Тікелей эфир

Қазақстанда АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен зейнетақы мөлшері өсті

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
1 сәуірден бастап АЕК 2 778 теңгені құрайды.

Қазақстанда АЕК мөлшері, күнкөріс деңгейі және ең төменгі зейнетақы мөлшері өсті. "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға түзетулер енгізілді", – деді Алматы қаласы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті бөлімінің басшысы Айдынжан Нарматов.

Бұл ақпарат Қаржы министрлігінде растады, тиісті құжат жақын арада жарияланады. Осылайша, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 17 641 теңге (жыл басынан бастап – 16 839 теңге);
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 40 441 теңге (жыл басынан бастап – 38 636 теңге);
  • ҚР заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін АЕК – 2 778 теңге (2020 жылдың басынан бастап – 2 651 теңге);
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – 32 668 теңге (2020 жылдың басынан бастап - 31 183 теңге).

Оқи отырыңыз: Зейнетақы мен жәрдемақылар 10 пайызға индексацияланады. Президенттің дағдарысқа қарсы 8 тапсырмасы

31 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен барлық мемлекеттік жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті қоса алғанда, жылдық мәнде 10%-ға индекстеуді тапсырды.

2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлердің нақтыланған болжамы бойынша Қазақстанда ЖІӨ-нің 0,9%-ға төмендеуі күтілуде. Жылдық инфляция 9-11% аралығында болуы мүмкін. Республикалық бюджеттің кірістері трансферттер есебінсіз 2020 жылы 6,4 трлн теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 1,7 трлн теңгеге кем. Республикалық бюджеттің шығыстары 14,3 трлн теңге көлемінде болжануда.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 42500.enbek.kz сайтында өтініш беруге болады

Мамыр айында қазақстандықтар 5%-ға жоғары зейнетақы мен жәрдемақы алады. Жыл басында зейнетақы 5% -ға өскен болатын, енді 1 сәуірден бастап тағы 5% қосылады. Нәтижесінде 10 пайызға көтеріледі. Айдынжан Нарматовтың айтуынша, мамыр айында қазақстандықтарға екі айға зейнетақы төлемдері төленеді.

"Осы айда автоматты түрде қайта есептеу жүргізіледі. Жәрдемақы және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтарға өтініш берудің қажеті жоқ. Жоғары зейнетақы мен жәрдемақыны мамыр айында алады. Сондай-ақ мамыр айында сәуір айындағы айырмашылық қоса төленеді", - деді ол.

Нарматов 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің және басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшері күнкөріс минимумы мен айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты өсе бастағанын түсіндірді.

Серіктестер жаңалықтары