Үздік стартаптарға 10 млн теңгеден беріледі. Инновациялық гранттар байқауының шарты қандай?

Байқау нәтижесінде 70-тен астам жобаға қаржылай қолдау көресетіледі.

QazInnovations АҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен стартап жобаларға инновациялық гранттар береді. Биыл гранттарды бөлу ережелері өзгерді. Бұрын грантты ірі компаниялар жеңіп алса, бүгінде конкурсқа инновациялық технология мен коммерциялық әлеуеті бар өнімді жасайтын шағын және орта бизнес компанияларының қатысуына рұқсат етіледі. Осы орайда Informburo.kz инновациялық гранттар конкурсына қалай қатысуға болатыны жөнінде сұрақтарға жауап беріп, ережені түсіндірді. 

№1. Грантқа кім үміткер бола алады?

Стартап:

  • шағын кәсіпкерлік субъектісі (жеке немесе заңды тұлға);
  • MVP, тәжірибе үлгісі бар болуы;
  • кемінде 3 білікті маманнан тұратын команда.

ИКТ, FinTech, Green Tech, Space Tech, Электроника, Индустрия 4.0, Жаңа материалдар, MedTech және BioTech, Робототехника, Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша стартаптарға қолдау көрсетіледі.

№2. Өтінімдер қай уақытқа дейін қабылданады?

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 1 ақпаннан 12 ақпан сағат 18.00-ге дейін жалғасады. 

Екінші байқауға өтінімдер 2021 жылғы 31 мамырдан 11 маусымға дейін қабылданады.

№3. Өтінім берушілерге қандай талаптар қойылады?

Бірінші кезеңде:

  • ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтің аяқталған нәтижелері, өнімнің тәжірибелік үлгісі немесе бастапқы конструкциясы (MVP);
  • кемінде үш білікті маманнан тұратын команда;
  • шағын кәсіпкерлік субъектісі болу.

Екінші кезеңде:

  • өнімнің дайын тәжірибелік үлгісі;
  • 7 адамнан аспайтын команда, оның ішінде жоба басшысы, бизнесте кемінде үш жылдық тәжірибесі бар коммерцияландыру жөніндегі маман, маркетингтік зерттеулер жүргізуге қабілетті маман, қаржыгер, жоба бойынша аясы тар мамандар);
  • product-market fit.

Үшінші кезеңде:

  • пайда немесе шығын есебі;
  • өнімді ілгерілетудің маркетингтік жоспары және клиенттердің сипаттамасы;
  • негізгі сату кезеңдері.

Оқи отырыңыз: Astana Hub – көп миллиардтық кезекті шығын ба, экономикалық өріс пе? Мұнда стартаптарға талап қандай?


№4. Грант сомасы қандай?

Бірінші кезеңде 10 млн теңгеге дейін, шекті игеру мерзімі – 3 ай.

Екінші және үшінші кезеңде 140 млн теңгеге дейін, максималды игеру мерзімі – 12 ай (2-кезең) және 9 ай (3-кезең).

Өтініш берушінің ортақ қаржыландыру сомасы жобаны жүзеге асыру сомасының 10%-ынан кем болмауы керек.

№5. Грант қандай шығындарды өтейді?

Бірінші кезеңде:

  • жоба командасының еңбекақы қоры, соған байланысты салықтарды қоса алғанда (грант сомасының 75%-ынан аспайды);
  • аутсорсинг (20%-дан аспайды);
  • офис немесе өндірістік үй-жайларды жалдау.

Екінші және үшінші кезеңде:

  • жоба командасының еңбекақы қоры, соған байланысты салықтарды қоса алғанда (грант сомасының 75%-ынан аспайды);
  • тасымалдауды, салық міндеттемелерін және кедендік баждарды қоса алғанда, қажет болған жағдайда одан әрі коммерцияландыру мақсатында өнімді немесе қызметті құру үшін қажетті лицензияларды, жабдықтарды сатып алу (30%-дан аспайды);
  • одан әрі коммерцияландыру мақсатында өнімді немесе қызметті құру үшін материалдар мен жинақтауыштарды сатып алу (15%-дан аспайды);
  • аутсорсинг (0%-дан аспайды);
  • мемлекеттік баждарды төлеу;
  • офис немесе өндірістік үй-жайларды жалдау;
  • іссапар шығыстары (10%-дан аспайды);
  • маркетинг шығындары;
  • жобаны ілгерілету бойынша шығыстар.

№6. Қанша жобаға қолдау көрсетіледі?

Бірінші конкурста 10 жобаға 10 млн теңгеден, бір жобаға 100 млн теңгеге дейін;

Екінші конкурста 50 жобаға 10 млн теңгеден, 10 жобаға 100 млн теңгеге дейін.

№7. Өтінім беру үшін қандай құжаттар қажет?

Бірінші кезеңде алдын ала өтінім берсе жеткілікті. Ол үшін мына сілтемеге өтіңіз. 

Кеңес өтінімдерді 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Қорытынды шыққан соң өтініш берушінің электронды мекенжайына толық өтінімді дайындау туралы хабарлама жіберіледі немесе өтінімнің қабылданбағаны туралы хабарланады. 


Оқи отырыңыз: Өз бизнесімді ашқым келеді. Кәсіпті көк тиынсыз қалай бастауға болады?


№8. Толық өтінім беру туралы хабарлама келсе не істеу керек?

10 жұмыс күні ішінде толық өтінімді мына сілтеме арқылы жіберу керек. Толық өтінімге: 

  • өтінім;
  • коммерцияландыру стратегиясы;
  • күнтізбелік жоспар жобасы;
  • шығындар сметасының жобасы;
  • бағдарламалық жасақтама әзірлеуге арналған техникалық сипаттама;
  • салық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер;
  • жарғының көшірмесі, өкілеттік беру туралы шешім (заңды тұлғалар үшін);
  • алдын ала шарт көшірмелері;
  • команданың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • сатып алынатын қызметтерге немесе жұмыстарға коммерциялық ұсыныстар кіреді.

Өтінім құжаттарының үлгісі сайтта орналасқан.

№9. Өтінімнің қай кезеңде тұрғанын қалай білуге болады?

Иә. Өтінім мәртебесін порталдағы жеке кабинеттен білуге болады. Ал өтінімдерді қараудың жалпы мерзімі – 45 жұмыс күні. Бірінші конкурстың нәтижесі – сәуірде, екінші конкурстың нәтижесі қыркүйекте шығады. 

№10. Өтінімдерді кім қарайды?

Құжаттарды қабылдау процесі толығымен автоматтандырылған. Сауалнамаларды қарау, шешім қабылдау, жобаларды сүйемелдеу және міндеттемелердің орындалуын қадағалауды комиссия емес, енді Кеңес – QazInnovations жанындағы алқалы орган жүргізеді. Кеңес құрамына инновациялық экожүйенің өзін дамытуға мүдделі коммерцияландыру және инвестициялау тәжірибесі бар тәуелсіз отандық сарапшылар кіреді.


Оқи отырыңыз: Кәсіп ашқыңыз келсе... Шағын несиеге қалай қол жеткізуге болады?


№11. Жобаның таныстырылымы өте ме?

Кеңес алдында командалар жобаларын ауызша (питчинг) қорғайды. Оның қорытындысы бойынша жобалар ұпаймен бағаланып, шешім қабылданады. Питчинг ұзақтығы – 15 мин.

№12. Гранттар қайтарылуы мүмкін бе?

Мемлекеттік ресурстарды жосықсыз пайдалануды болдырмау мақсатында грант алушылар тарапынан міндеттемелерді сапасыз немесе уақтылы орындамағаны үшін жауапкершілік – қаражатты кері қайтару және айыппұл  салу көзделеді.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары