USD: 475.3 / 478.3
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Құрбан айт – 2026: Құрбандыққа қандай мал шалуға болмайды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Құран аятында құрбандыққа 4 мал түрі шалынатыны жазылған. Олар: түйе, сиыр және қой, ешкі.

Биыл Құрбан айт мерекесі 27 мамырда басталады. Ханафи мәзһабында Құрбан айт намазынан кейін 3 күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбан шалу – міндет. Қазақстанда qurban.muftyat.kz сайтында онлайн құрбан шалуға болады. .

Құрбандыққа таңдап алынған малдың сау, мінсіз болуы талап етіледі.

  • Біріншіден, бұл пенденің Жаратушы Иесіне деген жоғары деңгейдегі әдептілік қарым-қатынасын көрсетеді. Құрбандықтың еті де, қаны да Алла Тағалаға қажет еместігі, Оған тек пенденің тақуалығы ғана жетіп баратыны белгілі. Осы орайда пенде құрбандық үшін сау, айыпсыз малды іздеп табу арқылы тақуалыққа әрекет етеді.
  • Екіншіден, осы арқылы кедейлердің жабырқаңқы көңілдері көтеріледі. Оларға жарамсыз, кемшілігі бар малдың етін емес, ең әдемі малдың етін сыйға тарту жақсы іс саналады. Олар өздерін құрметті адам ретінде сезіне бастайды.

Сондықтан құрбандық дұрыс болу үшін бауыздалатын малға қатысты шариғатымызда бірқатар талаптар қойылады.

Қой, ешкі, ірі қара не түйе шалу

Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалғанда малдың еркегі де, ұрғашысы да жарайды. Еті көп, дәмі жақсы болғаны абзал.

Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады. Бір адам екі қой бауыздаса, екеуі де құрбандық болады және екі құрбандықтың сауабын алады. Ал түйе мен ірі қараны бір адамнан жеті адамға дейін шалуға болады. Бұған Жабирдің "Алла елшісімен бірге Худайбияда бір түйені жеті адамның атынан және бір қара малды жеті адамның атынан бауыздадық" деп айтқан сөзі дәлел. Мұнда жеті адамның да ниеті құрбандық шалу немесе етін садақа ету болу керек.

Құрбандыққа жылқы мен құсты шалуға болмайды. Аятта бекітілген қой ешкі, сиыр және түйеден өзге жылқы, тауық, қаз, үйрек және тағы басқа хайуандар – құрбандыққа жарамсыз.

Ақауы жоқ, мінсіз малды құрбандыққа шалу

Жоғарыда айтқандай, таңдап алған мал сау болуы керек. Мынандай ақауы бар малды құрбандыққа шалу дұрыс емес:

  • бір не екі көзі соқыр;
  • жүре алмайтындай ақсақ;
  • тым арық;
  • тістері жоқ;
  • бір немесе екі мүйізі түбінен сынған;
  • құлағы кесілген;
  • желіні кепкен;
  • лас нәрсемен қоректенген;
  • құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінен көбі кесілген.

Мұхаммед пайғамбар: "Төрт мал құрбандыққа жарамайды: қылилығы айқын, ауруы анық, ақсақтығы мәлім, жілік майы таусылған (тым арық) малдар", – деген.

Жүні қырқылған қойды құрбандыққа шалу және құрбандық үшін сатып алу мәкрух (ұнамсыз іс) болады.

Қой-ешкіде бір, сиырда екі емшегі кесілген болса құрбандыққа болмайды, бірақ баласын емізе алатын болса болады.

Мүйізі жоқ немесе мүйізі сынған, құлағы жарылған немесе тесілген малды құрбандыққа шалуға болады. Сонымен қатар піштірілген малды да құрбандыққа шалады. Ондай малдың еті мол әрі дәмі тәтті болады және ол айып болып есептелмейді.

Сатып алған құрбандық малы айыпты болып қалса, оны сау малға ауыстырады. Малды бауыздайтын кезде не бауыздау себебімен көзін шұқып алса немесе союға апара жатып аяғын сындырып алса, оның оқасы жоқ.

Белгілі жасқа жеткен малды құрбандыққа шалу

Қой мен ешкі бір жасқа жету керек. Үлкендігі бір жасар қойға ұқсас алты айға толған семіз әрі ірі қойды да құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Ал ірі қара екі жасқа, түйе бес жасқа толуы шарт.

Мұхаммед пайғамбар: "Мусиннадан басқасын соймаңдар. Сендерге қиындық туғанда ғана қойдың жазағасын сойыңдар", – деген. "Мусинна" деп бес жасар түйеге, екі жасар ірі қараға, бір жасар қойға айтылады. Әбу Ханифа "қойдың жазағасы – оның алты айлығы" деп түсіндіреді. 

Жабайы малды құрбандыққа шалуға болмайды

Киік секілді етін жеуге болатын жабайы жануарларды құрбандыққа шалуға болмайды. Жабайы өгіз (буйвол), жабайы түйе (лама) және жабайы қойды да құрбандыққа шалуға болмайды. Шағылысқан (будан) болса мәселен жабайы қошқармен үй қойы шағылысса, төлі құрбандыққа шалынады. Ал керісінше жағдайда яғни бір теке киікпен шағылысса, төлні құрбандыққа шалуға болмайды, өйткені үкім бойынша анасына қаралады. Анасы үй жануары болса құрбандыққа болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз