Оларға заң бойынша қандай жұмыс кестесі белгіленеді, сондақ-ақ қандай әлеуметтік төлемдер төленетіні туралы төменде толығырақ айтып береміз.

№1. Жүктіліктің қандай мерзімінде жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шығара алмайды?

Жұмыс берушінің жүктілік мерзімі 12 аптадан асқан, үш жасқа дейінгі балалары бар, он төрт жасқа дейігі балаларды (не он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбилеп отырған жалғызбасты аналармен, анасыз қалған балаларды тәрбилеп отырғандармен еңбек шартын бұзуға құқығы жоқ.

Оқи отырыңыз: Декреттік демалыс пен төлемдер қалай есептеледі?

№2. Жүкті қызметкердің еңбек келісім-шартының мерзімі аяқталуға жақын. Әрі қарай не болады?

Егер әйел мұндай жағдайда жүктілігк мерзімі он екі апта және одан да жоғары екендігі туралы дәрігер қорытындысын ұсынса, жұмыс беруші жазбаша келісімі бойынша оның үш жасқа дейінгі бала күтімі демалысына дейін келісім-шарт мерзімін ұзартуға міндетті.

№3. Жүкті қызметкердің жеңіл жұмысқа құқы бар ма?

Иә. Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде орташа айлық ақысын сақтай отырып, оны қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторларға жол берілмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті. Басқа жұмыс ұсынылғанша жүкті қызметкердің орташа айлық ақысы сақталады, оған қоса өз міндеттерін атқарудан толықтай босатылады. Егер оған жұмыс беруші ұсынған жұмыс ұнамаса, жүктілік және бала туу демалысына дейін айлығы сақталмайтын демалыс алуға құқылы. Жүкті әйелдер үстеме жұмыстардан босатылады.

Оқи отырыңыз: Әкелер де декретке шыға алады. Қазақстанда соңғы бес жылда 40 мыңнан астам әке декретке шыққан

№4. Жұмыс беруші жүктіліктің қандай мерзімінде қызметкерге декреттік демалыс береді?

Әйелдерге өтініші бойынша және белгіленген тәртіпте берілген жұмысқа жарамсыздығы туралы парақ негізінде, егер өзге Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленбегенде, ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге босанғанға дейін және елу алты күн (күрделі босанғанда және екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс күн) босанғаннан кейін демалыстар беріледі.

№5. Баланың әкесі декреттік демалысқа шыға ала ма?

Иә. Жұмыс беруші ата-аналардың таңдауына сәйкес: анасына не әкесіне бала үш жасқа толғанша ақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

Оқи отырыңыз: 2019 жылы декреттік төлемдер мен жәрдемақылар көлемі қалай өзгереді?

№6. Қызметкер декреттік демалыстан жұмысқа қашан шыға алады?

Бала үш жасқа толғанша кез келген уақытта. Жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушіні жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ол туралы ескертуге міндетті.

№7. Егер декреттік демалыстан мерзімінен бұрын жұмысқа шықса, бала күтімі бойынша жәрдемақы сақтала ма?

Әрине. Бала бір жасқа толғанша жұмысшының жұмысқа шыққанына қарамастан жәрдемақы төленетін болады.

Оқи отырыңыз: Жұмыскердің құқығы: нені білу керек?

№8. Баласы үш жасқа толмастан жұмысқа шығып кеткен қызметкерге қандай жұмыс кестесі белгіленеді?

1,5 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (бала асырап алушыларға) баланы тамақтандыру үшін, жұмыстың әрбір үш сағатынан сиретпей ұзақтығы мынадай:

  • Бір баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде 30 минут;
  • Екі немесе одан көп баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын қосымша үзілістер беріледі.

Қызметкердің өтініші бойынша баланы тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады. Үзілістерді жинап, жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе аяғында алуға болады.

№9. Табысын жоғалту бойынша төлемдерді рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

Әлеуметтік төлемдер өтініш (электронды өтініш) және төмендегі құжаттар негізінде тағайындалады:

  • Жеке куәлік;
  • Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы;
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қосымша: мемлекеттік кірістер органдарымен берілген салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер бойынша салыстыру акті;
  • Банк шотының нөмірі.

