Тікелей эфир

Тоқаев: Карантин режимі тағы екі аптаға созылады, мұқтаждарға 42 500 теңге төленеді

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантиннің шілде айының соңына дейін созылатынын мәлімдеді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", – деп хабарлады президент Twitter желісінде.

Мемлекет басшысы азір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалғанына тоқталды:

"Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді".

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 42500.enbek.kz сайтында өтініш беруге болады

"Азаматтардың назарын жеке қауіпсіздік шараларын, оның ішінде, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық пен тазалық сақтаудың аса маңызды екеніне аударамын. Егер мұны ұстанбасақ, пандемияға қарсы күресте оң нәтиже болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары