Жеке куәлікті қайта жасату үшін жақын жердегі "Халыққа қызмет көрсету орталығына" барып, өтініш білдіру қажет.

Қажетті құжаттар тізімін 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып білуге болады.

Жеке куәлік ұрланған жағдайда:

  • Аудандық полиция басқармасынан құжаттың ұрланғаны туралы анықтаманы;
  • Мемлекеттік баж салығы төленгені туралы құжатты;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса) тапсыру қажет.

Жеке куәлік жоғалған жағдайда:

  • Жеке куәлікті жоғалту мән-жайы көрсетілген жазбаша өтініш;
  • Мемлекеттік баж салығы төленгені туралы құжатты;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса) тапсыру қажет.
Мемлекеттік баж салығының мөлшері – 0,2 АЕК (530 теңге).
2020 жылы 1 АЕК = 2 651 теңге.
Мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатын азаматтар оны растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл санатқа:
  • Мүгедектер;
  • Мүгедек балаларды асыраушылар;
  • Алтын, күміс алқа иегерлері;
  • Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары не соған теңестірілгендер;
  • Жетімдер жатады.

Оқи отырыңыз: Жөтелді үй жағдайында қалай емдеуге болады?


Жеке куәлік дайын болғанға дейін уақытша куәлік беріледі. Ол 3 айға ғана жарамды. Ал жеке куәлікті қайта жасату 15 жұмыс күніне созылады. Өтініш берушінің қалауы бойынша жедел дайындауға да болады. Оның ұзақтығы:

  1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында – 1-3 жұмыс күні;
  2. Облыс орталықтарында – 3-5 жұмыс күні;
  3. Облыстардың аудандары мен қалаларында – 7 жұмыс күні.

10 күн мен 1 ай аралығында жеке куәліксіз жүрген адамға ескерту жасалады. Ал егер жеке куәліксіз 3 айға дейін жүріп қалсаңыз, онда 7 АЕК (18 557 теңге) төлеу міндеттеледі.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Facebook | Instagram | Telegram

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter