ПИН-кодтың бірнеше рет қате енгізілуі. Кей банкте банкоматта ПИН-кодты қате 3 рет, кейбірінде 5 рет енгізуге жол беріледі, бұдан кейін карта автоматты түрде бұғатталады.
Бұл жағдайда не істеу керек? ПИН-кодты енгізу есептегішін нөлге келтіру керек. Мұны мобильді банктік қосымшасында істеуге болады не банктің call-орталығына жүгіну қажет.
Оқи отырыңыз: Банк шотындағы қаржыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Банк үшін транзакцияның күмәнді болып көрінуі. Егер банктің пікірінше, операция күмәнді болып көрінсе, ол карта бойынша транзакциялардың жекелеген түрлеріне жүйелік шектеулер қояды. Нәтижесінде карта мен оған байланған банктік шот бұғатталады. Осыдан кейін банк клиентпен картаны шығару туралы шартта көрсетілген SMS, электрондық пошта немесе телефон нөмірі арқылы байланысады.
Бұл жағдайда не істеу керек? Күдікті транзакция және картаны бұғаттауға негіз болған жағдайда банк клиенттердің мүдделері мен қаражатын қорғау үшін картаны бұғаттайды. Егер қаржы институтының күмәні ақталса және шынымен де алаяқтар Сіздің шотыңыздан белгілі бір соманы шығарып алуға тырысса, онда бұғаттау операцияны тоқтатады. Бұл жағдайда банк картаны толығымен бұғаттайды, содан кейін оны қайта шығаруға тура келеді.
Назар аударыңыз! Сізге банктен карта бұғатталған және оны ашу үшін шұғыл түрде сілтеме бойынша өту керек деген хабарлама келуі мүмкін не өзін "банк қызметкерімін" деп таныстырып қоңырау шалуы мүмкін, ол алаяқтық шабуылдарға байланысты картаның бұғатталғаны туралы хабарлап және психологиялық қысым көрсете отырып, картаның артқы жағындағы үш таңбалы кодты, сондай-ақ, SMS арқылы келіп түскен кодты хабарлауға шақырады. Бұл – алаяқтардың әрекеті!
Оқи отырыңыз: Несие карталарын қалай таңдау керек: қазақстандық банктердің өнімдеріне шолу
Банк КЖ/ТҚҚ туралы заңды ықтимал бұзушылықтың белгілерін анықтауы. Бұл – "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" ҚР заңы. Банк операцияны күдікті деп есептеген жағдайда, атап айтқанда, операцияны орындау үшін пайдаланылған ақша қылмыстық жолмен алынған кіріс болып табылса немесе операцияның өзі терроризмді қаржыландыруға немесе басқа да қылмыстық қызметке бағытталған болса, картаны және шотты бұғаттайды.
Бұл жағдайда не істеу керек? Мән-жайды анықтау үшін банкке жүгіну қажет, кері жағдайда сіз КЖ/ТҚҚ туралы заңды бұзушы клиенттердің аталмыш "қара тізіміне" ілінесіз, яғни сізге тәуекелдердің шекті деңгейі тағайындалады. Банкке қандай төлемді және не үшін жасағаныңыз туралы түсіндірме ұсыну жеткілікті.
Материал FinGramota халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру ресурсының мәліметтері негізінде әзірленді.