Абай Құнанбаев – ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Ол 1845 жылдың 10 тамызында Семей облысында Орта жүздің Тобықты руынан шыққан әйгілі Құнанбай қажының отбасында дүниеге келген. Абайдың шын есімі – Ибраһим.
Абай өлең жазуды 10 жасында бастаған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — "Қансонарда" 1882 жылы жазылған. Алайда ол жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қояды. Шығармалары үш жүйемен өрбиді:
Тарихи тұлға
Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген.
Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.