Тікелей эфир

7-20-25: қазақстандықтар өз мүмкіндіктерін онлайн тексере алады. Жаңалықтарға шолу

medaboutme.ru сайтынан алынып, иллюстрация жасалды
medaboutme.ru сайтынан алынып, иллюстрация жасалды
Жер шарындағы 7 миллиард адамға антибиотик әсер етпей қалуы мүмкін. Болашақ бағдарламасы бойынша Мәскеу физика-техникалық университетінде білім алуға болады.

Құрамында валсартаны бар дәрілер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін

Қазақстанда дәріханалардан құрамында валсартан атты белсенді зат бар "Вазар", "Нортиван" и "ВазарН" дәрілік препараттары сатудан алынып тасталады. Валсартанның белсенді емес субстанциясы бар дәрі-дәрмектер сатылымда қала береді.

Дәрілік заттарды сараптау орталығы аталған дәрілердің кері әсерін кешенді түрде зерттеп, қытайлық "Чжэцзян Хуахай Фармасьютикал Ко.Лтд" компаниясы шығаратын Валсартанның белсенді субстанциясында N-нитрозодиметиламин (NDMA) барын, оны күнделікті көп мөлшерде және ұзақ уақыт қабылдаған адамда онкологиялық ауру тудыратыны анықталған.

ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабековның сөзінше, ем ретінде осы препарат жазылған науқастар тез арада дәрігерге хабарласып, оны өзгесіне ауыстыруы керек.

Елімізде инфляция соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткішке дейін түсіп, 5,3%-ды құрады

2018 жылдың қазан айында инфляция мөлшері 0,4% болды. Бұл жоспардағы болжамдардан біршама төмен.

Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевтің мәліметінше, қазан айындағы инфляция деңгейі оның жылдық 5-7% көлемінің төменгі шегінде қалу мүмкіндігін арттырады.

Ескендір Сүлейменовтің ісі бойынша Малика Мұхитова екі жылға сотталды

Сот М.Мұхитованы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, қауіпсіздігі минималды түзету мекемесінде екі жылға бас бостандығынан, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды.

7-20-25: қазақстандықтар өз мүмкіндіктерін онлайн тексере алады

Бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банктер 35 миллиард теңгенің 2900 өтінімін мақұлдаған. Жақын арада "Баспана" АҚ базасында "Алдыңғы біліктілік" атты жоба іске қосылады. Ол бойынша қазақстандықтар 7-20-25 бағдарламасындағы өз мүмкіндіктерін онлайн режимде сынап көре алады.

Болашақ бағдарламасымен Мәскеу физика-техникалық университетінде білім алуларына болады

Тараптар осындай келісімге қол қойған. Осылайша ЖОО бітірген түлектер магистратурада немесе аспирантурада аталған оқу орнында білімін жалғастыра алады. Мәскеу физика-техникалық университетінің проректоры бұл оқу орнында оқитын студенттердің 15%-ы қазақстандықтар дейді.

Өңірлерде электрэнергия мен жылу тарифтері төмендеген

Ұлттық экономика министрлігі тарифтерді төмендету үшін заңнамаға өзгерістер әзірлеп жатыр. Комуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету туралы өткен аптада қауіпсіздік кеңесінің отырысында Президент тапсырма жүктеді. Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және БҚО мен ШҚО қазірдің өзінде 4,4 млрд теңгеге жылу бағасы төмендетілген.

Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақмола және ШҚО электрэнергияның тарифі 12 млрд теңгеге түскен.

Жер шарындағы 7 миллиард адамға антибиотик әсер етпей қалуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Олег Честнов осылай деп мәлімдеді.

Көп қолданудың кесірінен адам мен жануарлардағы микроағзалар антибиотиктерге төзімді болып барады. Болашақта балаларды қарапайым бронхит, пневмония сияқты дерттерден сақтап қалу қиын болады. Сол себепті антибиотиктерді орынсыз қолдануға қарсы күресте бәріміз бірігуіміз керек, – дейді ДСҰ өкілі.

Қызылорда облысының Қазалы – Сексеуіл темір жол учаскесінде жүк пойызының вагондары жолдан шығып кеткен

ҚТЖ үш жолаушылар пойызының кешігетінін хабарлады. Белгілісі кеше түнгі 23-05-те тежегіш магистраліндегі қысымның кенет азайып кетеді. Сондықтан машинист сағатына 73 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз тежегішін кенет басып қалуға мәжбүр болған. 45 вагонның 16-сы жолдан шығып кетеді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Апаттың салдары анықталып жатыр. Астана уақытымен таңғы сағат 5-51-де пойыз қозғалысы қалпына келді.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Sputniknews.kz: Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды. Сейсенбі, 13 қарашада Алматыда 91 жасқа қараған шағында Сара Ахметқызы Қонаева қайтыс болды. Марқұммен қоштасу 14 қарашада сағат 11.00-де Пушкин көшесі, 50 мекен-жайында өтеді.

Ktk.kz: Британияда баласына Гитлердің атын қойған ата-ана сотталды. Олар тыйым салынған "Ұлттық қимыл" тобына мүше болған. Томас пен Пататас үшінші рейхтің көшбасшысына деген сүйіспеншілігін білдіру үшін балаларына Адольф есімін берген. Нақты сот шешім 14 желтоқсанда қабылданады.

Серіктестер жаңалықтары