Қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.
Пандемия кезінде ораза ұстауды жоспарлап отырған азаматтар коронавирусқа қарсы вакцина алу жөнінде алаңдаулы. Осы орайда Informburo.kz сұрағына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Мұхаммедияр Бөлтірік жауап берді.
Егер белгілі бір зат ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылады. Инъекциялар мен коронавирус вакцинасын енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан Covid-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды. Сондай-ақ, дәрумендер мен қоректік қасиеті бар инъекцияларды қоспағанда емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілген.
Оқи отырыңыз: Шаш кесу, тырнақ бояу, тіс жұлдыру, екпе салдыру. Ораза ұстаушыға не рұқсат, неге тыйым салынған?
"Қазіргі заман ғалымдары инемен шаншу арқылы салынатын дәрілерді ас-су сияқты денеге азық, қуат болатын және емделу үшін (денеге күш-қуат, азық болмайтын) деп екіге бөліп қарастырады. Осыған орай, емделу және аурудың алдын алу мақсатында денеге (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) ине шаншып, ішке ас-судың орнын баспайтын, адамға күш-қуат бермейтін пенициллин, инсулин, екпе, коронавирустың вакцинасы секілді ауырсынуды басатын, денені мұздататын, дене қызуын кемітетін дәрілер мен дәрумендерді қолдану оразаны бұзбайды. Алайда, ораза кезінде инъекция егу қатты қажет болмаса, оны ауыз ашқаннан кейін немесе Рамазан айынан тыс күндерге қалдырған абзал", – деді Мұхаммедияр Бөлтірік.
ҚМДБ коронавирусқа қарсы вакциналардың халал не харам екенін анықтау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдаған. Алайда аталмыш хатқа берілген жауапта вакцинаның құрамы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Сондықтан ҚМДБ вакцинаның құрамы халал немесе харам екені туралы ешқандай да кепілдік бере алмайды. Себебі, басқармаға вакцинаны тексеру үшін сынама берілмеген.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
273
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
238
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
250
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
240
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
244
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
204
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
192
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
195
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
193
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
201
-
0
-
0
-