42 500 теңге әлеуметтік төлем алатындарға нұсқаулық. Өтініш бүгіннен бастап қабылданады
42 500 теңге әлеуметтік төлемін алудың жолын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың түсіндірмелерін негізге ала отырып баяндаймыз.
Ең бірінші кезекте шілде айы үшін әлеуметтік төлемді кімдер ала алатынын білу керек. Өйткені, төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алғандардың бәрі бірдей шілде айында табыссыз қалған жоқ.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Карантин режимі тағы екі аптаға созылады, мұқтаждарға 42 500 теңге төленеді
Сонымен, бұл жолы төлемді кімдер ала алады. Олар табысынан айырылған келесі санаттарға жататындар:
- жалдамалы жұмыскерлер;
- жеке кәсіпкерлер;
- азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша жұмыс істейтін азаматтар, яғни фрилансерлер;
- бейресми жұмыс істейтін азаматтар.
Шілде айындағы карантин шектеулеріне байланысты ақысыз демалысқа шыққан жалдамалы жұмыскерлер үшін өтінішті тек жұмыс беруші береді. Олардың өздері өтініш беру қажет емес.
Жеке кәсіпкерлер мен фирлансерлер өтінішті өздері береді. Бұл ретте олардан зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер жасағаны туралы растау талап етілмейді. Олардың жұмысы тоқтағаны не тоқтамағанын "Атамекен" ҰКП тексереді.
Бейресми жұмыс істейтін азаматтар да өтінішті өздері береді және оларға бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасау міндеттелмейді. Олардың 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу құқығын (зейнетақы не жәрдемақы алмайтынын) министрлік өкілдері тексереді.
Оқи отырыңыз: 42500 теңге. Шілде айында бұл әлеуметтік төлем кімдерге беріледі?
Кімдерге 42 500 теңге төлем берілмейді?
Олар – зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек немесе сақтандыру қорынан тиісті төлемдер алушылар. Олар бейресми жұмыс істеушілер қатарына жатпайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, төтенше жағдай кезінде БЖТ төлеген миллионнан астам адам бірінші рет бейресми жұмыс істегенін растаған. Олардың 70 мыңға жуығы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Тиісінше, олар жұмыспен қамту шараларына тартылғандықтан, 42 500 теңге төлем ала алмайды.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге. Төтенше жағдай кезіндегі бұл әлеуметтік төлем кімге және қалай беріледі?
Өтініш беру жолдары
Ең бірінші кезекте министрлік 42 500 теңге әлеуметтік төлемді проактивті түрде, яғни, өтініш берусіз тағайындау мәселесін қарастырған. Соған сәйкес, төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға "Сіз әлеуметтік төлем алған едіңіз, әлі табысыңыз жоқ па?" деген мазмұндағы SMS хабарлама жіберіледі. Егер шынымен табысы болмаса, онда "иә" деп жауап беру қажет. Оларға төлем тексерістен кейін автоматты түрде аударылады, яғни өтініш берудің қажеті жоқ.
Өзгелер үшін өтініш берудің ресми үш жолы бар. Олар:
- 42500enbek.kz;
- egov.kz;
- Telegram боттар (жалпы саны 18, оның толық тізімімен осы материалдан танысуға болады).
№1. 42500enbek.kz сайты
Өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- 42500.enbek.kz сайтына кіру;
- "42 500 жәрдемақы алу" қызметін таңдау;
- өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтыру;
- нысанды (форма) жіберу;
- Содан кейін жүйе телефон нөмірін сұрайды, соған сәйкес телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау.
№2. Egov.kz порталы
Өтініш беру үшін Egov.kz порталына кіру қажет. "42 500 жәрдемақы алу" қызметін таңдағаннан кейін жұмыс берушілер БСН, ал жұмысшылар ЖСН енгізуі керек. Өтініш қорытындысы порталдағы жеке кабинетке, сондай-ақ, SMS хабарлама түрінде мобильді телефонға жіберіледі.
Бұл ЭЦҚ кілті болмаған жағдайда да өтініш беруге болады. Ол үшін SMS хабарлама боп келетін бір реттік кілтсөзді енгізу қажеттігі туындайды.
№3. Telegram боттар
Жоғарыда жазғанымыздай, 18 Telegram бот жұмыс істейді. Олар:
- https://t.me/Help42500Bot.
- https://t.me/JambylObl42500Bot.
- https://t.me/Kostanai42500Bot.
- https://t.me/Karagandy42500Bot.
- https://t.me/Atyrau42500Bot.
- https://t.me/Turkistan42500Bot.
- https://t.me/Aqtobe42500Bot.
- https://t.me/Pavlodar42500Bot.
- https://t.me/Mangystau42500Bot.
- https://t.me/ZKO42500Bot.
- https://t.me/Qyzylorda42500Bot.
- https://t.me/SKO42500Bot.
- https://t.me/VKO42500Bot.
- https://t.me/NurSultan42500Bot.
- https://t.me/Shymkent42500Bot.
- https://t.me/Almaty42500Bot.
- https://t.me/AlmaObl42500Bot.
- https://t.me/Akmol42500Bot
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:
- "Өзін-өзі жұмыспен қамтушы" батырмасын басу;
- Өзінің ЖСН енгізу;
- Электронды пошта адресін енгізу;
- Телефон нөмірін енгізу;
- Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
- Өтінішті растау;
- Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
- сіздің өтінішіңіздің қабылданғандығы туралы;
- сіздің өтінішіңіздің тіркеу нөмірі;
- сіздің өтінішіңіздің өңделгені туралы жауап.
Өтініштер қай уақытқа дейін қабылданады?
Өтініштер 17 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Бұл ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел тұрғындарына келесідей өтініш жасады:
- Әлеуметтік төлем алуға бірнеше емес, бір ғана өтініш беру;
- Өтінішті аталған интернет ресурстардың тек біреуі арқылы ғана беру;
- Егер 42 500 теңге әлеуметтік төлемі берілмейтін санаттарға жататын болса, өтініш бермеу;
- Жалдамалы жұмыскерлер үшін жұмыс беруші өтініш беретіндіктен, өз бетінше өтініш бермеу.
Порталдар мен боттар қызметін бұл уақыт кезеңінде өте көп адам пайдаланатындықтан, әрбір артық әрекет олардың жұмысына салмақ түсіреді.
Өтініш статусын қалай тексеріп, бақылауға болады?
Өтініш қабылданған кезде ол туралы хабарлама келеді. Оның статусын сол сәттен бастап egov.kz порталындағы жеке кабинеттен бақылап отыруға болады.
Оқи отырыңыз: Telegram бот арқылы 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қалай алуға болады? Нұсқаулық
Маңызды төрт сұраққа жауап
Халық арасында әлеуметтік төлемге қатысты туындаған сұрақтар бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді. Informburo.kz солардың ішінде өтініш беру кезінде маңызға ие бірқатарын оқырман назарына ұсынады.
№1. Студенттер өтініш бере ала ма?
Олар арнайы санатқа кірмейді. Студент болғаны үшін арнайы 42 500 теңге төленбейді. Студент жалданып жұмыс істесе, алайда ақысыз демалысқа шықса жұмыс беруші өтініш береді. БЖТ-ны тұрақты төлеп жүрген кәсіпкердің жұмысы карантинде тоқтап қалса 42 500 теңге ала алады.
Осы күнге дейін еш жерге тіркелмеген және бейресми жұмыс істеп бір рет қана БЖТ төлеген студенттер 42 500 теңге ала алмайды. Жұмыспен қамту заңнамасы бойынша студенттер экономикалық белсенді халықтың қатарында емес. Олар заң бойынша жұмыссыз деп танылмайды және жұмыс күшіне жатпайтын азаматтар қатарына жатады.
№2. Декреттегі әйелдер әлеуметтік төлемге өтініш бере ала ма?
Декреттегі әйелдер баласы бір жасқа толғанша мемлекеттен немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алалды. Сондықтан бір жасқа толғанша 42 500 теңге алуға үміткер бола алмайды. Баласы бір жасқа толғаннан кейін әйел:
- жұмыс істеп жүріп, карантинге байланысты ақысыз демалысқа шықса;
- жеке кәсіпкер ретінде тұрақты түрде БЖТ төлесе, қазір жұмысы тоқтап қалса;
- ТЖ кезінде бір рет БЖТ төлеп, бейресми жұмыс істеп жүргендер осы жолы өтініш берсе және жұмыстары тоқтап қалса 42 500 теңге ала алады.
Оқи отырыңыз: 42 500, блок бекет, ПТР-тест. Карантиннің жаңа шараларына қатысты маңызды 7 сұраққа жауап
№3. Мүгедектер мен зейнеткерлер 42 500 теңге алуға өтініш бере ала ма?
Мемлекет тарапынан жәрдемақы алғанымен жұмыс істейтін азаматтар да бар. Қазақстанда 700 мыңға жуық мүгедек болса олардың 100 мыңы жұмыс істейді. Карантинге қатысты енгізілген шектеулер салдарынан жұмыстары тоқтап қалса не өздері, не жұмыс беруші өтішін беріп әлеуметтік төлем ала алады. Жұмыс істеп жүріп ақысыз демалысқа шыққан зейнеткерлер ақысыз демалысқа шықса немесе БЖТ тұрақты төлейтін жеке кәсіпкер болса 42 500 теңге алуға тапсыра алады.