Тікелей эфир

Оралхан Бөкейге – 80 жыл. Қаламгер өмірі мен шығармашылығына арналған тест

Бүгін, 28 қыркүйек – Мұзтаудың мұзбалағы, өр Алтайдың кербұғысы атанған Оралхан Бөкейдің туған күні. Көзі тірі болғанда 80 жасқа келер еді.  

Жазушының "Атау-кере", "Қайдасың, қасқа құлыным?", "Өз отыңды өшірме", "Қар қызы" сынды шығармалары халыққа етене танымал. Замандасы Дулат Исабеков "Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер" десе, Шерхан Мұртаза "Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады" деп естелік жазған. 

Информбюро порталы саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен журналистикасына сарп еткен жазушы жайлы тест әзірледі. 

---Сауалнама---

Informburo.kz порталы әзірлеген өзге тапсырмаларды да орындап көріңіз:

Серіктестер жаңалықтары