Тікелей эфир

1 сәуірден бастап зейнетақы қалай өседі? Еңбек министрлігінің есебі

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Мамырда 2,2 миллионнан астам қазақстандық азамат зейнетақыны жаңаша есеппен алады.

2020 жылдың 1 сәуірінен жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері 2020 жылға дейін тағайындалғанымен қоса, биыл 1 қаңтар мен 31 наурызда бекітілген бөлігі 5 пайызға жоғарылады.

Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан инфляцияның болжамды деңгейі ескеріле отырып, базалық зейнетақыға 5 пайыз, ал жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне 7 пайыз (инфляция деңгейінен 2 пайызға артық) кезекті рет жыл сайынғы индексация жасалды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен зейнетақы мөлшері өсті

Мысалы:

  • ер адамға .2019 жылдың 18 қарашасынан бері 43 000 теңге ынтымақты зейнетақы тағайындалды делік. Оның зейнетақысы жыл сайынғы қайта есептеу аясында 2020 жылдың 1 қаңтарында 46 010 теңгені құрады. Енді 1 сәуірден бастап аталған ынтымақты зейнетақы 5% өсіп, 48 311 теңге болады (46 010+5%=48 311);
  • әйел адамға 2020 жылдың 12 наурызынан бері 52 000 теңге тағайындалды деп алайық. Енді 1 сәуірдегі 5% өсімді ескерсек, ынтымақты зейнетақы 54 600 теңгені құрайды (52 000+5%=54 600).

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне келер болсақ, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 4-бабына сай, 2020 жылдың 1 сәуірінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа сомасы бойынша пайыздық мөлшерде айқындалады.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы мен жәрдемақылар 10 пайызға индексацияланады. Президенттің дағдарысқа қарсы 8 тапсырмасы

Мысалы:

  • ер адамға.2019 20 желтоқсанынан бері 26 729 теңге немесе күнкөріс деңгейінен 90% базалық зейнетақы тағайындалды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан оның мөлшері, күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсімін назарға алсақ, 28 065 теңгені көрсетіп, енді 1 сәуірден бастап 29 402 теңгені құрайды. Айта кетсек 2020 жылдың 1 сәуірінен ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге болып бекітілді. (90%=29 402);

1 сәуірден бастап ең төменгі зейнетақы – 40 411 теңге. Мамырда 2,2 миллионнан астам зейнеткер көтерілген зейнетақы алады.

Мемлекет басшысының 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес, зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды жылдық тұрғыда 10 пайызға индекстеліп, биыл зейнетақы екі рет көтерілді. Жыл басында инфляцияның болжамды деңгейі ескеріле базалық зейнетақыға – 5 пайыз, ал жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне 7 пайыз (инфляция деңгейінен 2%-ға артық) кезекті рет жыл сайынғы индексация жасалды.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары