"Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі" 12 наурызда жұмысын бастады.
9 сәуірде жапон Anime Manga Pioneer School компаниясының білікті мамандары "Манга өнері" тақырыбында шеберлік сағатын өткізеді. Сондай-ақ, келесі аптада Оңтүстік Кореяның Мультипликациялық фильмдерді насихаттау агенттігінің мықты аниматорлары (Korean Manhwa Contents Agency) "Мультипликатор мамандығының маңызы" тақырыбында мотивациялық сабақ өткізеді деп жоспарланған.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Оңтүстік Кореяның Мультипликациялық фильмдерді насихаттау агенттігі арасында осы анимациялық мектептің жұмысына байланысты онлайн кездесу өткізді. Жиынға қатысқан корей агенттігінің президенті Шин Джонг Чольдің айтуынша, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды анимацияға баулу Кореяда 10 жыл бұрын басталған. Бүгінде Кореяда осындай 11 әлеуметтік орталық жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз:
- "Әл-Фараби" анимациялық телехикаясы жарыққа шықты
- Balapan арнасы бетперделі қаһарман бейнесін жасады
"Курс басталғалы байқағанымыз – оқушылардың анимация саласын меңгеріп, үйренуге деген ынта-ықыласы зор. Балалардың ой-пікірін ашық білдіре алатын өжет, талапты, білімді әрі зерек екені тіпті қуантады", – дейді Balapan телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.
Телеарна жанындағы "Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі" алғашқы сабағын 12 наурызда бастады. Тұңғыш рет қолға алынып отырған бұл жобаның мақсаты: ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға мамандығына айналатын кәсіпті үйрету, әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-