USD: 469.1 / 471.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

"Әл-Фараби" анимациялық телехикаясы жарыққа шықты

2D форматта жасалған танымдық жобаның әр бөлімі 8 минуттан тұрады.

Balapan телеарнасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 10 бөлімді "Әл-Фараби" анимациялық телехикаясын жарыққа шығарды. 2D форматта жасалған танымдық жобаның әр бөлімі 8 минуттан тұрады.

Телехикаяның басты мақсаты – түркі елінен шыққан Әбу Насыр әл-Фарабидің тағылымды өмір жолын баяндау арқылы еліміздің бүлдіршіндері мен жастарын ғылым-білімге баулу.

"Ұсынып отырған жобамыздың тарих пен болашақ арасындағы алтын көпір боларына нық сенімдіміз. Себебі, Әбу Насыр Әл-Фараби – әлемдік ғылым мен білім тарихындағы ұлы тұлға. Осынау теңдессіз ғалымның өмірі мен ғылыми ізденістері жайында тұщымды дүние жасауды басты міндетіміз деп білеміз. Жобада Әл-Фарабидің ғылыми жетістіктерге оқу, ізденіс, еңбек пен даналықтың арқасында жеткені баяндалады. Мұндай көркемдік, концептуалды шешім экран алдындағы бүлдіршіндердің ізденіске, еңбек пен оқуға бет бұруына себепкер бола алады деген ойдамыз", – дейді арна директоры Мақпал Жұмабай.


Оқи отырыңыз: Balapan арнасы бетперделі қаһарман бейнесін жасады


Анимациялық телехикая әлемдік өркениет пен мәдениеттің ошағы болған ежелгі Тикаль, Афина, Бағдат, Каир, Шаңан, Фараб қалаларын таныстырудан басталады. Анимациялық телехикая Balapan телеарнасынан дүйсенбі-жұма күндері, сағат 20:10, 23:00-де көрсетіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз