Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларына өзгертулер мен толықтырулар" енгізілді. Бұйрық кеше, 2021 жылдың 22 ақпанында күшіне енді.

Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақылар 

Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші ХҚКО немесе eGov порталы арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде құжаттарды бере отырып өтінішпен жүгінеді.

Жәрдемақыны проактивті қызмет арқылы (смартфон көмегімен SMS арқылы) тағайындаған кезде өтініш талап етілмейді. 

Өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген:

  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты;
  • баланың туу туралы куәлігі немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманың мәліметтері;
  • неке қию, некені бұзу туралы куәлігі;
  • балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтері;
  • тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау үшін:

  • баланың туу туралы куәлігі не туу туралы азаматтық хал актілер жазбасынан мәліметтерді қамтитын анықтама;
  • Қазақстаннан тыс жерлерде тіркелген неке қию туралы мәліметтерді қоспағанда, неке  қию, бұзу туралы куәлік;
  • балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
  • банк шотының нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат расталған кезде талап етілмейді.

"Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" мемлекеттік қызметі бала тууды тіркеген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "бір терезе" қағидатына сәйкес көрсетіледі.


Оқи отырыңыз: 2021 жылдан бастап зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер қаншаға өсті? Түсіндірме


Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы

Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы Мемлекеттік корпорация арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Жүгіну күні өтініш берген күн болып есептеледі. Жәрдемақыны проактивті қызмет арқылы тағайындаған кезде өтініш ұсыну талап етілмейді.

Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар, егер олар басқа ата-анасының отбасында ескерілмеген болса, жиынтық балалар ескеріледі. Бұл ретте отбасы құрамында өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығынан шектелген балалар есепке алынбайды.

Жәрдемақы тағайындау үшін өтінішке "Көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

Өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген:

  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • баланың туу туралы куәлігі немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерінің тіркеу туралы анықтама;
  • неке қию, некені бұзу туралы куәлік,
  • балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжаттың мәліметтері немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
  • тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

Ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат расталған кезде мәліметтер талап етілмейді.


Оқи отырыңыз: Мүгедек балаларды топқа бөлу, күтуші жәрдемақысы, баспана кезегі. Заң жобасын түсіндіреміз


Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы

Балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші өтінішпен тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жүгінеді. 

Балаға мүгедектік белгілеген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметі "бір терезе" қағидатына сәйкес көрсетіледі.

Жәрдемақы тағайындаудың проактивті қызметі

Өтініш беруші мұндай қызметті алу мүмкіндіктері туралы "электрондық үкімет" веб-порталында телефон нөмірін тіркеу арқылы E-макет автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен біледі. Сонымен қатар, қызмет тілін таңдай алады.

Қызмет алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін алғаннан кейін мобильді телефон арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. Проактивті қызмет арқылы жәрдемақылар тағайындауға өтініш жасалған күн жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күн болып есептеледі. Проактивті қызмет арқылы жәрдемақыларды тағайындау кезінде қажет мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу Е-макет автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі электрондық мәліметтерден тұратын электрондық өтінімді тіркейді. Электронды шешім жобасымен ЭІМ (электронды іс макеті) қалыптастырады және оны ЭЦҚ-мен куәландырады. Тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қажетті ЭІМ-де мәліметтер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала санына қарай жәрдемақы төлеу бала туу көрсеткішіне қалай әсер етті?


Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына SMS-хабарландыру арқылы жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешімді хабарлайды. Жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы SMS-хабарламалар журналда тіркеледі.

Порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Төлем қандай жағдайда тоқтатылады?

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіден және ақпараттық жүйелерден келесідей мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап төлемдерді тоқтата тұрады:

  • жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйым ұсынатын алушының банк шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;
  • алушылар қатарынан іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кетуі, іздеуде жүруі туралы;
  • жәрдемақыларды алушылардың және асырауындағылардың ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуі туралы;
  • шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі туралы;
  • жәрдемақы алушының немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуі туралы;
  • арнаулы әлеуметтік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, мүгедек баланың, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұруы туралы;
  • ҚР мемлекеттік наградаларынан айыру туралы;
  • жәрдемақы алушылардың және асырауындағылардың қайтыс болу дерегі туралы;
  • шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін ҚР азаматтығынан айырылу немесе шығу дерегі туралы;
  • күндізгі оқу орнында тиісті курста оқу дерегінің болмауы туралы.