USD: 466.5 / 469.1
  • EUR: 537.0 / 542.0
  • RUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстанда Абай есімді 18 мыңнан астам адам тұрады: олардың арасында әйелдер де бар

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген.

Қазақстанда Абай есімді 18 763 адам тұрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай, бюро ақынның есіміне қатысты қызық статистикалық деректерді жариялады.

Абай есімді азаматтардың басым бөлігі Астана қаласында – 2 089 адам, Түркістан облысында – 2 018 адам, Алматы қаласында 1 719 адам тұрады.

"Статистика бойынша, Абай есімді ең егде тұрғын 1932 жылы дүниеге келген. Ал бұл есім ең көп таралған жас тобы – 30-34 жастағылар. Олардың саны 3 228 адамды құрайды. Осы жылдың алғашқы алты айында дүниеге келген 157 сәбиге Абай есімі берілген. Қызығы, Абай есімі қыз балаларға да қойылған. Қазақстанда бұл есімді 10 әйел тіркелген", – делінген хабарламада.

Ақынның шын аты Ибраһим болғаны белгілі. Қазір елімізде Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімді 35 404 адам бар.

Сонымен қатар Абайдың құрметіне Қазақстанда 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға ұлы ақынның есімі берілген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау