Тікелей эфир

Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз? Психолог кеңестері

Психологтың айтуынша, 2 жастағы балаларға арналған ертегілер тым қысқа болуы керек.

Баланы кітап оқуға қалай баулуға болады? Гипербелсенді балаларға бір іспен тыңғылықты шұғылдануды үйретудің жолы қандай? Informburo.kz тілшісі психолог Гүлнұр Бекботаевамен сұхбаттасып, ата-аналарға пайдалы кеңестер сұрады.

– Бала қай уақытта кітап оқуға дайын болады? Оның бір жасы бар ма немесе баланың қай мінезіне не қылығына қарап, оның кітап оқуға дайын екенін білуге бола ма?

– Бала нақты мына уақытта кітап оқуға дайын болады деп айта алмаймыз. Әр баланың зейін, қабілеті әртүрлі. Ең алдымен, бала кітап оқуы үшін біз өзіміз кітап оқуымыз керек. Мысалы өзіміз күні бойы қарбаласта жүріп, баланы "кітап оқы" деп қинаймыз. Олай болмайды, баланы алдымен кітапқа қызықтыру керек. Мысалы, "Алдар көсе" туралы оқитын болсаңыз, алдымен оның мультфильмін көрсетіңіз. Одан кейін ғана кітапта осылай жазылыпты деп өзіңіз оқып беріңіз. Бала алдымен визуалды қабылдайды. Яғни, алқашқы кезде кітаптардың да суреті көбін, түрлі-түстісін таңдауға тырысқан жөн.

Мысалы, ертегілер әдеби тілде жазылады, ал оны балаға түсінікті тілде жеткізу керек. Бала қызыққан кезде өзі-ақ сұрайтын болады. Сосын балаға қысқа мәтіндегі кітаптарды беру керек.

Баланы кітапқа тартудың жолы – қызықтыра алу.

– Баланың ең бірінші кітабы қандай болуы керек? Мәтіні, суреті, суреттердің түсі қандай болғаны жөн?

– Мен өз тәжірибемде балаларыма 2-3 жастан бастап ертегі айтатынмын. Кейін ол ертегінің қызық жеріне келген кезде "Әріқарай өзің оқып көрші" дегендей тапсырмалармен баулыдым. Қазір кітапта таңдау көп, десе де баланың алғашқы кітабы – қысқа ертегілер болғаны жақсы. Суреттері әртүрлі түстен болғаны жақсы. Жануарлар, адамдардың бейнесін көрсетіп отырып айтсаң, бала тез ұғады. Кейіпкерлерін кезектесіп оқу арқылы да қызықтыруға болады.


Оқи отырыңыз: Нейропсихолог: Ертегі тыңдамаған баланың тілі кеш шығады, өзі жасқаншақ боп өседі


– Балаға кітап оқуды қалай үйретеміз? Қандай тәсілдері бар?

– Өзіңіз оқу керек. Сосын қызық жерінен өзіне беру керек. Баланың әңгімесін таң қалып тыңдау керек. Сосын бір кітапты оқып болған соң, одан сұраңыз, қызығушылық тудыру керек.

– Егер бала зейінін бір жерге жинақтап, ұзақ отыра алмайтын, қолды-аяққа тұрмайтын, гипербелсенді болса, оның зейінін, назарын бір жерге жинау үшін не істеу керек? Ата-анаға қандай пайдалы кеңестер ұсынасыз?

– Қазір шыдамсыз, бір жұмысты аяқтай алмайтын балалар көбейіп кетті. Мысалы, бір ертегіні толық бітірмейтін, ортасынан тұрып кететін, аяғына дейін тыңдап я оқып отыруға шыдай алмайтын балалар бар. Ертегілер де ұзақ болып кетеді. Негізі әр жасқа арналған уақыт болады. Бастауыш сыныпта сабақ уақыты да сол үшін 35 минут болады. Себебі, ары қарай бала отырмай кетеді, шыдамы жетпейді.

Мысалы, 2 жастағы балаларға арналған ертегілер тым қысқа болуы керек. Гипербелсенді балаға он минут сурет салғып, бес миунт бірге кітап оқып, бір сурет бойынша әңгіме құрауға, пазл құрастыруға болады. Бірақ пазл да көп емес, сегіз бөлшектен тұрса жеткілікті. 3-4, 5-6 жаста бұны көбейте береміз. Алдында сөйлемді екі-үш сөзден құрасақ, енді тағы біраз сөз қосып отырамыз. Сонда бала жайлап дамиды.


Оқи отырыңыз: Психолог Айғаным Қуатқызы: Іште бұққан жағымсыз сезім түбі баладан шығу жолын табады


Сосын ата-аналар өзі сабырлы, шыдамды боулы керек. Себебі барлық бала ата-ананың мінезін, жүріс-тұрысын қабылдап алады. Сондықтан ата-ана алдымен өзімізді-өзіміз шыдамдылыққа тәрбиелеуіміз керек. Өзіміз жұмыс-жұмыс деп, үйге тез кіріп, тез шығып, бір жұмыстан екінші жұмысқа жүгіріп жүрсек, соны көріп отырған бала қалай бір жерде отырады? Баламен көп айналысу керек, сөйлесу керек. "Қоя тұршы" деп, оны итеріп жіберетін болсаңыз, ол бір жұмысты аяқтай алмайтын, шыдамсыз, бір жерде тұра алмайтын балаға айналады. Біз шыдамды сөйлесуіміз керек, әңгімені аяқтауымыз керек. Бір тірлікті бастасақ, аяқтауды көрсетуіміз керек. Өзіміз кітап оқығанда соңына дейін жеткізуіміз керек. Бір жұмысты бастадық па, соңына дейін жеткізуіміз керек.

Балалар бізге қарап өседі. Бойына біздің барлық жақсы-жаман қасиеттерімізді сіңіріп алады.

Көшеде көлікте кетіп бара жатқанда да алдымен өзіміз шыдамсыздана бастаймыз. Оны көрген бала да бәрі тез болуы керек екен деп ойлайды.

Үйге берілген бір тапсырманы аяқтап бітірген соң ғана, үзіліс жасаған жөн. Бірақ оған уақыт керек. 3 жаста 15 минуттан бастайсыз. 4 жаста – 25 минут, 5 жаста 30 минут дегендей. Солай-солай баланы жайлап үйретесіз. Сонда бала  45-50 минут уақытқа шыдамдылық танытып, отыра алатын болады. Сосын баланы "осы бітірсең, сыйлығым бар" дегенде жігерлендіріп отырған да жөн.


Оқи отырыңыз: "Баланы балаға бақтырады". Қараусыз ұрпақ қауіпсіздігіне кім жауапты?


 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары