
Театр репертуарында "Шәмші", "Абай-Тоғжан", "Chanel №5", "Махаббат бар ма?", "Үнсіздік", "Ғашық-жүрек" қойылымдары бар.
2020 жылы желтоқсанда Астанада Музыкалық жас көрермен театрының шымылдығы Мұхтар Әуезовтің "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасымен түсірді. Театр директоры Асхат Маемиров бар-жоғы екі жылда Самал Еслямова, Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген сынды танымал артистердің басын қосып, 16 спектакльді сахналады.
Осы орайда Информбюро порталы театрдың мамырдағы репертуарын ұсынады.
Мамыр репертуары
Ақпан айында театр қоржынына Дулат Исабековтің "Гауһартас" шығармасы желісінде қойылған музыкалық драмасы қосылды. Бұл қойылым көрермен көңілінен шыққаны соншалық, наурыз айында алты рет, сәуір айында жеті рет сахналанды. Әлеуметтік желіде тренд болған "Құдаша" әнінен кейін театрға іздеп келетіндер қарасы көбейді. Театр репертуарынан көбірек орын берілсе де, "Гауһартас" билеттері әп сәтте сатылып кетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мамырда "Гауһартас" тоғыз рет қойылады, бірақ қазірдің өзінде барлық билет сатылып кеткен. "Шәмші", "Абай-Тоғжан" спектакльдеріне де билет жоқ.

Спектакльдер сағат 13.30-да, 15.00-де және 19.00-де басталады.
Театр мекенжайы: Ж. Омаров көшесі, 47Б.
Билеттер ticketon.kz сайтында 900-2000 теңге аралығында сатылады.
Телефон: + 7 778 302 97 37, +7 778 302 97 44.
Театрдың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Марқакөл қорығында жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жетті 🌨
-
331
-
0
-
3
-
-
2🐥 Бидайық құсы араға 30 жыл салып Алматы қорығына қайта оралды
-
271
-
0
-
0
-
-
3👨💻 Қазақстанда IT қызметі көлемі өсіп келеді
-
304
-
0
-
0
-
-
4🌷 Ерекше құбылыс: Көкшетау паркінде сарғылт кестежусан бір жылда екі рет гүлдеді
-
308
-
0
-
4
-
-
5🚑 27 қыркүйекте астаналықтар балаларын Damubala.kz арқылы тегін үйірмеге тіркей алады
-
199
-
1
-
0
-