Тікелей эфир

Тарауық намазы "қызыл" аймақтағы өңірлерде оқылмайды. Ораза кезінде қандай діни рәсімдерге рұқсат?

Діни рәсімдерді өткізу талаптары жергілікті бас санитар дәрігердің шешіміне сәйкес өзгеруі мүмкін.

Эпидемиологиялық ахуалдың күшеюіне байланысты діни рәсімдерді өткізу "жасыл", "сары", "қызыл" аймақтарда жеке-жеке белгіленді. 

"Жасыл" аймақта келесі талаптар сақталады:

  • Намаз оқитын залдардың көлеміне қарай уақытымен залаласыздандыру жұмыстарын жүргізу;
  • Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық құралдар мен санитайзерлерді пайдалану;
  • Толтырылуы 30% бірақ 60 орыннан аспайтын жағдайлар сақталғанда ауызашар өткізу. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің №68 қаулысында қоғамдық тамақтану объектілерінде еске алуға рұқсат берілгеніне қарамастан, ауызашарды мүмкіндігінше отбасы ортасында өткізу;
  • Тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу:
  • Тарауық намазы рұқсат етілген мешіттерде Құран хатымды (1 парадан асырмай оқу) санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізу;
  • Мешіттерде намаз оқу (бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы) бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық сақталған және толтырылуы 30%-дан аспаған кезде жүзеге асырылады;
  • Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар намазды үйде оқу;
  • Мешітке маскамен кіруге ғана рұқсат етіледі;
  • Мешіт дәретханаларын қолдану барысында арақашықтықты және санитарлық талаптарды сақтай отырып, мүмкіндігінше тез дәрет алу.

Оқи отырыңыз: Қазақстан қалалары мен елді мекендері бойынша 2021 жылғы ораза кестесі


"Сары" аймақта мешіттерге қойылатын талаптар да осы іспеттес, бірақ айырмашылығы – ас беру, ауызашар беру рәсімдерін ауызашар қоржындарын мұқтаж жандарға жеткізіп беру арқылы ұйымдастырған дұрыс.

"Қызыл" аймақта тәртіп сәл қатаң, келесі талаптар сақталуы тиіс:

  • Бес уақыт намазды тек жекелеген түрде оқу, яғни жамағатпен оқымау;
  • Намаз оқушылардың арақашықтығы екі метр болып арнайы бекітілген орындарда оқу;
  • Намаз оқитын залдарда имамдар және намаз оқитындар міндетті түрде бетпердемен болу;
  • Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жетізіп беру арқылы ұйымдастыру, яғни бұл ауызашар ұйымдастырылмайды дегенді білдіреді;
  • Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар намазды үйде оқу;
  • Тауарық намазы оқылмайды;
  • Намаз оқып болған соң мүмкіндігінше мешіттен тезірек шығу.

Бұл талаптар жергілікті бас санитар дәрігердің шешіміне сәйкес өзгеруі мүмкін.

"Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болады. Ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Жасы алпыстан асқан аға-апаларымыз ауыз бекітпестен бұрын денсаулығына қарап, дәрігер кеңесін алғаны жөн. Балиғат жасқа жетпеген және егде адамдарға мешітке бармауын сұраймыз. Құран хатым жасау рәсімдері де қашықтан оқытылады", – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске сала кетсек, Қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады. Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түн – Қадір түні.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары