Тікелей эфир

Жалпыға бірдей декларация. ҚР Қаржы министрлігіне қандай қаржы мен мүлікті көрсету қажет?

Біз декларация туралы толық ақпарат бере отырып, оның ішінде нені көрсету міндетті, ал нені көрсету шарт емес екендігін айтамыз.

2020 жылдан бастап қазақстандықтар – 13 млн-ға жуық адам жеке табыс салығы мен мүлік декларациясын тапсыруы тиіс. Қазіргі таңда мұндай декларацияны тек депутаттар, мемлекеттік қызметшілер мен судьялар ғана тапсырып отыр.

2020 жылы өткізілетін әмбебап декларацияның (№250 есеп-қисап нысаны) нәтижелері бойынша салық органдары алғаш рет Қазақстанның барлық азаматтарының қаржылық жағдайы туралы ақпарат алады. Бұл бастапқы нүкте болады: 2021 жылы ақпарат 2020 жылмен салыстырылады.

Informburo.kz сізге айыппұл салынбауы үшін, жалпы декларацияны қалай дұрыс тапсыруға болады, қандай мүлікті құжаттарда көрсету қажет, фрилансерлердің өз кірістерін қалай көрсетуге болатынын айтатын болады.

№1. Міндетті түрде декларациялануға не тиіс?

  • Жылжымайтын мүлік – пәтерлер, үйлер, жер, ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысындағы үлес. Бұл шетелдік мүлікке де қатысты;
  • Жылжымалы мүлік – автомобильдер, мотоциклдер, яхталар, тікұшақтар, ұшақтар және басқа да көлік түрлері;
  • Депозиттердегі ақша, банктік шоттар, карталар, ақшалар. Үйде тек 5880 АЕК-тен (2019 жылы – 14,8 млн теңге) аспайтын мөлшерде қолма-қол ақшаны ұстауға рұқсат етіледі, бұл сомадан жоғары ақшаны депозитке салып және декларациялау қажет;
  • Акциялар;
  • Біреуден қарызға алынған немесе керісінше қарызға берілген қаражат. Егер бұл сома жиынтығы 5880 АЕК-тен астам болса.

№2. Салық төлеушінің өтініші бойынша нені декларациялауға болады?

  • Биологиялық активтер. Бұл – экзотикалық жануарлар болуы мүмкін, мысалы, крокодил немесе игуана. Бұл – жариялауға тұрарлық қымбат үй жануарлары (мысық пен иттердің кейбір тұқымдары, жылқылар). Сататын және табыс табуға болатын барлық нәрсе кіреді. Жануарлардың меншік құқығын растайтын ветеринариялық паспорт болуы шарт;
  • Қымбат тастар, металдар, зергерлік бұйымдар, өнер туындылары, антиквариат. Бұл картиналар, хиромандар, қымбат суреттер болуы мүмкін. Негізгі критерий – әр дананың құны 5880 АЕК-тен асуы тиіс. Егер бағасы туралы күмән туындаса, бағалаушыларға хабарласуға болады, себебі жалпыға бірдей декларация нысанында "Өзгелер" жолында осы заттардың нарықтық құнын көрсету қажет.
  • Ұлттық мұра объектілерінің тізіліміне енгізілген жағдайда мәдени құндылықтар;
  • Құнды сыйлықтар, соның ішінде ақша.

"Мысалы, сіз 500 мың теңге табыс тауып отырып, миллион теңгеге туристік билетті сатып аласыз. Шетелге сапарды оның отбасы туған күніне сыйлық ретінде төледі. Салық органдарының айырмашылықтың пайда болу себептерін түсіндіруі қажет болады. Есепте демалуға ақша – бұл сыйлық екенін көрсету керек", – деп, кәсіпкерлерге жәрдемдесу жөніндегі республикалық орталығының директоры Дмитрий Казанцев мысал келтірді.

№3. Декларациялауға не жатпайды?

  • Ипотекаға сатып алынған және кредитордан сатып алынбаған жылжымайтын мүлік;
  • Жалға алынған жер;
  • Жинақталған зейнетақы қаражаты;
  • Материалдық құндылық болып табылмайтын заттар.

№4. Жалпыға ортақ декларацияны кім тапсыруы керек?

  • Қазақстан Республикасының кәмелет жасқа толған барлық азаматы;
  • 1882 АЕК-тен асатын мүлкі немесе табысы бар кәмелетке толмағандар. Ата-аналар, қамқоршылар немесе басқа заңды өкілдер олар үшін есеп беруі керек;
  • Оралмандар;
  • Компанияларда үлестері бар, тіркелген мүлік немесе тұрғын үй құрылысы үлесі бар шетел азаматтары.
  • Тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар;

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Всеобщее декларирование. Какие суммы и какое имущество надо показать Минфину РК

№5. Декларацияны қашан тапсыру керек?

2020 жылы жарияланған декларацияны 15 маусымға дейін (департаменттерде, мемлекеттік кіріс бөлімдерінде), немесе 15 қыркүйекке дейін (2019 жылға арналған ақпарат) "Egov.kz" электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылуы тиіс.

2021 жылы жалақыны, зейнетақыны, шәкіртақыны алған және өткен жылы мүлікті сатып алмаған / сатпаған азаматтар қосымша құжаттарсыз қысқа мәлімдеме жасайды. Барлық басқа меншік пен актив иелері кеңейтілген есепті тіркемелермен бірге ұсынуы керек, олар жыл ішінде жасалған мәмілелерді егжей-тегжейлі сипаттайды. Осы схема бойынша жыл сайын декларацияларды беру жүзеге асырылады.

"Мен салық төлеушінің кабинеті немесе egov.kz арқылы электронды түрде есептерді ұсынуға кеңес беремін. Қағаздағы ақпарат кез келген адамның қолына түсуі мүмкін. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап форманы толтырған жөн. Егер, әдеттегідей, халық бәрін кейінге қалдырса, қыркүйекте қызмет көрсету қолданушылардың ағысымен қиындауы мүмкін және есепті қабылдамау қауіпі бар", – деп хабарлайды Дмитрий Казанцев.

№6. Декларацияда көрсетілген ақпаратқа кім қол жеткізеді?

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, декларациядан алынған ақпарат салықтық құпия болып табылады. Кәсіби немесе ресми қажеттіліксіз жариялау үшін азаматтық, тәртіптік, әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Қазақстанның кейбір азаматтарының қаржылық жағдайы туралы ақпарат жариялануы мүмкін. Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев 6 наурызда өткен баспасөз мәслихатында депутаттардың, мемлекеттік қызметкерлер мен судьялардың табыстары туралы ақпараттар 2020 жылы жариялануы мүмкін деп мәлімдеді.

"Бұл бірінші кезекте саяси категорияға жататын мемлекеттік қызметшілерге қатысты: А корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері, судьялар, Парламент депутаттары және квазимемлекеттік ұйымдар көшбасшылары және мемлекет үлесі бар ұйымдар", – дейді А.Мамаев.

№7. Есептердің шынайылығын қалай тексеруге болады?

Декларацияға сәйкес камералық бақылау орнатылған. Ақпараттың сәйкес келмеуі немесе берілмеуі, толық емес немесе дұрыс емес ақпарат беруі жағдайында адам заңбұзушылықты жою туралы хабарлама алады. Хабарлама сондай-ақ ескертпе жіберілді (мекен-жайы бойынша, салық төлеушінің кабинетінде, egov.kz хатында).

Табыс пен шығыс тек Қазақстанда ғана тексерілмейді. Шетелде қазақстандықтардың мүлкі туралы мәліметтерді ұсынатын жүздеген елдермен келісімдер жасалды.

№8. Есепті жібермегендерді қалай жазалайды?

Біріншіден, салық органдары жылжымайтын мүлік иесіне хабарлама жібереді. Алғаннан бастап 30 жұмыс күні ішінде заң бұзуды жою қажет. Олай болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 587-бабына сәйкес бес күннен кейін салық органдары адамның банктік шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата алады.

Декларацияны тапсырмаған және дұрыс толтырмаған кез-келген адам 2020 жылы тек ескерту алады. Егер, осындай заң бұзу келесі есепті кезеңде қайталанса, айыппұл төленеді. Соңғы деректерге сәйкес оның мөлшері 15 АЕК болуы мүмкін. Жалпыға бірдей декларацияға талап қою мерзімі – бес жыл. Бұл дегеніміз, мысалы, 2020 немесе 2021 жылдары декларация тапсырмағаны үшін заң бұзушыға 2025 жылы айыппұл салынуы мүмкін.

Егер адамның бір жылдағы табысы 2 миллион теңгені құраса, ол 5 миллионға (несие бойынша емес) автокөлік сатып алған болса, онда салық органына тағы 3 миллион теңге қайдан келгені сұрақ болып қалады. Олар үшін есеп беру керек. Егер бұл декларацияда анықталмаған сома болып шықса, онда салық төлеушіге жасырын ақшаның 10% тең сомаға айыппұл салынады.

№9. Фрилансерлер мен желілік бизнеспен айналысатындар табыстарын қалай декларациялау керек?

Мемлекеттік кіріс комитеті хабарлағандай, №200 есеп-қисап нысаны бойынша фрилансерлер өзінің барлық жылдық табысын дәл көрсету қажет. Бұл әрекеттерді әрине, өз еркімен көлеңкеден шығуды шешкен, карточкаға аудару арқылы сыйақы алатындардан күтеміз.

Банк карталарына ақша аударымын алатын желілер ЖК ашуы және ол бойынша декларацияда барлық кірістерді көрсетуі тиіс. Барлық түсімдерді салық қызметі қадағалайды.

Авторы Жанна Хабдулхабар.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары