USD: 472.5 / 475.5
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.83 / 5.95
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Жазушылар одағының жанынан "Абайтану" орталығы ашылады

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Орталық Абай мұрасын шет елдерде танытуды көздейді.

Қазақстан Жазушылар одағының тарихи ғимаратында "Абайтану" орталығын ашылады. Бұл туралы Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов хабарлады. 

"Оның алғышарттары жасалып та қойды. "Абайтану орталығы" Абай шығармаларын терең ғылыми зерттеу және абайтану саласын дамыту; жазушылар, ғалымдар, жас зерттеушілер мен студенттерге арналған ғылыми-практикалық конференциялар, дәрістер мен семинарлар өткізу; Абай мұрасын заманауи форматта (цифрлық архив, аудио-видео жобалар, көрмелер) насихаттау; жастар арасында әдеби-танымдық жобалар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастыру; халықаралық ынтымақтастық аясында Абай мұрасын шет елдерде таныту және өзге де бағыттарда жұмыс жүргізуді көздеп отыр", – деді ол. 

Мереке Құлкеновтің айтуынша, қазіргі кезеңде руханиятқа салынған инвестиция – мемлекеттің ең ұзақ мерзімді әрі ең тиімді инвестициясы. 

"Себебі, экономика – байлық қалыптастырса, руханият – ұлттың рухани болмысын қалыптастырады. Ал болмысы берік ел ғана тұрақты дамып, жаһандану дәуірінде өзінің ұлттық келбетін сақтай алады", – деді одақ басшысы. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау