Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай режиміне байланысты 2020 жылдың 15 ақпаннан кейін мүгедектігін қайта куәландыруы тиіс барлық азаматтың мүгедектік мерзімін автоматты түрде ұзартты. Осылайша төтенше жағдай кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар жәрдемақысын бұрын белгіленген топ бойынша ала береді.
Қайта куәландыру деген не?
Оңалту әлеуеті мен болжамын белгілей және ескере отырып, куәландырылатын адамға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізіледі. Заң бойынша мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі өткеннен кейін бір ай ішінде қайда куәландыруы тиіс. Алайда төтенше жағдай режиміне байланысты мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзарды.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы мен жәрдемақылар 10 пайызға индексацияланады. Президенттің дағдарысқа қарсы 8 тапсырмасы
Мүгедектік мынадай мерзімге беріледі:
- 16 жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және 16 жасқа толғанға дейін;
- 16 – 18 жас аралығындағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 18 жасқа толғанға дейін;
- 18 жастан асқандарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.
Еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен зейнетақы мөлшері өсті
Жәрдемақы қалай есептеледі?
Төтенше жағдай режимі аяқталғанша азаматтарға бұрын белгіленген мүгедектік тобы және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша жәрдемақы төленеді.
Биыл 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мүгедектікке берілетін жәрдемақы қайта есептелді.
Енді мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері:
- I топ – 62 723 теңге (бұрын – 59 872 теңге);
- II топ – 49 983 теңге (бұрын – 47 710 теңге);
- III топ – 33 975 теңге (бұрын – 32 431 теңге);
- 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар – 45 736 теңге (бұрын – 43 657 теңге);
- І топтағы бала кезінен мүмкіндігі шектеулі жандар – 62 723 теңге (бұрын – 59 872 теңге);
- ІІ топтағы бала кезінен мүмкіндігі шектеулі жандар – 51 943 теңге (бұрын – 49 581 теңге);
- ІІІ топтағы бала кезінен мүмкіндігі шектеулі жандар – 39 202 теңге (бұрын – 37 420 теңге).
Оқи отырыңыз: Зейнетақы қалай өседі? Еңбек министрлігінің есебі
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері:
- I және II топтағы мүгедектер – 4 140 теңге;
- III топтағы мүгедектер – 1 778 теңге;
- 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 2 667 теңге.
Мүгедекті күтушілерге берілетін жәрдемақы:
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы – 45 736 теңге (бұрын – 43 657 теңге);
- бала кезінен I топтағы мүмкіндігі шектеулі жанға күтім бойынша жәрдемақы – 45 736 теңге (бұрын – 43 657 теңге).
Жалпы алғанда, 22,8 мыңнан астам алушының жәрдемақысы артып отыр. Қайта есептеуді ескере отырып, жәрдемақыларды есептеу 2020 жылғы 17 сәуірге, яғни бүгінге жоспарланған.