Бала бір жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы үшін:

  • Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
  • Бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда – қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен берілген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме;
  • Баланың қайтыс болғандығы туралы куәлік немесе қайтыс болғаны туралы акт жазбасынан үзінді;
  • Банк шотының нөмірі.

Жоғарыдағы құжаттардан бөлек өтінішке мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер қоса жолданады:

  • Өтініш берушінің жеке куәлігі;
  • Тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
  • Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік.

Оқи отырыңыз: Бала бақшадағы тәрбиешілердің жалақысы қалай есептеледі. Өсе ме?

№10. Босануға және бала күтіміне байланысты берілетін төлемдерді рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

  • Өтініш берушінің жеке куәлігі, оралмандар үшін – оралман екенін растайтын куәлік;
  • Баланың (балалар) туу туралы куәлігі немесе туу туралы акт жазбасынан үзінді;
  • Неке қию (бұзу) туралы куәлік;
  • Бала асырап алғанын (қамқоршылыққа алғанын) растайтын құжат;
  • Банк шотының нөмірі.

№11. Жұмыс істейтін әйелдерге декретке шыққанда қандай төлемдер төленеді?

Әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады. Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады (ҚР Еңбек кодексінің 99 бабына, әр жұмыс істейтін әйелдің жүктілікке және босануға байланысты төленетін демалысқа және оны жүктілігі ішінде және босанғаннан кейін оны өз қалауынша пайдалануға құқығы бар). Сондықтан коэффициент 126/30 = 4,2-ге тең.

Бірақ, ядролық сынақтар әсеріне ұшырған аумақтарда тұратын әйелдердің қалыпты босану жағдайында 27-ші аптадан бастап ұзақтығы 170 күнтізбелік күн, босануы ауыр болған реттерде және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 184 күн жұмысқа қабілетсіздік парағы парағы беріледі, бұл, әрине, төлемдерге әсер етеді. Коэффициент 5,7 құрайды және 170/30 = 5,7 немесе 184/30 = 6,1 ретінде есептелетін болады.

Осылайша, төлем көлемін білу үшін өзіңіздің орташа айлық ақыңыздың көлемін коэффициентке көбейтпіп, одан 10% (міндетті зейнетақы жарналары) алып тастау керек. Алайда, есептеу кезінде 10 ең төменгі табыстан аспайтын кіріс қана есепке алынады. Яғни, әйелдің жалақысы көп болса да, ең жоғары төлем сомасы мынадай болады:

244 590 х 4,2 - 10% = 924 550 теңге.

*244 590 теңге – 2017 жылғы 10 ең төменгі жалақы.

Оқи отырыңыз: Жүктіліктің 12 аптасы несімен маңызды? 425 мыңды кім алады?

№12. Бала туғанға берілетін төлемдер көлемі қандай?

  • Бірінші, екінші және үшінші балаға – 86 222 теңге;
  • Төртінші балаға – 142 947 тенге.

№13. Бала күтіміне тағайындалатын жәрдемақы көлемі

Жәрдемақы бала бір жасқа толғанға дейін төленеді.

Бала бір жасқа толғанға дейін қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлемдер оның қайтыс болған мерзіміне дейін төленеді.

Жұмыс істейтін ер азаматтар мен әйелдерге ай сайын төленетін жәрдемақы көлемі айлығының 40%-на тең. Бұл ретте тағайындалатын жәрдемақы көлемі 10 ең төменгі жалақыдан аспауы тиіс, яғни 97 836 теңге (бұл сомадан және 10% міндетті зейнетақы жарнасын алып тастау керек).

Жүктілікке дейін жұмыс істемеген әйелдерге берілетін жәрдемақы көлемі төмендегідей:

  • Бірінші балаға 5,76 АЕК – 13 853 теңге;
  • Екінші балаға 6,81 АЕК – 16 378 теңге;
  • Үшінші балаға 7,85 АЕК – 18 879 теңге;
  • Төртінші және одан да көп балаға 8,9 АЕК – 21 405 теңге.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.