Мәселенің мәні. Мамандар әуе компаниясының қолданыстағы пайдаланушы сертификатын мұқият тексеру барысында ұшу жарамдылығына қатысты бірқатар талаптардың бұзылғанын анықтаған.
Біріншіден, әуе компаниясы ұшақтардың ұшуға жарамдылығын бақылауды толық және тиісті есепке алмаған. Бөлшектерді бір ұшақтан екіншісіне ауыстыру кезіндегі көрсеткіштер техникалық журналдардағы мәліметтерге сәйкес келмейді. Бұл Bek Air компаниясында бір ұшақтың құрамдас бөлшегін алып, оны басқа ұшаққа орнату үнемі қолданылатынын көрсетеді.
Тиісінше, әуе компаниясының қаржының жеткіліксіздігінен қосалқы бөлшектер алуға мүмкіндігі жоқ екені белгілі болған.
"Ұшақтың қозғалтқышынан сағат пен циклдарды бақылауға мүмкіндік беретін сериялық нөмірлердегі ақпаратты көрсететін деректер кестелері алынып тасталған. Бұл қозғалтқыштардың сәйкестендірілуі мен нақты қанша сағат жұмыс істегенін тексеруге мүмкіндік бермейді", – деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Тағы қандай ақаулар анықталды. Тексеру барысында әуе компаниясының бірнеше ұшағында проблемалы қозғалтқыш табылған. Бұл Bek Air ұшақтары қозғалтқыштарының сапасына күмән тудырады. Сонымен қатар, Fokker-100 ұшақтарының қозғалтқыштарын өндіруші Rolls Royce компаниясы осы ұшақтар Қазақстанда қолданысқа берілгеннен бастап, оларға аталған қозғалтқыштарды күрделі жөндеуден өткізу туралы ешқандай өтініш түспегенін хабарлаған.
Бұған қоса, Rolls Royce "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ға деректер кестелерін алуды талап ететін рәсімдер жоқ екенін және қолданыстағы ұшақтардың қозғалтқышына бұл әрекетті жасауға рұқсат бермейтінін мәлімдеген.
Оқи отырыңыз: Үкіметтік комиссия: Bek Air ұшағына мұз қатуы – оның апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы
"Алматы әуежайындағы бейнебақылау камераларында жазбаларды зерттеу барысында Bek Air әуе кемесінің ұшақтарын ұшуға дайындайтын экипаждың, әдетте, әуе кемесін пайдалану нұсқаулығында талап етілгендей, ұшақ қанатын айнала тексермейтіні анықталды" – делінген хабарламада.
Fokker-100 ұшағын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұшақтың қанаты әрбір ұшудың алдында тексерілуі тиіс.
Тексеру аяқталғасын не болады. Қазіргі уақытта Bek Air әуе компаниясын тексеру жұмыстары жалғасуда. Ол аяқталғаннан кейін компания 10 күн ішінде барлық бұзушылықтарды жою үшін "Қазақстан авиациялық әкімшілігі" АҚ-на жоспарын ұсынуы тиіс. Егер бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшу жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылып алынады.
Әзірге сертификаттардың қолданылуы белгісіз мерзімге тоқтатылған.
-
1✈️ Токаев поручил увеличить производство авиатоплива в Казахстане
-
3046
-
0
-
125
-
-
2По данным МЧС, толчки ощущались в Алматинской, Жетысуской и Жамбылской областях.
-
2642
-
1
-
170
-
-
3❗️ Землетрясение произошло в Алматы
-
2767
-
10
-
174
-
-
4⚡️ Алматинцы, кому пришло оповещение о землетрясении?
-
2797
-
27
-
107
-
-
5❗️Ещё 14 продуктов могут попасть в список социально значимых в Казахстане
-
2821
-
3
-
28
-
-
6🚫 Roblox заблокировали в России: регулятор заявил об угрозах для детей
-
2696
-
9
-
66
-
-
7🪿Массовая гибель птицы в селе Шаховское: ждать ли жителям компенсацию
-
2706
-
1
-
7
-
-
8🔖 Закон о запрете пропаганды ЛГБТ: сенаторы взяли время на доработку отдельных норм
-
2380
-
5
-
148
-
-
9🥩 В Астане 6–7 декабря проведут мясную ярмарку «Соғым-FEST»
-
2386
-
1
-
20
-
-
10🌡Прогноз погоды на 4 декабря: в Астане и 14 областях страны объявили штормовое предупреждение
-
2472
-
0
-
6
-
USD:
506.1 / 508.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63