31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты Қазақстан халқына үндеуі жасады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Президент үндеуі
Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді.
Еліміздің аумағында он бір еңбекпен түзеу лагері болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қасірет мекені КАРЛАГ пен АЛЖИР-де тоталитарлық жүйенің шексіз қатігездігін үнемі еске салып тұратын тарихи мемориалды кешендер ашылды.
Зұлмат заманда тұтас халықтар қудалауға түсті. Туған жерінен зорлықпен көшірілген бес миллионға жуық адам қасиетті қазақ жерінен пана тапты. Қазақстан олардың құтты мекеніне айналды.
Оқи отырыңыз: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы заң жобасы әзірленеді
Ұлтымыз алапат аштықтың зардабын тартып, орны толмас шығынға ұшырады. Шектен шыққан ұжымдастыру науқаны Ұлы даланы бұрын-соңды болмаған ауқымды гуманитарлық апатқа ұрындырды. Халқымыз небір зобалаңды көрсе де рухын аласартқан жоқ. Бірлігін бекемдеп, ынтымағын арттыра түсті.
Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін біз арыстарымызды ақтауға кірістік. Кезінде жазықсыз жазаланған мыңдаған азаматтың есімін ел жадында жаңғырттық.
Былтыр қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы.
Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз. Тарихтан тағылым алып, мұндай тауқымет ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайтын боламыз.
Оқи отырыңыз:
- Айту да, есту де қиын. Зұлмат статистикасы мен деректер, ашаршылық нәубетінен аман қалғандардың естеліктері
- Депутат қуғын-сүргінді "Қанды террорға" теңеді. 31 мамыр күні экрандардан ойын-сауықты көрсетпеуді ұсынды
- Ашаршылық. Қырылған қазақтың саны қанша? Саяси баға қашан беріледі?
- Ашаршылықтың ащы сабақтары
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
447
-
0
-
5
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
422
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
398
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
406
-
0
-
2
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
387
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
406
-
0
-
2
-
-
7Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды
-
392
-
0
-
0
-
-
8Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз
-
364
-
0
-
1
-
-
9Қуантыров: бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек
-
347
-
0
-
0
-
-
10Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады
-
306
-
0
-
0
-