Ислам дінінде балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға бес уақыт намаз оқу парыз саналады. Осы орайда Информбюро порталы ҚМДБ жариялаған Ақтау бойынша маусым айына арналған намаз кестесін ұсынады.
Оқи отырыңыз: Таңсәрі, намаздыгер, алагеуім және іңір. Тәуліктегі уақыт атауларын білесіз бе?
Таң намазы екі рәкәт сүннет және екі рәкәт парыздан тұрады. Таң уақыты көкжиекте таң атқаннан бастап, күн шыққанда аяқталады. Таң әрі сәресін ішіп, ауыз бектітетін уақыт.
Күн – таң намазы уақытының соңы. Күннің жоғарғы үстіңгі шетінің көкжиек cызығынан шыға бастаған уақыты.
Бесін намазы төрт рәкәт сүннеттен, төрт рәкәт парыздан және екі рәкәт сүннеттен тұрады. Бесіну уақыты күн тас төбеден ауған кезден бастап, екінті намазының уақытына, яғни әр бір заттың көлеңкесі өз бойынан екi есе ұзарғанға дейiн жалғасады.
Екінті намазы төрт рәкәт парыздан тұрады. Екінті уақыты әр бір заттың көлеңкесі өз бойынан екi есе ұзарған уақыттан бастап, күн батқанға дейін жалғасады.
Ақшам намазы үш рәкәт парыз және екі рәкәт сүннеттен тұрады. Ақшам намазы күн батқан кезден басталып, көк жиектің қарайғаны, яғни қараңғы батқанға дейін жалғасады. Ақшам әрі ауыз ашатын уақыт.
Құптан намазы төрт рәкәт парыз және екі сүннеттен тұрады. Құптан Ақшам намазы уақытының шығуынан басталып, көк жиектің ағаруына дейін жалғасады.