теңге аралығы.

Құжаттарды қабылдау көрсетілген кезеңде тек электронды түрде QATYSU.ZHILFOND.KZ сайты арқылы жүргізіледі.

Тұрғынүйдің орналасқан жері: Қошқарбаев даңғылы мен Қордай және № 23-31 көшесі қиылысындағы аудан, Абылай хан даңғылы, Момышұлы мен Қошқарбаев даңғылының қиылысы;

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 мың мен 15 мың теңге аралығы.

Пәтер түрі: 31 – 47 шаршы метр аралығындағы 1 бөлмелі пәтерлер.

Шарттары:

  • 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;
  • аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;
  • Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;
  • өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
  • төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 111 120 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).

Оқи отырыңыз: 2020 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен кім үй ала алады?

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш берушінің ЭЦҚ кілті;
  2. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы, балалары болған жағдайда) жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;
  3. Дипломның сканерленген нұсқасы (жоғары білім туралы диплом, мектеп аттестаты, біліктілік, арнайы-техникалық білім туралы диплом – бар дипломдардың бірі);
  4. . Неке қию туралы куәліктің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  5. Балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  6. Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда жұбайы, балаларына да);
  7. Жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы (меншік нысанындағы мемлекеттік органдардың «ММ», «КММ», «РММ», «МКҚК», «РМҚК», «ШЖҚ МКК», «ШЖҚ РМК» қызметкерлерінде жұмыс орнынан мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі көрсетілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі анықтама болуы тиіс);
  8. Еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін БЖЗҚ зейнетақы аударымдары туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
  9. Зейнетақы аударымдары есептелмейтін әскери қызметшілерге жұмыс орнынан Сіз тұрғын үй төлемдерін алмайтындығыңыз туралы анықтаманы қоса беру қажет;
  10. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қызметтік тізімді ұсынуы қажет (болмаған жағдайда, ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың бірін ұсынуы қажет);
  11. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (карточкалық шот, ағымдағы, жинақ, дебеттік шот және т. б. – бар шоттардың бірі);
  12. Банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірменің сканерленген нұсқасы;
  13. Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттың сканерленген нұсқасы;
  14. Жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады;
  15. Егер Сіз еңбек демалысында немесе еңбекке уақыташа жарамсыз демалысында болып, Сіздің табысыңыз төмендеген болса, еңбек демалысы туралы бұйрығын немесе еңбекке уақыташа жарамсыз парағын қосымша ұсыну қажет.
  16. Егер Сіз ТЖ әрекетіне 42 500 теңге алған болсаңыз, Сізге осы жәрдемақы түскен картаның шотынан үзінді көшірмені тіркеу қажет (01.01.2020 – 05.12.2020 жылдар кезеңінде карта бойынша үзінді көшірме).

Қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі.

  • отбасының болуы үшін – 5 балл, Некенің әр жылы үшін – 2 балл;
  • баланың болуы үшін-1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;
  • бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін – 1 балл;
  • нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге – 10 балл (тізім zhilfond.kz сайтында жарияланған);
  • жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
  • өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;
  • екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл.