Тікелей эфир

Баланың есімі мен тегін өзгерту үшін не істеу керек? Түсіндіреміз

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Кәмелеттік жасқа толмаған бала да өз еркімен есімін өзгертуге құқылы. Тек заңды өкілінің рұқсаты болуы керек.

Кейде белгілі бір себептерге байланысты баланың атын, әкесінің атын немесе тегін өзгерту қажеттілігі туындайды. Мысалы, әке-шешенің екеуі де тегін ауыстырып, баланың әкесі атын өзгерткен жағдайда. Қандай жағдайда баланың аты-жөнін өзгертуге болатынын және бұл үшін не істеу керектігін түсіндіреміз. 

"Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес, балаға есім ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің келісімі бойынша беріледі. 

№1. Балаға қосарланған есім беруге бола ма?

Балаға бөлек жазылған екі есім ғана беруге болады. Ал егер әкесінің есімі дәл осылай екі "сөзден" құралған болса, онда әкесінің бір есімі ғана жазылады немесе екі аты бірігіп жазылады. 

№2. Әкесі есімін өзгертсе, баласы да төлқұжатын ауыстыруы керек пе?

Әкесінің есімі өзгерген кезде кәмелеттік жасқа толмаған баласының әкесінің аты өзгереді. Егер бала кәмелеттік жасқа толған болса, онда өтініш білдірген жағдайда ғана өзгереді.

№3. Баланың тегі ата-анасының тегінен өзгеше болуы мүмкін бе?

Баланың тегі ата-анасының тектері әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуінің тегімен анықталады. Ата-анасының қалауымен баланың тегі ұлттық дәстүрді есепке ала отырып, әкесінің, сол сияқты анасының жағынан әкесінің немесе атасының есімінен құрастырылуы мүмкін.


Оқи отырыңыз: Аты-жөнді өзгерту не баланы атасының атына жаздыру үшін не істеу керек? Заңгер түсіндірді


№4. Егер баланың есімі немесе тегіне қатысты ерлі-зайыпты ортақ шешімге келе алмаса ше?

Баланың есімі мен/немесе тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған қарама-қайшылық сот тәртібінде шешіледі.

№5. Жалғызбасты ана туу туралы куәлікте баласының әкесі деген жерге не жазады?

Қандай да бір себеппен әйел жалғызбасты ана болса, баласының атын өзі қояды. Ал әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі – анасының тегі бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескеріліп баланың атасының аты бойынша беріледі.

№6. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың тегі қандай жағдайда өзгереді?

Баланың есімі мен тегінің өзгеруіне келетін болсақ, онда кәмелеттік жасқа толмаған баланың тегі ата-анасының екеуінің де тектерін ауыстырған жағдайында өзгереді.

№7. Тағы қандай жағдайда бала есімі мен тегін өзгерте алады?

Бала 16 жасқа толғанға дейін ата-анасының екі-жақты өтініші бойынша баланың есімін өзгертуге, сонымен қатар оған берілген текті өзге ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беріледі.


Оқи отырыңыз: Ата-аналар да баласынан алимент сұрауға құқылы. 2024 жылы алимент туралы не білу керек


№8. Ерлі-зайыпты ажырасқан жағдайда баланың тегі өзгере ме?

Айырылысу кезінде бала дүниеге келген кезінде иеленген текті сақтап қалады. Ереже бойынша ол әкесінің тегі. Сонымен қоса егер ата-анасы некені бұзу шарттарын рәсімдемей бөлек тұрған жағдайда және бала бірге тұратын ата-ана оған өз тегін бергісі келген жағдайда, бұл мәселе нотариалды ресімделген баланың қызығушылықтары мен өзге ата-ананың пікірін ескере отырып шешіледі. Өзге ата-ананың мекенжайын анықтау мүмкіндігі болмаған, оның ата-аналық құқығын шектеу немесе айыру, іс-әрекетке қабілетсіздік деп тану жағдайларында, сонымен қатар  баланы асырау мен тәрбиелеуден бас тартқан жағдайында оның пікірін ескеру міндетті емес.

№9. Жасөспірім ешбір себепсіз өзінің есімі мен тегін өзгерткісі келсе, бұл қалай жүзеге асады?

Он жасқа толған баланың атының немесе тегінің өзгеруі заңды өкілінің қатысуымен алынған оның келісімімен ғана жүзеге асады. 


Оқи отырыңыз: Ана мен балаға 2024 жылы берілетін жәрдемақылар: Қанша түрі бар және оларды қалай алуға болады


 

Серіктестер жаңалықтары